Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 20:35, курсовая работа

Описание работы

Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.

Содержание

КІРІСПЕ
І . АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары
ІІ. АТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері
2.2 Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы
2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Баглан.docx

— 67.07 Кб (Скачать)

 Қазақстан шельфінің  теңіз асты қайраңының Атырау-Маңғыстау  облыстарының жерінде жатқаны  белгілі. Ал бұл екі облыстың шекарасы құрлық бойындағы шекалармен тұтас келеді. ШШШельф орналасқан аймаққа қарай судың тереңдігі – 1,5 метрден 9 метрге дейін барады. Оңтүстік бетін құрайтын Түрікменстан шекарасыа дейінгі тереңдік 20 метрден 400 метрге дейін барады. Мұнай өндіретін бөліктің тайыз болуы жұмыстың жеңілдеуіне, құрылыс бөлшектерінің аз жұмсалуыне әсерін тигізері хақ.

 Сейсмикалық барлау  жұмыстарының жүргізілуіне 1994 жылдың  тамыз айында Ақтауға «Вестерн Джеофизикалдың» келуі айтарлықтай роль атқарды. Осы жерде сейсмикалық жұмыстардың атқарылу нәтижелерін сараптау мақсатында есептеу орталықтары құрылды. Ол әуелі Атырауда, кейін Алматыда дүниеге келді. Сол кездегі тағы бір өзгеріс – 1995 жылы «Каспийшельф» компаниясының «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы болып қайта құрылуы еді. Мұның өзі біздің ел үшін билік тұтқасына ие болуға жол ашатындай көрінді. Алайда ол Қазақстанды жай алдау ғана болып шықты. Біртіндеп ол өзге компаниялардың қолына көше бастады. Оған Қазақстанның бұл консорциумға қаражат қоспауы да әсер етті.

 Сол жылдары Ақтау қаласында консорциумның мониторингі өтті. Онда консорциумның алматы филиалының өкілдері басым болды. Негізгі әңгіме теңіздің экологиялық жағынан бүлінбеуіне арналды. Геология-минерология ғылымдарының докторы, академик Қ.Аманиязов өз сөзінде «егер теңіз экологиялық жағынан бүлінетін болса. Ондай жағдайда оның шығыны консорциум есебінен өндірілетін болсын» деген пікір айтты. Алайда бұл мәселе хақында шешім алынған жоқ. Тек консорциумның қорына 200 млн доллардың бөлінгендігі, одан 20 млн әлеуметтік салаға, 6 млн мамандар дайындауға кететіні белгілі болды.

 Мұнай өндірісі еліміздің қазіргі дамуы үшін ең негізгі екендігіне дау жоқ. Былайша айтқанда ол – Қазақстан экономикасының ең басты көзі. Осыдан он жыл бұрынғы сараптама-салыстыруларға қарағанда Қазақстан мұнайының негізгі қоры теңіз астында болып отыр. Есепші экономистердің пайымдауынша қайраңның Қазақстан жақ бөлігіндегі мұнайдың қоры бүкіл Қазақстандағы мұнай қорының тең жартысындай деп жорамалдаған болса, қазір шельфтегі мұнай қорының ондай болжамнан әлдеқайда көп екендігі анықталып отыр. Олай деліну себебі Батыс Қашағанды қазғанда теңізасты мұнай қоры 7 млрд тонна делінсе, Шығыс Қашағанды қазғанда оның мөлшері 50 млрд-қа артып кетті. Ал қазір 6 алаң зерттелуде. Демек, жоғарыдағы көрсеткіштің әлі де еселей өсетіндігінде дау жоқ. Олай болса бұл Каспий астын мұнай теңізі алып жатыр деген сөз.

 Теңіздің тайыз бөлігі  мен терең бөліктеріндегі атқарылатын  жұмыстардың ауқымы әрқилы болып келеді. Әсіресе оны сейсмикалық жұмыстартар кезінде ерекше назарда ұстау қажет. Жүз мың шаршы шақырым алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды.

 Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай өндіру жолдарын Каспийге қолдана салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын.

 

 

 

 

 

 

        Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері

     Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді. Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті. Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі. Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр. Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.

   Атырау – қысы қатаң, жазы жұтаң, жері сортаң, тұзды аймақ. Ауасы құрғақ, күннің қарқындылығы өте жоғары. Ең қиыны, топырақтағы тұздың көлемі ағаш өсетін қалыпты жағдайдан 70 есе артық. Жер қойнауының су қосындысы сортаң мен батпақты құрайды. Осының салдарынан егілген көшеттің бәрі бірдей тамыр жайып кете алмайды. Жалпы орташа жылдық жауын-шашын деңгейі – 200-300 мм. Ал ағаштар үшін жылына бұл көрсеткіш 700 мм құрау керек.

   Атырау маңының топырағының табиғи құнары, құбылмалы ауа райы, қатал жел-дауыл режимі, орман өсірудің шектеулі нормалары ғылыми ізденіс пен табандылықты қажет етеді. Жобаның табысты болуы тиімді амал-тәсілге, ағаштың төзімді түрлерін егіп, оны қорғай білуге тәуелді. Алайда, мұндай мәселелерді шешудің көптеген жолдары, әлемдік тәжірибесі бар.

    Сондықтан топырақ пен өсімдік-терді зерттеумен ғалымдар айналысып, тұжырымдаманы тегін жасады. Олар халықаралық әуежай, Жилгородок, Балықшы және Ақжар поселкесіндегі саяжай аудандарындағы топырақты зерттеді. Олар қалада қылқан және жапырақты ағаш, бұталардың 72 түрінің өсетіндігін анықтап шықты. Алайда, көгалдандыруға топырақтың тұздылығы мен жауын суларының (жылына кем дегенде 300 миллиметр) аздығы кедергі келтіреді екен. Жыл сайын жауын-шашынның азаюы топырақтың нашарлануына соқтырып отыр. Жасыл желекті өсіру үш саты бойынша жүргізіледі. Бірінші саты – тез өсетін ағаш түрлері, одан кейін бұталар, оның артына газон егіледі. Жоба аясында он жыл ішінде қала сыртындағы Қарабатан зауыты мен «Теңізшевройл», «АМӨЗ» ЖШС-нің аймағы және қаланың шығыс жағы жасыл желекке оранбақ. Қала аумағынан 5 шақырым қашықтықта жасалатын орманды желектің ұзындығы үш шақырым, ені 100-300 метр болады. Шығыс жаққа баса назар аудара отырып, қала айналасына жасыл алқап өсіру қолға алынады. Бүгінде халықаралық әуежай жолын көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бағдарлама бойынша алғашқы жұмыс – Нұрсая ықшам ауданында Тұңғыш Президент атындағы саябақты салу. Парктің аумағы – 5 гектар. Бұл жерде 72 түрлі тал-терек, декоративті бұталар, гүлзарлар мен көк майса, желекке оранған қаланың ең жасыл да әсем белдеуіне айналады. Сонымен қатар, Сәтпаев даңғылы бойындағы Жайық өзені жағалауынан 50 га жасыл саябақ және қала аумағында көлемі 73 га бірнеше шағын жасыл парктер салынады. Оған қоса, қала көшелері мен әуежай жолы толықтай көгалға бөленеді. Жеке секторлар да назардан тыс қалмайды.

 Сондай-ақ, қала айналасында  және өнеркәсіп кәсіпорындарымен  шекарада ені 10 метрден 500 метрге  дейінгі Қарабатан, «Теңізшевройл»  және АМӨЗ-дің жасыл белдеуі-  барлығы 4000 га орналасқан үлкен  орман алқабы болуы тиіс. Орман  алқаптарында міндетті түрде  қала кварталдарына жел өту үшін «дәліздер» болуы керек. Мамандардың айтуынша, Атырауда бірнеше жыл ішінде 4,2 мың гектар жерді көгалдандырып, біздің табиғат жағдайымызда барлық өсімдік түрін өсіруге болады. Бұны зерттеулер мен өздері жүргізіп, іспен дәлелденген шаралары көрсетіп отыр.

 Жоба табысты жүзеге  асқан жағдайда жасылдандырудың  халық-аралық нормасына қол жеткізіліп, микроклимат пен экологиялық  жағдай айтарлықтай жақсарады.  Сондай-ақ, облыс үшін ең өзекті  мәселенің бірі – Жайық өзенінің  суын молайтуға да бұл жобаның  септігі тимек. Мысалы, 1 гектар  жасыл желек жылына 57 тонна суды  сақтайды екен. Бұдан басқа, егер  жағалауды көгалдандыратын болсақ, өзендегі судың мөлдірлігі 2 есеге  дейін артады. Сонымен қатар, қала  көшелерін көгалдандыру ауа температурасын  қыста 2-3 градусқа көтеруге, ал, жазда  ыстықты 3-4 градусқа төмендетуге  мүмкіндік береді. Одан басқа,  тал-теректер қаладағы шудың деңгейін 8-10 дб дейін азайтады. «Жасанды  климат» деген, міне, осы.

 Ең басты күтілетін  нәтиже: ауадағы лас заттар бекітілген  нормаға сәйкестенеді, халықтың  ауруханаға жатып емделуі 4-6 млрд. теңгеге кемиді, сәби өлімі 50 пайызға  азайып, денсаулығы нығаяды, балалар  мен жастардың үнемі таза ауада  болып, спортпен айналысуына жағдай  жасалады, сондай-ақ, 2800 жаңа жұмыс  орны ашылып, шағын және орта  бизнес субъектілері 140 бірлікке  өседі. Жалпы ішкі өнім ВРП  0,9 пайызға артады. Қаланың жалпы  ахуалы, әсемдігі, өмірге қолайлылығы  артады. Бұл – қытымыр климатта, әрі орасан зор аумақта жасыл  белдеу құрудың батыл жобасы. Бір қарағанда қиял сияқты  көрінгенмен, бел шеше кіріссек, бұны да сәтімен іске асыруға  болады. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек. Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады. Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

     Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

     Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр. Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді. Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі. Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол ситяқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

    Жоғарыда аталған, қоршаған ортаға келтіріліп жатқан зиянды азайту, табиғаттың ахуалын түбегейлі жақсарту үшін көгалдандыру жұмыстары өте мардымсыз. Сондықтан үлкен істі бастап, көгалдандыру, қала мен даланы гүлдендіруді қолға алып, бұрын-соңды болмаған тың жоба – алдағы он жылға көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асырғалы отырмыз. Жобаны іске асыруға өз ұсыныс-тарын беріп, ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер бар. Ескертетініміз: жұмысты жүргізетіндер – осы бағытта мол тәжірибесі бар, өз ісін жетік білетін кәсіби мамандардан құралған компаниялар. Олар бастапқы қаржыны өздері салып, отырғызылған әр тал 5 метрге өсіп, әр шаршы метр газон жерсініп, жұмыстарының нәтижесін іс жүзінде көрсеткеннен кейін бір-екі жылдан соң қаражатын төлейтін боламыз.

Информация о работе Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары