Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:32, реферат

Описание работы

Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді.

Содержание

1.Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2. Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.
3. МҰНАЙ ӨНДІРІСІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ.
4.Мұнай және қоршаған орта немесе оны қорғау жөнінде шетелдік инвесторлар не дейді?
5.Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

Работа содержит 1 файл

экология.docx

— 47.69 Кб (Скачать)

Мұнай және газ министрлігінің стратегиялық жоспарымен екі шешуші бағыт анықталды:

I. Мұнайгаз саласының серпінді  дамуы 

 1. Көмірсутекті шикізаттың қорлары.

   Қазақстан Республикасында көмірсутекті шикізаттың жалпы барланған алынатын ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, соның ішінде8 млрд тонна Каспий теңізінің қазақстандық секторына (бұдан әрі – КТҚС) тиесілі. Мұнайдың расталған қорлары бойынша Қазақстан 15 жетекші елдердің санына кіреді. Қазақстан көмірсутекті шикізаттың маңызды қорларына ие – дүние жүзілік қорының - 3,3 %.Қазақстанның мұнайгаз саласының ресурстық әлеуетінің бұдан әрі өсуіне республикада жүргізіліп жатқан, Каспий және Арал теңіздері айдынындағы жер қойнауы учаскелерінің кең ауқымды зерттелуі ықпал ететін болады.2000 жылы каспий теңізінің солтүстігінде Қашаған кен орнының ашылуы әлем тәжірибесінде соңғы 30 жылдағы ең елеулі оқиға болып аталды.

   Мұнай мен газды іздеудің келешегі Каспий маңы ойпатының, Арал маңының зерттелмеген терең батырылған құрылымдарымен де, сонымен қатар Солтүстік, Орталық және Оңтүстік объектілеріндегі өңірлік сейсмикалық жұмыстарының анықталған нәтижелерімен де байланыстырылады. Қазақстанның жер қойнауы әлеуетінің бұрынғысынша жоғары болуына байланысты, көмірсутекті қорларды ұлғайтудың нақты болашағы жоғары. 

  2. Мұнай мен газды өндіру

    Мұнайгаз кешені мемлекеттің және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер етеді, мәні бойынша, мемлекеттің тұтас экономикасы үшін локомотив болып табылады, экономиканың басқа салаларының дамуына ықпал етеді. Мұнайгаз кешені кәсіпорындарының жұмысымен өңірлер мен тұтас мемлекеттің ауқымындағы неғұрлым елеулі әлеуметтік бағдарламаларды өмірде жүзеге асыру байланысты.

   Мұнайгаз кешеніндегі өзгерістер саланың, сонымен қатар өнеркәсіптің байланысты салаларының қызмет етуінің тиімділігін арттыруға бағытталған, бұл мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігінің бекуіне ықпал етуі тиіс, сонымен қатар кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін, қызмет пен өнімнің сапасының артуымен сүйемелденетін экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Мұнай мен газды қайта өңдеу

   2011 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 153 қаулысымен «Бензиннің, дизель отыны мен мазуттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті (бұдан әрі – Техрегламент) бекітілді, ол адамның өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында, автомобиль бензиніне, дизель отыны мен мазутқа қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

   Аталған қаулыға сәйкес Қазақстанның аумағында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2-экологиялық кезең стандарттарының талаптары енгізілді. Қазақстан Республикасында 3-экологиялық кезең мен 4-экологиялық кезең стандартарының талаптарын 2014 жылдың қаңтарынан және 2016 жылдың қаңтарынан бастап енгізу жоспарлануда.

  Аталған стандартты енгізу МӨЗ-дағы технологиялық қондырғылар мен жабдықтың моральді және физикалық тозуымен шартталған және мұнайды терең өңдеуді жүргізуге және соған сәйкес экологиялық кезең стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін өндірісіне мүмкіндік бермейді.

Дүниежүзілік талаптарға сәйкес өндірілетін  өнімнің соның ішінде жоғарыда көрсетілген  Техрегламенттің сапасын жақсарту мақсатында, отанды МӨЗ қолдағы мұнай  өңдеу қуаттылықтарын қайта жаңарту  мен модерлендіру жоспарлануда.

Отандық МӨЗ қайта жаңарту мен  модерлендіру келесі инвестициялық  жобаларды іске асыруды көздейді:

Атырау мұнай өңдеу зауытында (бұдан әрі – АМӨЗ):

ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумды блогын қайта жаңарту және АМӨЗ баяулап  кокстеуді орнату, вакуум блогын жылына 1800 тоннаға дейін жеткізу және жылына 1000 тоннаға дейінгі баяулап  кокстеуді орнату.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011 жыл.

Жылына 133 мың тоннаға дейінгі  бензолды, жылына 496 мың тонна –  параксилолды өндіріп және мұнай  өнімдерінің сапасын 3-экологиялық  кезеңге жеткізуге дейін жақсартып, хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешенді салу.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2013 жылдар.

Зауыт базасында мұнай өңдеуді  жылына 5500 мың тоннаға дейін жеткізіп және мұнай өнімдерінің сапасын  Еуро-4 стандартына дейін жақсартып, 84 % дейінгі тереңдікті өңдейтін мұнайды  тереңдеп өңдеу бойынша кешенді  салу.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2014 жылдар.

«Петро Қазақстан Ойл Продактс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі – ПҚОП):

Мұнайды өңдеуді жылына 6000 мың тоннаға  дейін жеткізіп, мұнайды тереңдеп өңдеуді 90 % арттырып, мұнай өнімдерінің  сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін  жақсартып зауытты қайта жаңарту  мен модерлендіру.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2014 жылдар.

Павлодар мұнайхимия зауытында (бұдан  әрі – ПМХЗ):

Мұнайды өңдеуді жылына 6000 мың тоннаға  дейін жеткізіп, мұнайды тереңдеп өңдеуді 90 % арттырып, мұнай өнімдерінің  сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін  жақсартып зауытты қайта жаңарту  мен модерлендіру.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2013 жылдар.

МӨЗ қайта жаңарту мен модерлендіруді 2015 жылы аяқтап, республиканың тұтынушыларын 3, 4 – экологиялық кезеңдердің  талаптарына сәйкес сапалы мұнай  және мұнайхимия өнімдерімен қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зыянды әсер етуді  азайту, республиканың автомобиль және авиациялық отынға деген мұқтажын қамтамасыз ету, МӨЗ мұнайды өңдеу жөніндегі  жиынтық қуатын жылына 17,5 млн. тоннаға  дейін жеткізу мүмкіндігін береді.

Республиканың мұнайгаз кешенімен  өндірілетін газ, негізінен серіктес болып табылады, сондықтан да оны  газ өңдейтін зауыттарда тауарлы  газға дейін өңдеу қажет. Республикада жылына жалпы өңдеу қуаттылығы 18,9 млрд. куб.м. дейінгі үш газ өңдейтін зауыттары (бұдан әрі – ГӨЗ) жұмыс  жасайды:

Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан  әрі – ҚазГӨЗ);

Теңгіз газ өңдеу зауыты (бұдан  әрі – ТГӨЗ);

Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан  әрі – ЖГӨЗ).

Газды өндіру көлемдері аз кен орындарында  газды тауарлы жағдайға дейін  жеткізу газды кешенді дайындау қондырғыларында (бұдан әрі –  ГКДҚ) жүргізіледі.

    Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі шараларды орындауы, қуаттылығы 256 МВт асатын 12 газдытурбиналы электр станцияларын (бұдан әрі – ГТЭС), газды кешенді кәдеге жарату жөніндегі 12 қондырғыны және 8 млрд. куб.м. газды өңдейтін және жылына 350 мың тоннадан асатын сұйытылған газды өңдейтін ГӨЗ-ден тұратын кәдеге жаратылатын газды қолдану жөніндегі жаңа инфрақұрылымды құруға ықпал етті.

   Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының елді-мекендерін газдандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға елеулі назар аударылуда. 2006-2009 жылдарда республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 15 млрд. аса теңге бөлінді. Қабылданған шаралар Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 80 аса елді-мекендерін, сонымен қатар Қызылорда қаласындағы 428 көпқабатты үй мен 4 мың жеке үйді табиғи газбен газдандыру мүмкіндігін берді.  
Қазіргі уақытта газ 14 облыстың 9-ына жеткізіледі.

  4. Мұнайгаз көлігі инфрақұрылымын дамыту

  Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін дамыту, мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

    Мұнайгаз ресурстарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан көлік шығасысын төмендету жағдайында, өткізудің неғұрлым тартымды нарықтарына қазақстандық көмірсутектерді тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газдың қуаттылығын және экспортының бағыттарын дамыту өндіру мен ішкі тұтынудың келешектегі көлемдеріне, транзитті елдермен ұзақ мерзімді келіссөздердің болуына, тұтынудың әлемдік нарықтағы сұранысы деңгейі мен жай-күйіне сәйкес келуі тиіс.

  Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспортты бағдарларын дамыту мен диверсификациялау мақсатында келесі жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде: КТК мұнай құбырларын кезеңді кеңейту, Баку-Тбилиси-Джейхан құбырына жалғасатын және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізушілік қабылетін арттырып, Қазақстандық Каспий Тасымалдау Жүйесін (ҚКТЖ) құру.  
   Мұнай мен газ конденсатын теңгерімді өндіру кезінде мұнай құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып, экспорт келесі негізгі бағыттар бойынша ұлғайтылады: КТК және Қазақстан-Қытай.  
  Республика бойынша газды тасымалдау мен транзиті негізгі магистралды газ құбырлары бойынша жүзеге асырылады – «Орта Азия - Орталық» (ортаазиялық газ), «Бухара газды өңірі – Ташкент – Бішкек – Алматы» (ортаазиялық газ), «Қазақстан-Қытай» (ортаазиялық газ) газ құбырының 1-учаскесі, «Оренбург – Новопсков» (ресейлік газ), «Бухара – Урал» (ресейлік газ).

Бейнеу-Шымкент газ құбырының  салынуы Қазақстанның энергетикалық  қауіпсіздігін арттыруға ықпал  ететін болады және мемлекеттің батыс  газ өндіретін өңірлерінен оңтүстік өңірлеріне газдың айдалуын қамтамасыз етуге, сол арқылы өзбек газының  жеткізілуі тәуелділігін азайтуға мүмкіндік  береді.

   Газ құбырының трассасы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен өтетін болады.

   Жобаны іске асыру Қызылорда облысының, тұрғындарының жалпы саны 2 млн. адамды және шамамен 400 елді-мекенді қамти отырып, Оңтүстік Қазақстанның, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстік аудандарын бұрын газдалмаған аумақтарын газдандыруды жалғастыру мүмкіндігінен байқалатын оң мультипликативті әсер береді. Бұл ауыл халқының тіршілік деңгейі сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жаңа объектілерін дамыту мен қазіргілерін модерлендіруге, шағын және орта бизнесті дамытуға күш береді және бұдан туындайтыны жаңа жұмыс орындарының құрылуы.

   Көмірсутектерді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізудің көпвекторлы қағидаттарына негізделіп, Қазақстан табиғи газдың тасымалы мен экспортты жеткізулері бойынша неғұрлым экономикалық тиімді бағдарларды дамытуға тырысады. Қазақстан-Қытай және Каспий маңы газ құбырын салудың жобасын іске асыру мемлекеттің транзитті және экспортты әлеуетін арттыру мүмкіндігін береді және соған сәйкес Қазақстанның экономикасының дамуына ықпал ететін болады. 
   II. Мұнайхимия өнімінің өндірісін қамтамасыз ету

   Көмірсутекті шикізатты өндірудің үлкен көлеміне қармастан, бүгінгі күні Қазақстанда қосылған құны жоғары өнімді ала отырып, көмірсутекті шикізатты терең өңдеудің толық технологиялық топтамасы жоқ.

   Көмірсутекті шикізатты өңдеу мұнай мен газды сүзумен шектеледі. Мемлекетте кеңестік уақытта салынған және заманауи талаптарға жауап бермейтін 3 мұнай өндіретін және 3 газ өндіретін зауыт жұмыс істейді.

   Осыған байланысты, көмірсутекті шикізатты (мұнай/газ) өңдеудің икемді, интегралданған және толық технологиялық сызбасын құруды қамтамасыз ететін, халықаралық деңгейге сәйкес жаңа инвестициялық жобаларды енгізудің кешенді бағдарламасы іске асырылады. Ол біруақытта бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

-мұнай өнімдерін үлкен көлемде және неғұрлым жоғары сапада өндіруге;

-құны қосылған және халықаралық нарықта қажет болып табылатын базалық мұнайхимия өнімдерін алуға;

-бұдан кейінгі шектер және қосылған құны жоғары мұнайхимиялық өнімнің кеңейтілген спектрінің өндірісі (құрылыстық, қаптау және қаптама материалдар, өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы тауарлар және т.б.) үшін мұнайхимиялық шикізатты өндіруге;

-көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеуді қамтамасыз ету;

-қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді азайту;

-мұнайхимиялық шикізаттан нақты өнімді өндіру жөніндегі шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау.

   Мұнайхимия өндірісін құру және МӨЗ модерлендіру мен технологиялық қайта жарақтандырудың инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустриаландыру картасына енгізілген.

Атырау облысында базалық мұнайхимия өнімін – этиленді, полиэтиленді және полипропиленді өндіру бойынша интегралданған газхимия кешені салынатын болады. Жобаны инвестициялаудың көлемі 954,0 млрд. теңгені құрайды.

  Атырау МӨЗ хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешенді салу басталды, қуаттылығы – жылына 133 мың тонна көлеміндегі бензолды, жылына 496 мың тонна паракмилолды. Жобаның құны – 166,5 млрд. теңге.

2010 жылы «Ақтаудың пластикалық  массалар зауытында жол битумы  өндірісі жөніндегі зауытты салу»  инвестициялық жобаны іске асыру  басталды, ол Қазақстанның климаттық  жағдайларына сәйкес келетін,  жылына 500 мың тоннадан кем емес  көлемде жол битумын өндіріп,  Қаражамбастың ауыр мұнайын терең  өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның  жалпы бюджеті – 43,5 млрд. теңге.  
   Барлық жоғарыда аталған жобалар мен жоспарланатын өндірістер келешекте экономиканың аралас салалары өсуінің мультипликативті әсерін қамтамасыз етеді. Экспорттан өзге, Қазақстанның нарығын әртүрлі сападағы мұнайхимиялық шикізатпен қамтамасыз етілетін болады, бұл отандық бизнестің пластамассадан, құрылыс материалдарынан, жеңілдетілген материалдардан жасалған көмекші өндірістік жабдықтан, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы тауарлардан әртүрлі өнімді шығару жөніндегі орта шағын бизнестің кәсіпорындары мен өндірісін құруларын белсендіруі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

 

«Экология және ӨТҚ» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

Тақырыбы: Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға ықпалы.

 

 

 

 

 

            Тексерген: аға оқытушы Қаратаева А.М.

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық проблемалар