Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:47, реферат
Тұрмыста пайдалану үшін бос газ баллондарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қолданылмаған немесе түбінде қалдықтары барлар қауіпті деп саналмайды.Жүк арту кезінде қауіпті заттар техникалық жағынан тексеріліп, шарттарға сәйкес болуы керек.Шыны ыдыстағы қауіпті заттар арнайы жәшіктер мен кәрзеңкелерге қосымша салынып, олардың арасы жоңқа немесе сабанмен толтырылуы керек.Әрбір оралған заттың сыртқы қабатына (қақпағына, не жанына) жүк артушы заттың қауіптілігін айқындайтын қағаз жапсырады. Бірге оралған, бірақ қауіптілігі әртүрлі заттары бар орамға, категорияларына байланысты қағаздар жапсырылады.