Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:32, реферат

Описание работы

Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді.

Содержание

1.Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2. Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.
3. МҰНАЙ ӨНДІРІСІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ.
4.Мұнай және қоршаған орта немесе оны қорғау жөнінде шетелдік инвесторлар не дейді?
5.Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

Работа содержит 1 файл

экология.docx

— 47.69 Кб (Скачать)

Жоспар:

1.Қазақстандағы экологиялық проблемалар.

2. Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.

3. МҰНАЙ ӨНДІРІСІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ.

4.Мұнай және қоршаған орта немесе оны  қорғау жөнінде шетелдік инвесторлар не дейді?

5.Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. 
   Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. 
   Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. 
   Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. 
   Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. 
    Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. 
   Кейінгі кездерде  Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр. 
    Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері,  астрономиялық  цифрларға  жетіп  жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған. 
   Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай... 
    Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді. 
   Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.   
    Қоршаған   ортаның,    Республикамыздағы   халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.      
    Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. 
    Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. 
    Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан. 
    Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм   көріп  отыр.   Теңізбен   қоса,   Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. 
     Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет. 
    Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. 
    Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  осьінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.

   Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сактау технологиясын колданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және еңдейтін аудандарға жақын орналаскан елді мекендердегі адамдарды басқа жакка, яғни колайлы жерлерге кешіреді.

Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралык кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды  дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру кажет.

   Қаражамбастың мұнайы өте  ауыр, құрамында темір көп. Ал  Эмбі мұнайы керісінше жеңіл,  майлы болып келеді, көбінесе  зымырандардың отыны және майлағыш  май ретінде қолданылады. Өзен  мен Жетібай мұнайының құрамында  парафин көп. Ол бөлме температурасында  катады. Сондықтан оны тасымалдауда  арнайы жылытып тұратын құбыр  орнатылды. Оны күкірттісутектен  және күкірттен айырады. Қарашығанақ  пен Жаңажолдағы табиғи газдан  күкірттісутекті алғанда - конденсат  - бағалы химиялык шикізат алынады.

   Қазақстандағы ең бірінші  мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы  Қарашүңгілден игерілді. Ол жердегі  тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай  фонтаны атқылап, теулігіне25 тонна  мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды  арнайы қазылған шұңқырға жинаған.  Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу  зауытына жеткізу үшін алғашқы  кезде түйені пайдаланған. 1915 жылы  Қазақстандағы ең бірінші мұнай  құбыры Ракушечная айлағына дейін  салынды. Ол жерден мұнай баржаға  жүктеліп, Каспий теңізі одан  ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.

    Теңіз мүнай кен орны  дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай  қоры бар ауданға жатады. Кен  орнының ұзындығы 19 км, ені 21 құрамында  мұнайы бар тау жыныстарының  калыңдығы 1,6 км. Теңіз мұнай кен  орны 1979 жылы ашылды. Зерттелген  қоры 3 млрд тоннадан артық, оның  ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд  т, ұңғының орташа тереңдігі  5500-6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т  мұнай өндірді.

    Қашаған мұнай кенішінің  геологиялык қоры 4,8 млрд т. Кен  орнындағы қабаттың қысымы (820 бар)  өте жоғары. Сонымен бірге құрамында  ілеспе газ және күкірттісутек  бар. Мұнайды игеру 2010 жылы  басталмақ. Кенішті игеру 40 жылға  жоспарланды. 136 млрд АҚШ доллары  жұмсалатыны жөніндегі шартқа  кол қойылды. Оны «Солтүстік Каспий басқарушы компаниясы» (СКБК) консорциумы игереді. Бұл консорциумға: Қазмұнайгаз (Қазақстан), «Эксон-Мобил», «Шелл», «Эксон-Мобил», «Конокофиллипс»(АҚШ), «ЭНИ»(Италия), «Тоталь» (Франция), «Инпекс» (Жапония). * «Қазмұнайгаз» компаниясының үлесі - 16,81%.

Каспий теңізінің солтүстігінде  Қазакстанның тарихында бұрынсонды болмаған Солтүстік Каспий жобасы іске асырылуда. Негізгі мақсаты мұнай  және газ кеніштерін барлау және Қашағанды  игеру. Теңіз акваториясының барланатын ауданы 5600 км2. Ұңғыны бүрғылау жасанды аралдар арқылы іске аспақ. Мұнай және газ қабаты орналасқан тереңдік 4300 м.

   Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде. 

   Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай  өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік шыңдарына жетпек.                                                                                 

   Мұнай және  мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде  жинақталып, қоректік тізбек арқылы жануарлармен  адам  ақзаларына  түседі, ауданның экологиялық  жүйе жағдайына және  тұрғындардың  денсаулығына әсер етуде. 

Мұнай өндірісі: Қазақстан мұнай мен табиғи газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы Қарашұңқыр барлау алаңында атқылады, кейін 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас, Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз,  1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері іске қосылды.     

1965 жылға дейін бізде мұнай  тек қана Ембі бассейінінен  алынып отырған. 1965 жылдан бастап  Маңғыстау кен орны елімізді  мұнаймен қамтамасыз етіп отырған.  Соңғы жылдары қазақ жерінде  көптеген мұнай мен газға бай  орындар ашылған. Қазір істеп  жатқан мұнай – газы бар  ірі кен орындар – Теңіз,  Қарашығанақ т.б. осы Каспий  ойпатындағы кен орындары мен  Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі)  мұнайдың қоры 7млрд. шамасында. Тек  Қарашығанақ (1979жылы ашылған, 450 км жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 триллион м3 табиғи газ, 644млн.газ конденсаты, 189млн. тонна мұнай бар.

    Мұнайдың табиғатқа әкелетін зардаптары:Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін  зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

   Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі.

    Мұнай өңдейтін және мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар.

   Адам табиғатты бүлдіруі туралы сөз еткенде ең алдымен мұнай – газ кешені кәсіпорындарын ауызға аламыз. Олар ауаға зиянды газдардың 90% таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар көлемінің үштен екі бөлігінен астамы солардың үлесіне тиеді. Ал олардың бейтараптану дәрежесі бір пайыздың ширегіне де жетпейді.

Жеріміздің мұнай өнімдерімен  ластануы да халықты қатты алаңдатып  отыр. Технологиялық, авариялық және басқа атаулыларды тағынған ондаған  жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай  коллекторларының жарылып, істен шығуы  да бізде жиі болып тұрады. Мұнай  мен газға жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының да қоршаған ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық. Мұнда  жердің беткі қабаты бұзылады, жер  асты сулар ластанады. Ал скважиналарды  сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында жер улы компоненттермен  зақымданады. Табиғатта барынша  аз салмақ келтіретін іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы жоқ емес, бар. Скважиналарды тұрғызу жобаларында  қоршаған ортаны қорғау мақсатында ең жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы қарастырылған.

    Қоршаған ортаға кең көлемде және ұзақ мерзімде әсер ететін мұнай – газ кешенінің негізгі кәсіпорны – Теңіз. Осы Теңізді игеру кезінде атқаратын жұмысқа 2 млрд. доллор жұмсалған. Жобалар мен техникалық шешімдер кешенді іске қосуды қиындатты және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келмеді. Ақыры айтарлықтай дәрежеде қайта жұмыс жасау керек болды. Экологиялық жағынан тереңірек қарастырылған өте күрделі және қиыншылықпен шешіледі.

Кеніштегі экологиялық қауіптің жоғары екендігі мұнда сирек кездесетін біраз факторларға ұштасып жатқандығынан. Бұл факторлардың әрқайсысы дерлік скважиналарды бұрғылау жұмысы мен  оларды пайдалану жағдайын жай қиындатып  қана қоймай, апат ақуалының туып кетуіне  де итермелейді. Ал кеніш қабаттарындағы күкіртті сутегінің өте жоғары болуынан мұнай апатының аса қауіпті сипат  алуы әбден мүмкін. Сондықтан кенішті  игеру мен пайдалану стратегиясын мүмкіндігінше эклогиялық проблемаларды  ескере отырып таңдау қажет. Жалпы алып қарағанда жылына 30 млн. тонна мөлшерінде, мұнай өндіру тым қауіпті. Өйткені  коллекторлардың барлық түрлері  дерлік бір қалыпты байланыста болғанның  өзінде таяудағы жылдар ішінде кейбір скважиналардың істен шығып қалуы  да ықтимал.

   Мұнай және қоршаған орта немесе оны  қорғау жөнінде шетелдік инвесторлар не дейді?

 
 
           
             

 

Каспий теңізінің Қазақстан  аймағына бұрғы салу, оның мұнайын  ала бастау, яғни «Қашаған жобасы»  аталатын көлемді жұмыс, ол баста  келісілген жоспар бойынша жүзеге асатын мерзім болса да, жыл сайын кейінге  шегерілумен келеді. Соңғы айтылған мерзім биылғы жылдың соңғы айлары деп белгіленсе де, ондағы негізгі  жұмыстар әлі бітер емес. Дейтұрғанмен ауқымды жұмыстар басталатын күн  біртіндеп таяп келе жатқандығы байқалады. Соған орай Қашаған жобасының  Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК компаниясы) Атырау қаласында  қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты  болашақтағы өз саясаттары жайында, яғни Солтүстік Каспий жобасы шеңберіндегі 2013 жылы атқарылатын қоршаған ортаны қорғауға арналаған іс-шаралары жайында  қоғамдық тыңдау ұйымдастырды. Бұған  дейін дәл осындай тыңдау Ақтау  қаласында да өткізілген еді.

 

     Қоғамдық тыңдауға НКОК компаниясы, Аджип ҚКО және НКПОК агент компанияларының қызметкер-лерімен қатар, облыс тұрғындары және БАҚ өкілдері де қатынасып, көкейде жүрген көптеген ой-пікірлерін ортаға салып, білгісі келген біраз сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Қоғамдық тыңдауды кіріспе сөз-бен  ашып сөз сөйлеген Атырау облыстық әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  бастығы Ерболат Омаров бұл бағытта  оларда жасақталған арнайы жоспардың  бекітілгенін тарқатып айтса, осы тыңдауға төрағалық еткен Жайық-Каспий Орхус  орталығының директоры Шынар  Ізтілеуова бұл шараның мән-мағынасын  кеңінен айтып, түсіндіре отырып, қоғамдық тыңдауды жүргізіп отырды.

    Қоғамдық тыңдаудың алғашқы сөзін Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім шеңберіндегі Оператор-НКОК ком-паниясының денсаулық сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша бас менеджері Роберт Херст алып, өз компаниясының міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтындығын және өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының заң-дары мен заңнамаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізетіндіктеріне кеңінен тоқтала келіп былай деді:

— Табиғатты қорғау саласындағы  өз қызметімізде біз жыл сайын  ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бекітіп берген іс-шараларының жоспарын басшы-лыққа аламыз. Компаниямыз  өз жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаға, соның ішінде теңіздегі және жер үстіндегі нысандарға, өнеркәсіптегі  құбырларға және жерүсті экспорттық құбырларға тиетін әсерлерді бағалау  үшін бірқа-тар қазақстандық компанияларды  тартқан болатынбыз. Біз осыған дейін  қол жеткізген нәтижелерге талдау жасай отырып, 2013 жылғы Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарына  бірқатар шараларды, атап айтқанда, өндіріс  пен тұтынау қалдықтарын тазарту, жағалау және су экожүйелерін кері әсерлерден қорғау, мұнайдың апаттық  төгілімдерін жою, итбалық өсімі  мен жабайы табиғатқа мониторинг жүргізу, теңіз бен құрлықтағы жыл  сайынғы зерттеулерді, ғылыми-зерттеулерді, талдаулар мен өзге де жұмыстарды енгізіп отыр.

     Өткен жылғы табиғат қорғау са-ласындағы үлкен шараның бірі Болашақ МГКДҚ (мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы) мен Атырау облысындағы «Самал» вахталық поселкесі арасында орман қорғау алқабына ағаштар мен жасыл желек алқабын егіп отырғызу болатын. Бұл жоба бойынша ағаш отырғызудың қазіргі заманғы технологиялары мен жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін орнаттық. Суаруға булағыш тоғандарындағы тазартылған су пайдаланылады. Сондықтан да дренаж жүйесі жер асты суларына әсер етпейтіндей етіп жобаланды. Сөйтіп, жылына 250000 шаршы метр суды қайта пайдалану арқылы осы жобаның тұрақтылығын, сенімділігін қамтамасыз етудеміз.

   Болашақ МГКДҚ-да орман қорғау алқабын отырғызу жобасының басты ерекшелігі — тәлімбақ құрылысы. Ол сонымен қатар, жергілікті жойылу қаупі төнген сәндік және жеміс ағаштарын сақтап қалуға да көмегін тигізеді. Сөйтіп, бұл жоба жергілікті жерге жан-жақты тиімді болды деп сеніммен айта аламын. Оған «Самал» вахталық поселкесіне барғанда көз жеткізуге әбден болады.

Каспий бекіресі мен итбалығы құрып кетпесін десек...

   Мұнан соң бас менеджер табиғатты қорғау жұмыстарына бұдан басқа ауа сапасын мониторингілеу, кәріз тазарту жүйелері мен механикалық буландыру жүйелерін салу мен іске қосу, сейсмикалық зерттеу, ағаш отырғызу, Солтүстік Каспий сезімталдық картасын басып шығару, экологиялық зерттеулер, биоалуантүрлілікті зерттеу, итбалықтар мен табиғат мониторингісі кіретіндігін тілге тиек етті.

— Биоалуантүрлілікке бағытталған  жұмыстарымызды тарқатып айтар болсақ, — деді ол онан әрі, — басты міндетіміз — Каспий теңізінің табиғатын  онан әрі сол қалпында сақтап қалу. Әртүрлі зерттеулерге сәйкес, Каспий теңізінде 126-дай балық түрлері  мекендейді. Олардың 20-30-дайының кәсіпшілік құндылықтары бар. Әсіресе аса құнды  саналатын әрі көп суларда  өсе бермейтін бекіре тектес балықты  ерекше айту, ерекше қорғау керек екенін жақсы түсінеміз. Сол сияқты осы  теңізде «Қызыл кітапқа» енгізілген құстар мен Каспий итбалығы да мекендейді. Сайып келгенде, біздің компания өз қызметін атқаратын осы өңірдің  табиғатын, қоршаған ортасын кеңінен  танып, оны қорғауға, экологияға тигізетін  зиянды әсерін барынша азайту үшін жұмыс жасайды...

Бас менеджер айтып өткен Каспий итбалығының тағдыры ерекше атап өтуге тұрарлық. Каспий итбалығы бүкіл  Каспий теңізіне таралған, осы теңіз  фаунасындағы бірден-бір сүтқоректі бағалы жануар болып саналатынын  біреу білсе, біреу біле бермейді. Оның майынан неше түрлі дәрі мен  дәрумендер жасауға, ал терісінен аса  бағалы киімдер тігуге болады. Сондай-ақ, оның ғылыми жағынан дәлелденген  қыр-сыры да жеткілікті. Міне, соңғы  уақытта осы итбалықтардың қырылуы  жиілеп кетті. Ең бір өкінішті жай  — осы итбалықтардың жаппай өлу  себептері мен салдарларының  нақты анықталмай отырғандығы. Осыған байланысты Ақтау қаласында маусым айында «Каспий итбалығының бүгінгі күні және болашағы» деген тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның өтуіне де осы НКОК компаниясы қолдау көрсеткен еді.

Бұл ауқымды шараның негізгі  мақсаты каспийлік итбалықтардың  өлімінің нақты себептерін анықтау, ол оқиғаға байланысты түсінік-сіз, көп ретте айтылып жүрген екі-ұшты пікірлердің анығын дәлелдеп, нақтылау болды.

    Осы жолғы қоғамдық тыңдауда келесі сөз алған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары бойынша НКПОК агент компаниясының жауапты өкілі Ник Тангней қазір Солтүс-тік Каспийдегі мұнай төгілімдерін жоюға арналған кемелер мен құрал-жабдықтар, оның ішінде мұнай жинағыштар, шамдар және генераторлар алу көзделіп отырғандығын мәлімдеді.

— Компания тайыз судағы мұнай  төгілімдерін жоюға арналған күш-ресурстарын  қауіпсіз түрде сақтай-ды және теңіздің солтүстік жаға-лауы бойынша орынды дайындап қояды. Бұдан бөлек Қарабатанда  орналасқан құрлық кешеніндегі өндірістік жұмыстар барысында пайда болатын  және компанияның бұрын айналыспаған бірқатар қал-дықтар легімен жұмыс  істейтін болады. Аталған жұмыс нәтижелі болуы үшін НКПОК агент компаниясы «Самал» кентіндегі инженерлік қамту  алаңында өндіріс қалдықтарын жинақтауға арналған жаңа уақытша орналастыру  алаңын жобалайды және итбалықтардың  тыныс-тіршілігін бақылау жұмыстарымен де айналысады...

Каспий итбалығы аса құнды және сирек кездесетін жануар болғандық-тан, бұл жұмыстар төрт бағытта жүргізілмекші  екен. Алғашқысы – итбалықтардың  өрбуіне, өсуіне ұшақтардың көмегімен  жүргізілетін зерттеулер. Бұл Каспий теңізіндегі итбалықтардың қыс  кездеріндегі тіршілігін, өсіп-өнуін  бағалау үшін ақпан айының ортасынан  наурыз айының басына дейін жүргізіледі. Одан кейін тікұшақтың көмегімен  қыс мезгілінде компанияның жақын  маңдағы және кеме жүретін жолдарының бағыттарындағы итбалықтардың жатақ  орындарын белгілеуге жасалатын  зерттеулер. Үшінші зерттеу — мұзжарғыш  кемелердің көмегімен жүргізілетіндіктен, олардың жайылып жүрген аймағында  кемелерге қан-дай іс-қимылдар жасайтындығы (реакциясы) жөнінде мағлұмат жинау.

   Ауа сапасын бақылайтын стансалардың қауқары қанша?

Қоғамдық тыңдауда Аджип ҚКО  компаниясының алға жоспарлаған  жұмыстары да жиналғандар назарына ұсынылды. Олардық жоспарында ауа  және теңіз суының сапасын бақылау, сарқынды суларды тазарту, мұнайдың төгілуін жою жұмыстары да бар  екен. Бұл ауқымды жұмыстар жайында  Аджип ҚКО компаниясының өкілі  Игорь Лукашев айтып таныстырды.

— Мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысын пайдаланбастан бұрын  ауа сапасының негізгі жай-күйі жөніндегі деректерді қалыптастыру жұмыстары жасалатын болады. Қазіргі  кезде компаниямыз Атырауда және қала төңірегінде орналас-қан 20 ауа  сапасын бақылай-тын стансаларды  пайдалануда. Ал автоматтандырылған мониторинг стансалары 2011 жылы орнатылып, теңіздегі  «D» жасанды аралында жұмыс жасауда. Компанияның биылғы жоспарына келер  болсақ, оған құрал-жабдықтардың жұмысын  тәжірибелік түрде жалғастыру, жергілікті мердігер компанияның қызметкерлеріне  озық деген құ-рал-жабдықтарды қолдану  және техникалық қызмет көрсетуді үйре-ту, мәліметтерді басқару жұмыста-ры еніп отыр...

   Осы орайда, компанияның Қара-батанда орналасқан сарқынды лас суларды пайдаға жаратуға арналған екі қондырғыны пайдаланып отырғанын айтуға болады. Ондағы мақсат — ауаны, жерді ластанудан сақтау және табиғи су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру. Сөйтіп, өндіріс аймақтарынан жиналған барлық сарқынды лас сулар құбыр арқылы немесе арнайы көлікпен «Самал» вахталық кентінде және компанияның инженерлік коммуникациялар аймағында орналасқан тазарту қондырғыларына жеткізіледі. Сол жерде ол сулар механикалық, биологиялық және физикалық-химиялық түрде тазартылады. Ал одан кейін су сынамалары алынып, сарқынды сулардың шөгінділері деградатциядан өтіп, арнайы контейнерлерге жинақта-лып, қалдықтармен жұмыс жасайтын мамандандырылған мердігер компанияға тапсырылады. Сөйтіп, ең соңында әбден тазартудан өткен су табиғи булану үдерісінен өту мақсатында жасанды жинақта-ғыш тоғандарға ағызылады. Міне, сарқынды лас делінген судың өзі осылайша кәдеге асып жатса, қалай риза болмасқа?!

   Түйін: Осылайша қоршаған ортаны қорғау, оны қатаң бақылауға арналған қоғамдық тыңдау жиналған жұртшылыққа көптеген жағымды жаңалықтарды жеткізді. Бұл басқосудың аяғында БАҚ өкілдері, жалпы тұрғындар және табиғат жанашырлары қолға түсе бермейтін шетелдік компаниялардың жауапты қызметкерлеріне өздерінің әлі де болса нақтылауды қажет ететін көптеген сұрақтарын қойып, тиянақты жауаптарын алды.

Информация о работе Қазақстандағы экологиялық проблемалар