Қазақстан экологиясын жақсарту мәселелері және емен, арша, акация, сирень өсіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 06:34, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсімдіктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мысалы, құрылықтағы өсімдіктер жамылғысының фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд.тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мөлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалады екен, ал 10%-ы, яғни 28-32 млрд. тонна оттегі өндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, өндіріс, транспорт, ауыл шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен дамитын болса, XXI-ғасырда жылына 58-64 млрд. тонна және одан да көп мөлшерде оттегі жағылып, пайдаланылады деген болжам бар. Нәтижесінде құрылықтағы өсімдіктердің фотосинтезі процесінде шығарылған оттегі адамзаттың энергия алуы үшін жағылған оттегі мөлшерін қайтадан толтырып, қалпына келтіре алмайды, аталған газ (оттегі) мөлшері жылдан жылға азая береді. Егер аталған салаларда энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мөлшері 21%-дан 8%-ға дейін азаюы мүмкін. Бұл сүтқоректі жануарларға өте зиянды құбылыс, олар жаппай қырылуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

РАБ.doc

— 192.00 Кб (Скачать)

 

ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫН  ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЕМЕН, АРША, АКАЦИЯ, СИРЕНЬ ӨСІРУ

 

 

Проблеманың өзектілігі. Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсімдіктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мысалы, құрылықтағы өсімдіктер жамылғысының фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд.тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мөлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалады екен, ал 10%-ы, яғни 28-32 млрд. тонна оттегі өндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, өндіріс, транспорт, ауыл шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен дамитын болса, XXI- энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мөлшері 21%-дан 8%-ға дейін азаюы мүмкін. Бұл сүтқоректі жануарларға өте зиянды құбылыс, олар жаппай қырылуы мүмкін.

Атмосферадағы оттегі мөлшері 12% болғанда адам есінен танып құлайды. Яғни, бұл жағдай адамзат тіршілігіне де аса қауіпті. Адам баласына нан, ет, сүт, тағы басқа азық-түлік қаншалықты қажет болса, оттегі де өте керекті фактор. Бірақ, атмосферада оттегі әзірге жеткілікті болғандықтан оны дефицит, шектеуші фактор деп есептемейміз. Осындайда “алтынның қолда барда қадірі жоқ” деп қазақ айтқан ғой.

Биосферадағы және Қазақстандағы  ауа бассейінін жақсартып тазалау үшін адам баласының әліде 40-45 жыл уақыты бар. Мұндай зиянды құбылыстарды болдырмаудың және өте қатал континентальды климат жағдайын жақсартудың бірнеше жолы бар:

  1. энергия алудың басқа, альтернативті жолын табу (күн энергиясын, жел энергиясын, гидроэлектр станциялары энергиясын, атом станциялары энергиясын, теңіздердің толысуы және қайтуы энергиясын, т.б. пайдалану ). Мысалы, Қарағанды облысында жел мен күн сәулесі шуағынан алынатын қуат (энергия) жүйесін дамыту жоспарлануда;
  2. биосферадағы өсімдіктер жамылғысының, әсіресе ормандарды сақтап, көлемін ұлғайтып, фотосинтез процесін күшейту, күшті фотосинтездеуші ағашты өсімдіктерді көптеп өсіру;
  3. отандық гидрогеология саласы ғалымдары мен мамандарының зерттеу нәтижелері бойынша Бетпақ даланың астында және Арал өңіріндегі құмдар астында орасан көп мөлшерде тұщы су қоры бар екен. Соларды егіншілікте, мал шаруашылығында және өндірісте пайдалану үшін аталған суларды жер бетіне шығару керек. Бұл өте күрделі мәселе, бірақ болашақта аталған проблема күн тәртібіне койылуы мүмкін.

Сонымен, фотосинтез процесінде көмірқышқыл газын (СО2) көп мөлшерде сіңіріп, оттегіні (О2) көбірек шығаратын өсімдіктер қауымдастығы бұл − ормандар. Биосферадағы СО22 ара қатынасын сақтап, оттегіні көбейту, ауаны тазарту проблемасын шешу жолы − ормандарды сақтау, қалпына келтіру және ағашты өсімдіктер егіп өсіру. Бірақ, “планетамыздың өкпесі” саналатын Амазонка өзені жағасындағы тропикалық ну ормандардың алаңы 2010 жылы 103 шаршы км-ге, 2011 жылы 593 шаршы км-ге, яғни 27%-ға қысқарған. Азиядағы, Африкадағы, Солтүстік Америкадағы, Россияның солтүстігіндегі және басқа жерлердегі ормандар осындай жылдамдықпен жойылуда. Ал, ормандарды жою қазіргі кезеңдегідей жылдамдықпен жүргізілсе алдағы 40-45 жылдан кейін биосферада орнына келмес апатты жағдайлардың пайда болуын, оттегінің азаюын туындатады.

 Адам баласы өндірісті, техниканы, транспортты зор қарқынмен дамытты, ауыл шаруашылығы интенсивтендірілді. Нәтижесінде атмосфераға “жылыжай эффектін” беретін СО2, СО газдары заводтар және жылу электростанциялары трубаларынан, автокөліктерден орасан көп мөлшерде шығарылуда. Мысалы, 1960-1990 жылдары ішінде ауаға шығарылған СО2 мөлшері 13%-ға артқан, ал 1991-2011 жылдары бұл процесс 2 есеге күшейген.

 Бұл әлемдік жылу процесін жылдан жылға күшейтуде. Алдағы 40-45 жылда планетамыздағы орташа жылу +3-5 градусқа және одан да жоғары көтеріледі деген болжам бар. Қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану министрі Н.Қаппаровтың Парламент мәжілісіндегі Үкімет сағатында жасаған мәлімдемесі бойынша, Қазақстанда бұл процесс жылдамырақ жүруде.

 Аталған процестер (үдерістер) нәтижесінде Антарктидадағы, Гренландиядағы, биік таулар басындағы мұздықтар 2001-2003 жылдардан бастап 3-4 есе жылдамдықпен еруде. Нәтижесінде әлемдік мұхит 7-9 метрге және одан да жоғары деңгейге көтеріледі деген болжам бар. Яғни, теңіз жағалауындағы көптеген қалалар, елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Ал, құрылық ортасындағы жерлерде, мысалы Қазақстанда жауын-шашын мөлшері күрт азайып, өте күшті қуаңшылық жағдай қалыптасып, тұщы су проблемасы туындауы мүмкін.

 Гренландиядағы, Антарктидадағы, биік таулар басын-дағы мұздықтар жылдам ерігендіктен жоғарыда аталған 40-45 жылдың әдепкі 20-25 жылы ішінде көктем, жаз, күз айларында жауын, ал қыс айларында қар көп жауып, тасқын су проблемалары туындайды. Кейінгі 2-3 жыл ішінде мұндай жағдайлар Европада, Австралияда, Индияда, Қытайда, Жапонияда, Ресейде, Тынық мұхит аралдарында және Қазақстанда қыс кезіндегі қар өте көп мөлшерде жауғандықтан, көктемдегі, жаздағы нөсер жаңбыр әсерінен көптеген елді мекендерді тасқын су басып қалды.

Мысалы, Ресейдің Краснодар (Кубань) өңірінде 2012 жылдың 5-6 шілдесі күндері нөсер жаңбыр (аз уақыт ішінде 121-300 мм жауын жауған) әсерінен көптеген елді мекендерді тасқын су басып қалды, 171 адам қайтыс болды, мыңдаған адамдар (30 мыңдай) зардап шегіп, баспанасыз қалды. Табиғи апат әсерінен зардап шеккендерге көмек ретінде Ресейдің Федералдық бюджетінен 3,8 млрд. рубль бөлінді, жергілікті бюджеттенде қомақты қаржы бөлінуде. Жапонияның оңтүстігінде нөсер жаңбырлар әсерінен туындаған су тасқынынан 240 мың адам қоныс аударуға мәжбүр болуда. Ал  Қытайда тасқын судан 7 млн-дай адамдар зардап шегуде. Көп мөлшердегі нөсер жаңбыр Қазақстанның Ақтау маңында және Жаңаөзенде байқалды, бірақ олардың залалды әсері аздау болып, адам шығыны болған жоқ.

Осы кезеңдерде (2012 жылғы шілде айында) АҚШ-та екі аптаға созылған аптап ыстықтан 77 адам қайтыс болды, техника істен шыға бастады. Канзас штатында қатты қуаңшылық болып, егіс алқаптары қурап жатыр. Қызылорда облысында 40-45°С ыстық болып тұр. Ақтобе, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарында 35-39°С ыстық сақталуда. Нәтижесінде аптап ыстық әсерінен биыл көп егіс алқаптары өте төмен өнім берді.

Яғни, әлемдік жылу әсерінен кейбір жерлерде орасан көп мөлшерде жауын-шашын болса, басқа жерлерде есесіне аптап ыстық болуда. Кейбір аймақтарда алапат орман өрті жиілеп кетті. Аталған кенеттен болатын экологиялық апатты жағдайлар әсерінен көптеген жануарлар, адамдар өліп, өте көп мөлшерде экономикалық шығын әкелді.

 Осыдан кейінгі 20-25 жылда құрылық ортасындағы жерлерде, әсіресе Қазақстанда өте күшті қуаңшылық жағдай қалыптасып, тұщы су проблемасы туындауы мүмкін. Бұл жағдайларды болдырмау үшін Қазақстан территориясында күшті фотосинтездеуші, СО2-ні сіңіріп, көп мөлшерде оттегіні шығаратын және ұзақ жыл өмір сүретін емен, арша, акация т.б. ағашты өсімдіктерді жылда-жылда көптеп егіп, өсіру керек. Нәтижесінде, өте күшті қуаңшылық және қатал континентальды климатты жағдайды болдырмай, экологиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік шығындарды (жануарлар, адам өлімін болдырмауға) болады деп күтілуде.

Біздің эрамыздан бұрын  қытайлықтар көшпенділерден қорғану  үшін мыңдаған километрге созылған “қытай қорғанын” салды. Бұл бүкіл халық болып бірігудің, ерен еңбектің нәтижесі. Қазіргі кезеңде Қытайда жаппай ағаш отырғызып өсіруді бүкіл халық болып жүргізуде.

 Бүкіл Қазақстан  халқы, әсіресе жастар бірігіп, қытайлықтар сияқты ерінбей еңбек етсе, әрбір елді мекендерде емен, арша, акация, тағы басқа ағаштар көптеп отырғызылса, егістік алқаптарда санитарлық-қорғаныс белдеулер жасап, ағашты және бұталы өсімдіктер өсірілсе және бұл үдеріс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе Қазақстанға төніп келе жатқан өте қатал континенталды климатты жұмсартып, экологиясын жақсартуға болады. Осылай жұмыла еңбек еткен жағдайда орасан көп экономикалық және әлеуметтік шығындарды азайтуға, тіпті болдырмауға болады.

 

Арша, емен, акация, сирень (жұпаргүл)

ағаштарының сипаттамасы.

 

Арша. (Juniperus-можевельник) − кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл жапырақты ағашты немесе бұталы өсімдік. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар, олар: Түркістан аршасы (Juniperus turkestanica), Талас аршасы (Juniperus talassica), Сібір аршасы (Juniperus communis), Виргинский аршасы (Juniperus virgiana), т.б.

Арша ағашы жұмсақ, одан карандаш, домбыра, бесік жасалады. Бұрын қазақтар айран, қымыз пісетін күбіні, ас табақтарын арша ағашынан ойып жасаған. Арша ағашының иісі қымыз иісіне ұқсас және мұндай табақтарда микробтар өсіп дамымайды. Арша биіктігі 10-15 м болатын, 300-800 жыл өмір сүретін ағашты өсімдік. Жетілген бір аршаның шығарған оттегі мөлшері 25-30 адамның бір жыл тыныс алуына жетеді екен. Сонымен қатар арша бір жыл ішінде 20-25 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады екен.

 Емен (Quercus-дуб) − шамшат тұқымдасына жататын, күз, қыс айларында жапырақ тастайтын ағашты өсімдік. Дүние жүзінде оның 450-дей түрі бар. Қазақстанда бір түрі − кәдімгі емен (Quercus rober) өседі.

 Емен биіктігі 30-40 м болатын, 1000-1500 жыл өмір сүретін ағашты өсімдік. Жетілген бір емен өсімдігінің фотосинтез процесінде бір жылда шығарған оттегі мөлшері 40-45 адамның жаз бойы тыныс алуына жетеді екен. Сонымен қатар емен ағашы бір жылда 30-40 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады

, біреуінің түбін шприцтік  инемен немесе бізбен теседі (3-5 рет), ал екіншісі тесілмейді. Тесілген стаканды тесілмеген стакан ішіне кигізеді, сосын көң араластырылған топырақпен, дұрысы гүлдер өсіруге арналған қара топырақпен толтырады, шамалы нығыздайды. (Гүлдер өсіруге арналған қара топырақ магазиндерде (базарларда) сатылады, және ол арзан). Әрбір стаканға арша тұқымы 3-5 тен себіледі; емен жаңғағы 3-ден, акация тұқымы 10-нан (өйткені олардың шығымдылығы төмен), сирень тұқымы 5-ден себіледі. Беті топырақпен жабылады, бірақ тұқым тереңге түспеуі керек, беті жабылса болды, тереңдігі 0,8-1 см, сосын жаймен су құйылады. Топырақ тұрақты түрде ылғалды болуы керек, сонымен бірге тұқымның өнуі үшін оттегіде қажет. Ол үшін 2-3 күн өтіп, 3-ші немесе 4-ші күні әрбір стакандар суарылады, бірақ су көп құйылмауы керек. Нәтижесінде стакандағы топырақ ылғалды болады, әрі арасына ауа кіріп, бөрткен тұқымдар оттегімен қамтамасыз етіледі. Егілген арша, сирень, тұқымы 40-45 күннен кейін екі ұрық жапырақты болып шығады (5,6 суреттер).

 

 

Емен жаңғағы, акация тұқымы 60-65 күнде таяқша болып шығады, содан бірнеше күннен кейін нағыз жапырақтар пайда болады (7 сурет). Емен тұқымы жаңғақтың және акация тұқымының физиологиялық шығымдылық сапасы әртүрлі. Бір мезгілде егілген жағдайдың өзінде әрбір стакандағы емен жаңғағы әртүрлі уақытта (60-80 күн аралығында) шығады және өсу жылдамдығы әртүрлі болады (10 сурет).

 

 

 

 

 

      Ауылдық жерлерде және ондағы мектептер айналасына арша, емен, акация, сирень, т.б. ағашты және декоративті өсімдіктер өсіру үшін он мыңдаған өскін көшеті қажет. Олардың әрбіреуін 10-15 мың теңгеден сатып алу үшін ауылдық әкімдікте және мектептерде қомақты қаржы жоқ. Ал, біздің осы әдістемеміз бойынша аталған ағашты және декоративтік өсімдіктер өскіні көшеттерін дайындау өте арзанға түседі. Аталған әдістемені мектептердегі биология және экология пәні мұғалімдеріне және оқушыларға үйретсек, олар өздері өте көп мөлшерде арша, емен, акация, сирень өскіндері көшетін дайындай алады. Егер оқушылар өздері осы өсімдіктер көшетін өсіріп дайындаса, сосын мектеп айналасына, ауылдарының көшелеріне және маңына отырғызып, өздері күтіп-баптаса, онда олардың табиғатқа, оның экологиялық жағдайына көзқарасы түбегейлі өзгереді және мұның тәрбиелік мәні зор.

 

Өскіндерді күтіп-баптау

 Әрбір стаканға егілген аршаның 3-5 тұқымын, еменнің 3 жаңғақ тұқымын, акацияның 10 тұқымының, сиреннің (жұпаргүл) 5 тұқымының барлығы түгел шыға бермейді. Өйткені аталған тұқымдардың табиғи жағдайдағы физиологиялық қасиеті, шығымдылығы әртүрлі. Сондықтан тұқым себілген стакандардың кейбіреулерінде бір өскіннен, көпшілігінде екеуден, аз бөлігінде 3-5-ден шыққан (5,6,7,8 суреттер). Өскіндер шыққан стакандар терезеге жақын, күн сәулесі түсетін жерде столға орналастырып, қыс бойы күтіліп бапталады (9,10,11 суреттер).

 Күтіп-баптау шаралары − негізінен суару. Үш күн өтіп, 4-ші күні стакандағы өскіндер аздап суарылады (11,12 сурет). Егер стакандарға су көбірек құйылса арша, емен, акация, сирень тамырларына ауа жетіспегендіктен әлсіреп ауруға шалдығады, сосын өледі.

 

 

 Осы әдістеме арқылы өте көп мөлшерде арша, емен, акация, сирень өскіндерін өсіріп дайындауға болады (8,9,10 сурет) және бұл өте арзанға түседі. Жеке кәсіпкерлер немесе қаланы гүлдендіру мекемесінің дайындаған аталған ағашты өсімдіктер өскіндері (4-5 жылдық) әрбіреуі 10-15 мың теңге тұрады.

 

 

14 сурет.  Акация  өскіндерін суару және күтіп баптау

 

Көктемде табиғи топыраққа (тұрақты орнына ) отырғызу

 

 Көктемде наурыз, сәуір айларында ауа температурасы +10, +150 С градус болғанда топыраққа, яғни тұрақты орнына арша, емен, акация, сирень өскіндері отырғызылады. Ол үшін аталған өсімдіктер өскіні мен стакандағы топырағы сиятындай шұңқыр қазылады, сосын су құйылады. Осы шұңқырға өсімдіктер өскіні топырағымен отырғызылып, ал қазылғанда шыққан топырағымен шұңқырды қайтадан толтырады да, топырақ шамалы нығыздалады. Сосын асты және үсті кесілген пластикалық бутылканы (халық арасында оны «баклашка» деп атайды)арша, емен өскініне кигізіледі де, оны (пластикалық бутылка) топыраққа нығыздап орналастырады. Пластикалық бутылканың айналасын қоршап ойықша (арықша) қазылады

(15 сурет).

 

Бұл арша, емен өскінін  суару үшін керек. Әдепкіде әлсіздеу арша, емен өскініне орнатылған пластикалық  бутылка жақсы микроклимат қалыптастырып, транспирация қарқындылығын азайтады, тамырларының өсіп нығайюына оптимальды жағдай жасайды (13 сурет).

Отырғызылған арша, емен, акация, сирень жаз бойы әрбір 2-3 күннен кейін 3-4-ші күні пластикалық бутылка сыртындағы арықша арқылы суарылады. Бұл аталған өсімдіктер тамырының тереңге бойлап өсуіне мүмкіндік туғызады, өйткені ылғалды топырақта тамыр жақсы өседі.

 Арша, емен, акация, сирень  өсімдіктері тұзданбаған топырақты жерлерде, яғни Алматы облысында, Талдықорған маңайында, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы өседі. Ал, тұзданған топырақ жағдайында арша тұқымының қалай өну шығымдылығын анықтау үшін әртүрлі NaCl ерітіндісінде тәжірибе қойылды. Арша тұқымы Петри табақшасына 50 данадан себілді. Тәжірибе нұсқалары: 1-таза су; 2-0,3% NaCl ерітіндісі;

Информация о работе Қазақстан экологиясын жақсарту мәселелері және емен, арша, акация, сирень өсіру