Ағза және орта

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, дипломная работа

Описание работы

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Работа содержит 1 файл

Арыстанбаб.doc

— 115.00 Кб (Скачать)

 

Аналар адамды бесігімен  баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті  тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Құмар Назерке мен  Төлегенова Аизаның орындауындағы ?

«Отбасы-шағын мемлекет»  деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ  мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана  отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

 

Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.

 

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің  жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен  күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)

 

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін  аналар. Барлық жақсылықты себетін  де аналар. Ендеше сол аналар алдында  бас иелік!

 

Ана –барлық қиындықты  жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің  қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп  аялаған ана бақыт құшағында  емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап  өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке  теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп  қалды,

Мезгіл де біраз жерге  таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз  аяқталды.

 

Сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ағза және орта