Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:17, реферат
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.
І Кіріспе.
ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
ІІ Негізгі бөлім.
Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Егістікке пайдаланатын жерлердің нашарлауы;
Тың игеру науқанының топыраққа әсері;
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы;
Өсімдік – жер шарының «өкпесі».
Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар - табиғат туындысы;
Адамдардың жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері;
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру;
Қазақстан аумағындағы полигондар.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.
Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.
Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
ІІІ Қорытынды.
Жоспар:
І Кіріспе. ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы. ІІ Негізгі бөлім.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау себептері. ІІІ
Қорытынды. | |
Кіріспе
ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан-байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгага ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға ауасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікке қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады. Республика аумағы 4 аймаққа бөлінеді.
Еліміздегі экологиялық
Қазақстанның
барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың
көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы
соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді
дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ
деграцияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге
айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы
мәліметтер бойынша Республика жерінің
180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған.
Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185
млн га жайылым, 34млн га таулы аймақтар
алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га
құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз
жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ
эрозиясы, 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық
және радиактивтік заттармен ластанған.
Солтүстік облстарда тың игеру науқанына
байланысты және бірегей бидай дақылын
егу топырақ қара шірігінің 25-30 % жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай газ өнеркәсібінің
қарқындап дамуы мың га астам жерді қамтыса,
топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн
га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып
жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық
Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда
жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптің
қалдықтарымен ластануы, ауыр метелдардың
жинақталуы, радиоктивті элементтердің
және ракета ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ
дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.
Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі
және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен
Сырдария өзендерінің су бассейінің азаюы,
Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты
болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда
Арал аймағының экологиясына байланысты
2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңа
Дария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл
орманы біржолата жойылу үстінде. Арал
өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойнша
топырақтың химиялық улы заттармен және
радионуклитпен ластануы жылдам жүруде.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын
жерлердің де экологиялық жағдайы нашар.
Ол Республика бойынша 26610,7 мың га жерді
алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған
әлеуметтік климатттың өзгеруі Қазақстанның
шөл, шөлейітті белдемдеріне әсерін тигізіп,
егіс алқаптарының сапасын төмендетіп
жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы,
бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде
жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың
агро-техникалық шаралары, қар тоқтату,
органикалық және минералдық тыңайтқыштар
беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан
арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке
тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне
жол беріліп, жердің сапасын төмендеттті.
Топырақтың ауыр металлдармен және радионуклидтермен
ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр.
Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер,
кен орындары, қазба байлықтарды өндіру,
соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау
және оларды көму аймағында ерекше жылдам
жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар
2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоктивті
қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптен шығарылған
химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша
жылына 5 млн тонннаға жетіп отырғаны тіркелген.
Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ
дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі,
Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы
жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу,
Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын,
фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен
ластанған. Павлодар, Екібастұз, Тараз
т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық
ауытқуларға және отты заттармен ластануға
ұшыраған. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақсатан
аумағында ядролық қарулар сыналған жердің
көлемі Ақтөбе облысында- 4207,5; Атырау-2635,3;
Шығыс Қазақстан-11,1; Жамбыл-2576,1; Батыс
Қазақстан-1558,8; Орталық Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4;
Павлодар-717,0: Оңтүстік Қазақстан-8,1; Семей-941,2
мың га жерлерді қамтыған. Қазақстанның
құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер
баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді
бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану
көзі ретінде радионуклидттерді өсімдіктерге
одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп
отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық,
соматикалық, онкологиялық ауруларға
ұшырап, зардап шегеді.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
Жер шарында орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Яғни, Республикамыздың барлық жерінің 3,35% құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі, негізінен, солтүстік және шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша азая түсуде. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері- адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы. Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптарға жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі – дәрмектік өсімдіктердің, жеміс- жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Ормандардың егістік алқаптарды қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның ауаны тазартатын қасиеті де бар. Мысалы 1га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп щығарады. Яғни, ауаның құрамын толықтырып отырады. Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен – тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда
табиғи жайылым басым.
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Дүние жүзінде жан- жануалардың 1,5 млн түрі бар. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлері белгілі болып отыр. Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600 жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына – дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, каролин тотысы т.б. жатады. Қазақстан жерінде өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің- 155, құстардың- 481, бауырымен жорғалаушылардың-48, қосмекенділердің-33, балықтардың-140 түрі тіршілік етеді. Десек те соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған – антропогендік факторлар. Кең - байтақ жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп құрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласын қаптап жүрген құландар қазір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау. Қазақстанда біраз аңдар мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына- қар батысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, қоқиқаз т.б. атауға болады.
Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі бір қарағанда табиғи заңдылық. өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отыр. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты. Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан олар жойылып отыр. Ал ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялиқ заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған. Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі – мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар- атом бомбалары, соғыс ракеталыры, жарылғыш заттар. Бейбіт жағдайда адам баласы ірі құрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.
Адам баласының жануарлар
Жануарлар дүниесін қалпына
Республикамыздың
аумағында ядролық қарудың
Ядролық қаруды сынау
Информация о работе Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық жағдайлар