Ағза және орта

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:20, дипломная работа

Описание работы

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Работа содержит 1 файл

Арыстанбаб.doc

— 115.00 Кб (Скачать)

            

 

 

 

 

      1. Арқау болған жас өмірдің мәніне  

                     Сусындатқан бізді білім нәрімен

                      Бағыт берген болашаққа жастарға

                     «Арыстанбаб» сен қымбатсың бәрінен

 

                                      Қ-сы

 

                    Қанат берген самғар ұрпаққа

                   Жетелеген асыл мұратқа 

                   Білім ордам биік белесім

                   Ұқсас нәрлі бұлаққа

 

 

                  2)Бір өзіңнен болашаққа аттанар

                    Шәкірттерің есіміңмен мақтанар

                      Жарқын күннен үміт еткен барша жан

                      Тек өзіңнен алтын ұям бақ табар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 Наурызға арналған  Қазақша сценарийлер жинағы: Сыйынар  ем Ана деген тәңірге 

Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )

Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

 

Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр  құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық  әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің  қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір  даналар.

Ана деген тіршіліктің  тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

 

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.А.Талпаховқа беріледі.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана  тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Рахметова Саяның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

 

Кімдер басын имеген-дей  отырып келесі кезекті Шамұратова Жадыраның орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының  бойына адамдық қасиеттерді дарытып  отырған аналардың құдіретті  сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.

 

Аналар адамды бесігімен  баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың  аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті  тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Құмар Назерке мен Төлегенова Аизаның орындауындағы ?

«Отбасы-шағын мемлекет»  деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ  мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана  отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

 

Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.

 

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек  мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің  жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен  күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып  оқушыларының жыр шашуы)

 

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

 

Ана –барлық қиындықты  жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап  өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке  теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп  қалды,

Мезгіл де біраз жерге  таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз  аяқталды.

 

Сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан  әрі дамытып, өзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік өлең үлгісін биік  сатыға көтерген бірден-бір ақын – Махамбет Өтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді  серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын  көрініс табады.

 

Еділдің  бойы  ен  тоғай,

 

Ел  қондырсам  деп  едім

 

Жағалай  жатқан  сол  елге

 

Мал  толтырсам  деп  едім, -

 

деп асқақ арманын  білдірсе, оны орындау үшін бас  кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет өлеңінің негізгі объектісіне айналады.

 

Еңсесі биік ақ орда,

 

Еріксіз кірсем деп едім

 

Керегесін кескілеп,

 

Орын етсем деп едім

 

Туырлығын кескілеп,

 

Тоқым етсем деп едім

 

Тақта отырған хандардың

 

Төрде отырған ханымын

 

Қатын етсем деп едім, -

 

деп мақсат тұғырын толғайтын  жыр төгеді.

 

Мұның бәрін жүзеге асыру  үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде  қалыптастырып қадап айтқан:

 

Ереуіл атқа ер салмай,

 

Егеулі найза қолға  алмай,

 

Еңқу-еңқу жер шалмай,

 

Қоңыр салқын төске алмай,

 

Тебінгі терге шірімей,

 

Терлігі майға ерімей

 

Алты малта ас болмай,

 

Өзіңнен туған жас  бала

 

Сақалы шығып жат  болмай,

 

Ат үстінде күн көрмей,

 

Ашаршылық шөл көрмей

 

Өзі талып ет жемей

 

Ер төсектей безінбей,

 

Ұлы түске ұрынбай

 

Түн қатып жүріп, түс  қашпай,

 

Тебінгі теріс тағынбай

 

Темір қазық жастанбай

 

Қу толағай бастанбай,

 

Ерлердің ісі бітер  ме?!! –

 

деген жолдары тек  батырларды ғана емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып  аттанған бүкіл  халық алдындағы міндетін айқындап тұр.

 

 Махамбет өлеңдері – көтеріліс шежіресі, халық мұңының көрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сөз өнерінің асқақ өкілі ретінде әдебиет тарихында да өзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Халықтың азаттығын көксеген күрескер Маханбет Өтемісұлы

                             (1803-1846)

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы ) 1803 жылы дүниеге келді.

 Жастайынан ақындық өнерге  құмартып өсті. Асқан дарындылығына  қалың жұртшылық бас иген. Махамбет  тек от ауызды сөз шебері  ретінде ғана ел құрметіне  бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

 Махамбет – бұхара халықты  патша өкіметіне , оның жергілікті  өкілдері хан сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін жыртса, «Мұнар күн» жырында ел басына орнаған ауыртпалықты ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз дәуіріндегі еңбекші бұхара өмірінің рухани – поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шындық бейнесі.

1838 жылы Исатай қаза болған  соң, Махамбет шағын тобымен  орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.

 Өмірінің соңғы жылдарын  ақын ауылда өткізеді. Жәңгір  хан мен Баймағамбет сұлтан  халықтың бүлік шығаруына ықпал  етуінен секем алып, оның сыртынан  бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді

 Сонда да жанашыр қауымның  қамқорлығы тимей жүрген бiр  жай бар. Ол- Махамбеттiң тарихи  мұрасын iздестiрудiң жеткiлiксiздiгi. Республика мен облыстың басшылары,  ғылыми, әдеби, тарихи орта ұлы  бабамыздың қоғамдық-саяси қызметi жайлы деректердi, оның ақындық шығармашылық, сазгерлiк мұраларын жинастырып, жарыққа шығаруда мардымды жұмыс iстей алмай келедi.

 Махамбет жайлы жиырма жылдың  үстiнде iздестiру-зерттеу мақсатында  ел аралап, архивтердi ақтарып, жиған-тергенiмiздiң бiрқатарын баспасөз бетiнде жариялап, бабамыздың бай мұрасын халқымыздың игiлiгiне жаратуға қолдан келгенiнше атсалысып келемiз. Бұндағы айтайық дегенiмiз: батырдың қызметi туралы, өлеңдер жинағы жөнiнде әлi де тиянақты ғылыми тұрғыдан дәйектi кiтаптар көрiнбейдi. Кейбiр жерлестерiмiз еңiреген ердiң еңбегiне жеңiл-желпi қарайды екен. Сондайдың салдарынан болар, Махамбеттiң әдеби, музыкалық шығармаларын жинастыру кемшiн. Атырауда талай тарихшы, әдебиетшi, т.б. мамандар, көптеген қоғамдар, iрi кәсiпорындар бола тұра, осы күнге дейiн оның жанкештi болып, шыбын жанын шүберекке түйiп, жүрiп өткен жолдарын анықтаумен ешкiм шұғылданбайтыны өкiнiштi.

"Соғыс" деген өлеңінде  Махамбет көтерілістің әрбір  кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне  сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ - әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан, оны басы ашық қалдырамыз.

 Ал біздің бұл жерде айтпағымыз, ақынның тарихи уақиғаларды тамаша

 

 

     Он тоғызыншы  ғасырдағы қазақ әдебиетінде  жыраулық поэзияны одан  әрі  дамытып, өзінің жарық жырлары  арқылы жауынгерлік өлең үлгісін  биік  сатыға көтерген бірден-бір  ақын – Махамбет Өтемісұлы.  Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс  өлкесіндегі Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді  серігі, халықты оның төңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын өлеңдерінде көтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын көрініс табады.

Информация о работе Ағза және орта