Қауіпті заттарды тасымалдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:47, реферат

Описание работы

Тұрмыста пайдалану үшін бос газ баллондарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қолданылмаған немесе түбінде қалдықтары барлар қауіпті деп саналмайды.Жүк арту кезінде қауіпті заттар техникалық жағынан тексеріліп, шарттарға сәйкес болуы керек.Шыны ыдыстағы қауіпті заттар арнайы жәшіктер мен кәрзеңкелерге қосымша салынып, олардың арасы жоңқа немесе сабанмен толтырылуы керек.Әрбір оралған заттың сыртқы қабатына (қақпағына, не жанына) жүк артушы заттың қауіптілігін айқындайтын қағаз жапсырады. Бірге оралған, бірақ қауіптілігі әртүрлі заттары бар орамға, категорияларына байланысты қағаздар жапсырылады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 14.84 Кб (Скачать)

Қауіпті заттарды тасымалдау

 

Қауіпті заттарға тасымалдау кезінде жарылып кетуі мүмкін, өрт шығарып, адамдар мен жануарларға, сондай-ақ вагондарға залал келтіретін зат, сақтау мен тасымалдауда арнайы шаралардың алдын алуын қамтамасыз ету.Зиянда заттар түрлеріне қарай  категорияларға бөлінеді:

жарылуға бейім сұйықтықтар;

қысымы жоғары және төмен  газдар;

тез жанғыш заттар.

Тұрмыста пайдалану үшін бос газ баллондарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қолданылмаған немесе түбінде қалдықтары барлар қауіпті  деп саналмайды.Жүк арту кезінде  қауіпті заттар техникалық жағынан  тексеріліп, шарттарға сәйкес болуы  керек.Шыны ыдыстағы қауіпті заттар арнайы жәшіктер мен кәрзеңкелерге  қосымша салынып, олардың арасы  жоңқа немесе сабанмен толтырылуы керек.Әрбір  оралған заттың сыртқы қабатына (қақпағына, не жанына) жүк артушы заттың қауіптілігін айқындайтын қағаз жапсырады. Бірге  оралған, бірақ қауіптілігі әртүрлі  заттары бар орамға, категорияларына  байланысты қағаздар жапсырылады. Қауіпті  затты тасымалдау үшін жөнелтпе құжатта (наклоднойда) нақты атауы көрсетілуі керек.Түрлі категориядағы қауіпті  заттарды бірге орағанда, мөрқалыпты сәйкес категориялары бойынша жапсырылады.Қауіпті  заттарға жататын дәрілік заттарды тасымалдағанда белгіленген ережелер бойынша сәйкес шарттары сақталынады.Вагонға  артып- түсірілу кезінде қауіпті  заттың зақымдалмағанына көз жеткізіп, зақымдалған жайт анықталғанда, тиісті шаралар қолдану орнынан алынған  соң жүргізілуі керек.

 

Өндірістік улар және олармен улану

Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс  жасау кезінде табиғи шикізатты  өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді  дайындау мен тасымалдауда, транспортта  жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында  байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен  жұмыс жасау химиялық өндірісте  байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ  өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар/токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.

Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін  шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп  отырады.

Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа  да улы заттарды қолданады.

Улардың әсер етуі жалпы  резорбтивті немесе тікелей болуы  мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда  болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің  ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен  уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі –  әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында  туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді  сорып алуға қатысты жалпы  құбылыстармен сипатталады.

 

 

Токсикология

Токсикология(грекше toxіkon –  у және logos – ілім) – медицинаның  удың қасиеттерін, организмге тигізетін  әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін  зерттейтін саласы. Токсикологияның  бірнеше саласы бар. Мысалы:

әр түрлі жануарлар  мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;

ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай  ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.

 

Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге  алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия  өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану  немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның  ең маңызды саласы – медициналық  токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы:

токсикологияның міндеті  – химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін;

клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика  қойып, оларды емдеу әдісін;

профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын  ала сақтандыру шараларын зерттейді.

 Улы заттар туралы  алғашқы деректер ежелгі Рим  дәрігерлері Диоскорид, Үлкен  Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың  еңбектерінде жазылды. Токсикология  жеке ғылым саласы ретінде  20 ғасырдың ортасында қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстан Ғылым  академиясының Өлкелік паталогия  институты (қазіргі Гигиена және  эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби  патологиялық сектор ашылғаннан  кейін басталды. Қазақстанда токсикология  ғылымының қалыптасып, дамуына үлес  қосқан ғалымдар: О.С.Глозман, Б.Атшабаров,  Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева, Е.А.Біртанов, т.б. 

 

Пайдаланған әдебиет

 

 

Қазақ энциклопедиясы

О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова  Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық  сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.


Информация о работе Қауіпті заттарды тасымалдау