Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:17, реферат

Описание работы

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.

Содержание

І Кіріспе.
ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
ІІ Негізгі бөлім.
Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Егістікке пайдаланатын жерлердің нашарлауы;
Тың игеру науқанының топыраққа әсері;
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы;
Өсімдік – жер шарының «өкпесі».
Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар - табиғат туындысы;
Адамдардың жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері;
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру;
Қазақстан аумағындағы полигондар.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.
Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.
Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
ІІІ Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Экология Казахстана реферат на каз.doc

— 162.00 Кб (Скачать)

   Ядролық қару тек атом бомбаларын  сынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын , т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқаңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.

   Полигондар ішінде Семей өңірі  ең көп зардап шеккен аймақ.  Мұнда атом қаруын сынаудың  ғылыми орталығы орналасқан. Ол- Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық аймаққа айналды. Қазақстан жерінде атом қаруын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн га жетті. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклейдтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған км жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақтарда республика бойынша жоғары. Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп, жарамсызданған. Ен далада еркін жүзген ақбөкен, қарақұйрық, елік, сілеусін, қабылан, қарақал сияқты аңдар мен дуадақ, безгелдек, бұлдырық т.б. дала мен шөлді жерлердің құстары сиреп немесе жойылып кетуі жақын. Өсімдіктері селдіреп, сайраған құстарынан, шырылдаған жәндіктерінен айырылған дала тыныштық құшағына енген. Тіршіліктің қайта қалпына келуі жүздеген, тіптен мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны болған.

    1991 жылы 20 тамыз елбасының бұйрығымен  Қазақсатан жерінде атом қаруын  сынау бірдола тоқтатылды. Бұл  оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы  қуана қарсы алды. Халықаралық  деңгейдегі бұл шешім «Семей-Невада»  қоғамдық қозғалысының жемісі  болды. Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және родиактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық, мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор. 
 
 
 
 

  • Арал  теңізінің экологиялық  ахуалы.

   Арал  теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066 км², тереңдігі-30-60 метр, тұзддылығы-10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, таңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт, 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

   1960 жылдардан бастап Арал өңірін  игеру қолға аланды. Осы аймақтағы  игерілетін жер көлемі бұрынғыдан  Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5; Түркіменстанда 2,4; Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал әмудария мен сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған байланысты 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себебі-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³ су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м³, ал 1990 жылы екі есеге қысқарды. Нәтежесінде Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40% дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Арал апатына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған  фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының  қолдан істеген қателігі ретінде  дүние жүзіне белгілі болды.

  Арал  өңірінде туындап отырған қазіргі  экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда-60%, Қазақстанда-60-70% артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңірінде климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғарғы көрсеткішті беріп отыр.

    Арал теңізі болашағы дүниежүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония т.б. мемлекеттер. Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру;
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқыла суды молайту;
  3. Алар теңізін жартылай сақтап қалу;
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу;
  5. Жер асты суларын пайдалану;
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

    

  • Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.

   Балқаш  көлін кім және қай кезде ашқандығын анықтау өте қиын. Өйткені, оның аталуы ежелгі карталарда кездеседі. Балқаш көлі жөнінде Орта және Оңтүстік-Шығыс  Азияда, сонымен бірге Монғолияда ерте заманда белгілі болған. Ал Ресейдің географиялық картасында тек 1697 жылы белгіленді. Ол Семен Ремезовтың «Чертеже земли всей безводной и малопроходимой каменной степи» атты еңбегінде құрастырылған. Құрастыру барысында ол орыс көпестері мен елшілерінің әңгімелеріне сүйенген.

     Балқаш көлі – Қазақстандағы  ең ірі экожүйелердің бірі. Көл  Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі-501 мың км², ұзындығы-605 км, ені-9-74км аралығында. Ал ең терең  жері-26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы  сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері Балқашқа құяды. Балқаш көлі шөл және шөлейт табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аякөз, Биен, Сарқант және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойындағы Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. Балқаштың тағдыры ғалымдар мен әр саланың шауашылық өкілдерін, мамандарды, сонымен қоса адамгершілігі мол адамдарды мазалайды. «Жамандық айтпай жақсылық келмес» дегендей, егер көл құрып кетсе, не болады? Бұл ойдың өзі сезінген адамды тітіркендіреді. Өйткені, осы аймақтағы тіршіліктің барлығы Балқаш көліне байланысты. Қазіргі экологиялық жағдайдың өзгеру себебін анықтау үшін көл су

Қоймаларының  тарихын ескеру қажет. Осылай, 1910 жылы Балқаш көлемі 23444 км² болса, 1946 жылы 15730 км² болып екі есе азайып кеткен. Бүгінгі күндегі Балқаш көлінің су көлемі 16400 км², су деңгейінің биіктігі-340 м шамасында, көлге жер асты суымен келетін суларды қосқандағы жоғарғы қабаттағы жалпы су көлемі жылына-23,8 км³ көлге 73% судың құбылуы Іле өзенінің үлесіне тиеді. Әдетте су келіп құятын суға қарағанда булануы 4 есе артық. Ал оның ең төменгі тереңдігі-27 м. Көлдің мұндай өзгеруінің себептері минералды заттардың ауытқуы мен климаттың өзгеруінің әсер деп айтуға болады. Көлдегі тұрақсыздық тұздың жиналуына себепші болады. Бірақ олар көп емес, барлығы 260-300 млн тонна.

    Балқаш экожүйесінің бұзылуының  зардаптары. Іле-Балқаш  экожүйесіндегі  өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төмен бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып,тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есеге төмендесе, уылдырық шашу тіптен азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңвйтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Бұл өңірдегі экологиялық қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарыағаш полигоны, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.  1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы»  атты халықарлық деңгейде экологиялық экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

  • Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу;
  • Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру;
  • Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту;
  • Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру;
  • Суармалы жерлердің көлемін шектеу;

Балқаш  көлін құтқару бүгінгі күнніңғ  талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияныда  бұрын-соңды болмаған экологиялық  апаттың ошағына айналдыруы мүмкін.  Сондықтан әрбір табиғи жүйе көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

 

  • Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.

     Каспий теңізі – жер шарындағы  бірден-бір тұйық су айдыны. Оның  көлемі-380 мың км². Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік –шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа мен Азия континенттерінің  түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды балықтарының бірі-бекіре тұқымдас балықтар. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйкімді мекені. Теңіз жағалауында 3-3,5 млн құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12  млн жетеді.

    Каспий теңізінің экологиялық  жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің  көтерілуумен байланысты. Каспий  теңізінің бірде көтеріліп, бірде  тартылуы жердің табиғи-тарихи  эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысы мен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80% құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланысты. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының  Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған дамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі болды. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен 100 астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, 100 елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш  заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың га жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екендігі дәлелденді. Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар. Олар:

  • Су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін салынған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
  • Теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшие түсті. Су құрамында пестицит және акыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілірін жиелетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40% азайды.
  • Су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғырларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтірді.
  • Мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық жағдайлар