Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 06:34, курсовая работа
Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсімдіктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мысалы, құрылықтағы өсімдіктер жамылғысының фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд.тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мөлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалады екен, ал 10%-ы, яғни 28-32 млрд. тонна оттегі өндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, өндіріс, транспорт, ауыл шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен дамитын болса, XXI-ғасырда жылына 58-64 млрд. тонна және одан да көп мөлшерде оттегі жағылып, пайдаланылады деген болжам бар. Нәтижесінде құрылықтағы өсімдіктердің фотосинтезі процесінде шығарылған оттегі адамзаттың энергия алуы үшін жағылған оттегі мөлшерін қайтадан толтырып, қалпына келтіре алмайды, аталған газ (оттегі) мөлшері жылдан жылға азая береді. Егер аталған салаларда энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мөлшері 21%-дан 8%-ға дейін азаюы мүмкін. Бұл сүтқоректі жануарларға өте зиянды құбылыс, олар жаппай қырылуы мүмкін.
3-0,5% NaCl ерітіндісі; 4-1,0% NaCl ерітіндісі; 5-1,5% NaCl ерітіндісі; 6-2,0% NaCl ерітіндісі құйылады (1 кесте, 14 сурет).
1 кесте.
Әртүрлі NaCl ерітіндісінде арша тұқымының өну энергиясы және орташа өну шығымдылығы (әрбір Петри табақшасына 50 дән себілген)
Тәжірибе нұсқалары |
Өну энергиясы |
Өну шығымдылығы | ||||
30 күнде, дана |
% |
36 күнде, дана |
% |
45 күнде, дана |
% | |
1. Таза су |
4,8 |
9,6 |
42,5 |
85,0 |
45,5 |
91,0 |
2. 0,3% NaCl |
3,0 |
6,0 |
33,0 |
66,0 |
40,0 |
80,0 |
3. 0,5% NaCl |
1,75 |
3,5 |
20,5 |
41,0 |
31,5 |
63,0 |
4. 1,0% NaCl |
1,50 |
3,0 |
19,3 |
38,6 |
29,3 |
58,6 |
5. 1,5% NaCl |
1,0 |
2,0 |
15,3 |
30,6 |
24,0 |
48,0 |
6. 2,0% NaCl |
0,75 |
1,5 |
7,5 |
15,0 |
14,0 |
28,0 |
ЕКЕА05-дана |
0,21 |
- |
2,41 |
- |
5,30 |
- |
Арша тұқымы 40-45 күнде толық өніп шығады. Ал, өну энергиясын (30 күнде өніп шыққанын) есептегенде, кәдімгі су құйылған нұсқада (бақылау) егілген дәндердің 9,6%-өніп шықты. 1,0-2,0% NaCl нұсқасында тұқымының 1,5-3,0%-ы ғана өніп шықты. 45 күнде кәдімгі су берілген тәжірибе нұсқасында себілген тұқымның 91%-ы толық шықты, 1,0% NaCl ерітіндісінде 58,6%-ы, 2,0% NaCl ерітіндісі нұсқасында 28,0% тұқым өніп шықты. Бірақ аталған, NaCl ерітіндісіндегі арша өскіндері әлсіздеу болды (1 кесте, 16 сурет).
16 сурет. |
Арша тұқымының әртүрлі тұзданған жағдайда өну шығымдылығын анықтау тәжірибесі. Тәжірибе нұсқалары 1 кестедегідей. |
1,0-2,0% NaCl ерітіндісі құйылған нұсқада арша тұқымының шығымдылығы 50-72%-ға дейін төмендейді екен. Ал, Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде және Батыс Қазақстан облыстарындағы топырақтар шамамен орташа және күшті деңгейде тұзданған. Яғни, күріш ауыспалы егісі жағдайында арша өсімдігін тұқым арқылы өсіріп көбейту өте қиын болады, сондықтан көшет арқылы өсіру керек.
Астана маңында орман жасатқан Елбасы өнегесін, идеясын жүзеге асыру ( тәжірибе нәтижелерін өндіріске енгізу )
Біздің болашағымыз − жастар, ал оларға таза, оттегісі мол ауа керек. Алдағы 40-50 жылда ғалымдар болжаған − атмосферадағы оттегінің азаюын, құрылық ортасындағы Қазақстанда келешекте болатын қатал континентальды климатты, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық, тұщы суы тапшы, қуаңшылық жағдайды болдырмаудың негізгі шаралардың бірі ормандарды сақтап, арша, емен, акация, т.б. күшті фотосинтездеуші ағашты өсімдіктерді өте көп мөлшерде өсіру керек. Биыл 2012 жылы Қазақстандағы 6960 мектепте 2,5 млн. оқушылар оқиды. Осы оқушылардың 40-50% -ның әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер өсірсе, бір жылдың өзінде 12,5 млн. түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, сирень өсіріледі екен. Бұл үдеріс (процесс) 40-50 жыл бойы жүргізілсе Елімізде орман алқаптары көбейеді. Яғни, жастар (оқушылар) үлкен әлеуметтік күш және де өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады. Сондықтан, ағашты өсімдіктер көп болса фотосинтез процессі күшейіп, СО2-ні көбірек сіңіреді, оттегі шығарады, ауа тазарады, жауын-шашын өзі келеді, континентальды климат жұмсарады. Бірақ, мұны жүзеге асыру өте күрделі проблема, оған бүкіл халық, әсіресе жастар жұмылуы керек. Қазақстандағы әрбір мектептердегі биология, экология мамандығы мұғалімдері мен оқушылары жұмыла кірісіп, өздері тұрған елді мекендер көшелерінде және ауылдарды қоршап, жылда-жылда көп мөлшерде арша, емен, акация, т.б. ағашты өсімдіктерді 40-45 жыл бойы үздіксіз өсіре берсе, бүкіл Қазақстандағы қуаңшылық жағдай өзгеріп, экология жақсарады деп ойлаймыз.
Елбасы Н.А. Назарбаевтың тікелей басшылығымен Астана төңірегінде санитарлық-қорғаныс орман ағаштары отырғызылды және бұл іс-шара одан әрі жалғасуда. Отырғызылған орман алқаптары қазіргі таңда 6-10 м және оданда биік болып өсіп, Астана маңындағы макроклиматты және қала ішіндегі микроклиматты, экологиялық жағдайды жақсартуда. Теріскейден келетін қатты жел күшін азайтып, шаң-тозаңнан, ластаушы газдардан ауаны тазартуда. Осындай іс-шараларды әрбір қалалар төңірегінде, облыс және аудан орталықтары маңында, елді мекендерде жүргізу керек. Осындай әдістемемен егістік алқаптарында орман-қорғаныс белдеулерін жасап, ағашты және бұталы өсімдіктер отырғызып, өсіру керек. Бұл егіс өнімділігін едәуір арттырады.
Біздің әдістемеміз бойынша ауылдық жерлерде арша, емен, акация ағаштарын көп мөлшерде өсіруге болады. Осыған сәйкес, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Экология кафедрасының меңгерушісі Н.Ә. Мұхамединованың бастамасымен және профессор К.Н.Жайлыбайдың жетекшілігімен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылындағы Аманкелді орта мектебінде (директоры − Талдыбаева Гүлжан) (17 сурет).
осы аудан орталығы Ұзынағаштағы Абай атындағы гимназия орта мектебінде (директоры − Сакиева Бибіхан), «Байтерек» мәдени-сауда орталығында арша өскіні отырғызылды. Қазір олар жақсы өсіп тұр. Бұл Елбасы Н.А. Назарбаевтың өнегесін, идеясын ауылдық жерлерде жүзеге асырудың алғашқы бастамасы және ең арзан жолы. Аталған әдістеме Қазақ мемелекеттік қыздар педагогикалық университетінің экология және биология мамандығының 300-ден аса студенттеріне үйретілді және келесі толқын студенттеріне үйретіле береді. Әрбір студент өзі жұмыс істеген мекемесінде, елді мекендерде емен, арша, акация, сирень, т.б. ағашты өсімдіктерді өсірсе және осы іс-шара жылда-жылда өсіріліп, үздіксіз жүзеге асырылса, алдағы 40-45 жылда Еліміздегі экологиялық жағдай өзгеріп жақсарады деген болжам бар.
2011 жылы 17 мамыр және 27
шілдесінде Алматы қаласы
Информация о работе Қазақстан экологиясын жақсарту мәселелері және емен, арша, акация, сирень өсіру