Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 20:35, курсовая работа

Описание работы

Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.

Содержание

КІРІСПЕ
І . АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары
ІІ. АТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері
2.2 Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы
2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Баглан.docx

— 67.07 Кб (Скачать)

                                                   МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І . АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1.1 Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары

ІІ. АТЫРАУ ӨҢІР АУАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Каспий өңіріндегі мұнай тасымалдау саласының Атырау ауасының эколо-гиялық жағдайына әсері

2.2 Каспий экологиясына мұнай өндірудің қаупі қанша және Каспий аймағының ахуалы

2.3 Өндіріс қалдықтарының атмосфералық ауаға әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

              

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

                                          

 

                                                  КІРІСПЕ

    Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының құжаттарында ашық айтыл-ғандай, адам денсаулығына дәрігерлік саланың жұмысынан 10 пайыз ғана пайда болса, оның 40 пайызға жуығы табиғат жағдайына, экологияға байланысты екен.

    Кеңес дәуірінде “табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран аяғында егіндік, шабындық жерлеріміздің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, балықтың азаюына, атмосфераның бүлінуіне әкеліп соқтырғанын көрдік. Ал қоршаған ортаның қолайсыздығынан адамның денсаулығына келетін зиян аса қауіпті екенін жоғары-+

 да айтып кеттік.

    Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, алтын әріптермен жазылған болса, осы Заңның 29, 31 баптарында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы барлығы және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп ашып көрсетілген.

    Халықтың денсаулығын қорғау - мемлектіміздің қауіпсіздігінің бір кепілі. Сондықтан да халықтың денсаулығын экологиялық қолайсыз жағдайлардан қорғау, елді мекендерде қоршаған орта нормативтерін сақтау, өнеркәсіп нысандарын елді мекеннен тысқары жерге шығару, экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру, халықтың денсаулығына экологиялық тұрғыдан келген зиянды өтеу бүкіл мемлекеттік органдар мен сот органдарының қатаң бақылауында болғаны абзал.

    Тақырыптың өзектілігі. Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктерге кері әсерін тигізіп жатқандығы белгілі. Қала-лардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкірт ангидридімен, азоттың оксидтерімен ластануы өте жоғары болып тұр.

    Заманауи мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады..Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады. Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ.. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.

    Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істейтін негізгі кәсіби топтағы адамдардың ағзасының функционалдық жағдайын бағалау бойынша кешенді өткізілген физиологиялық тексерістер, ауыспалы жұмыс істеу динамикасында физиологиялық критерилер бойынша операторлар мен машинистердің еңбегін орташа ауырлық жұмыс санатына, ал слесарьлардың еңбегін 3 класты ауыр жұмысқа және жүйке жүйесінің ауыртпалылығын дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ  ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

    Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.

   Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықта-рынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды. Бірақ, шешілмеген проблемалар да жеткілікті. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, өткен жылы аумақтың экологиялық жүйесіне техногендік салмақты барынша азайту мақсатында біраз жоспарлы шаралар жүзеге асырылыпты. Мәселен, тек облыстық бюджеттен ғана 7 млрд. теңгеден аса қаржы жұмсалып, оған 20 шақты ірі жоба игерілген.  Соның ішінде мамандар қала аумағында су нысандарын сенімді қорғау үшін жағалауды бекіту жұмыстарының жүргізілгенін айтады. Бұл бағытта төрт миллиард теңгеден аса қаражат жұмсалды. Соңғы 20 жылдың төңірегінде алғаш рет су қорғау жолағы жасақталып, осы орайдағы шаралар қолға алынды. Біраз жылдан бері сөз болып жүрген қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы ақыры аяқталды. Шілденің ыстығында ұдайы өртке оранып, одан шыққан ащы түтін қалалықтардың тынысын тарылтып жүрген-ді. Енді бұл мәселе де оң шешімін тапты. Қатты тұрмыстық полигонға қатысты жұмыстар мұнымен де тәмамдалмайды. Алдағы уақытта мұндай құрылыстар аудан орталықтарында жалғаспақ. Ал, одан әрі ірі елді мекендерде де полигон тұрғызу жоспарда бар. Бұл туралы облыстық әкімдікте арнайы мәселе қозғалды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сараптамалық лабораторияның пайдалануға берілуі де – өткен жылдың айтулы оқиғаларының бірі. Жалпы, мамандардың айтуынша, полигон мен лаборатория құрылысына барлығы 1,7 млн. теңге жұмсалды. Енді жергілікті экологтар ешкімге жалтақтамай, зерттеу жұмыстарын қазіргі заманғы жабдықтармен өздері-ақ жасай алатын дәрежеге жетті. Біраз шаруа табиғатты пайдаланушылар есебінен тындырылды. Мәселен, олардың қатысуымен өткен жылы 49 млрд. теңгеге 304 шара жүзеге асырылған екен. Жергілікті атқарушы биліктің табанды талап етуі нәтижесінде отандық және шетелдік компаниялар қоршаған ортаны қорғауға жұмсайтын қаржысын жыл санап көбейтіп келеді. Демек, бұған дейін олардың атына айтылған орынды сыннан оң қорытынды шығарылуда. Әйтсе де, әлі де қолға алатын жобалар да жеткілікті. Мәселен, Қарабатан мекенінде «Болашақ» зауытының салынуына байланысты қаламен екі ортаға ағаш отырғызып, жасыл желекпен көмкеру мәселесі әлі айқындалған жоқ. Осы мақсатқа жергілікті атқарушы билік тарапынан 1,6 мың гектар жер телімі де бөлінді. Облыстық әкімдіктің тапсырысымен техникалық-экономикалық негіздеме жасақталып, бұл құжат бірлесіп қаржыландыру үшін Аджип ҚКО және НКОК компанияларына тапсырылды. Егер Қарабатан зауытының бер жағына республикадағы тұңғыш мұнай-химия кешені де тұрғызылатынын ескерсек, онда қаламен аралықтағы жасыл желектің маңызы одан әрі арта түспек. Оның үстіне, өңірдің табиғи ерекшеліктеріне орай жел ұдайы шығыс беттен соғып, бірнеше күн бойы бағытын да өзгертпейді. Демек, қаланың осы жағын табиғи ағашпен қорғау аса қажет. Жалпы, жасыратыны жоқ, бұл проблеманың қозғалғанына біраз жыл болды. Оның үстіне, мамандардың айтуынша, шет елдерде қоршаған ортаға теріс әсер ететін өндіріс ошағы салына бастағанда-ақ оның төңірегіне тал егіп, жасыл желекке бөлеу мәселесі де бірге шешімін табады екен. Ендеше, біз сәл кешігіп те қалған тәріздіміз. Ал, шетелдіктер өздерінде бұлжытпай қолданатын бұл істі тек қатаң талап ету нәтижесінде ғана қолға алмақ болып жатқаны өкінішті. Сонда да әлі қаржыландыру мәселесі толық шешілген жоқ.

    Атырау мұнай өңдеу зауыты төңірегінде де жасанды орман жасақтау мәселесі енді ғана шешімін тауып келеді. Бұған дейін де облыстық әкімдікте айтылғанындай, соңғы кезге дейін кәсіпорынның санитарлық қорғаныш аймағы да айқындалмай, жергілікті экологтарды біраз сергелдеңге салып еді. Рас, бұл ретте біраз объективті себептер де аталды. Мәселен, сонау жылдары қала сыртында саналатын зауыт содан бергі уақытта ортада дерлік қалды. Өйткені, соңғы жылдары салынған құрылыстар қанат жайып, тұрғын үйлер кәсіпорынға жақындай түсті. Ал, субъективті себептер санатына осы зауыттың одан әрі дамитындығы, жаңа жобалар қолға алынатындығы белгілі болғанда, жасанды орман жасақтау кеш ескерілгендігін айту қажет. Әйтсе де, бұл бағыттағы жұмыстар қазір басталды. Осы жобаның аяқталар мерзімі 2010-2011 жылдар ретінде белгіленіп отыр.

Тағы да облыстық әкімдіктің бастамасымен Аджип ҚКО компаниясы қала ішінде және «Болашақ» зауытына жақын тұсқа атмосфералық ауаны тұрақты бақылау үшін 20 сапа мониторингі стансасын орнатты. Енді ауа тазалығы туралы нақты мәлімет «он-лайн» жүйесінде «Атырау гидрометерология орталығы» кәсіпорнына тура түседі. Бұл жергілікті атқарушы билікке қоршаған ортаның жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұған қоса Қашаған кенішіндегі теңіз аралдарының төңірегіне де осындай жабдықтар орнату мәселесі шешіліп жатыр. Демек, мұндағы жасалып жатқан жұмыстар да тұрақты бақылауда болмақ. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы да атмосфералық ауаның тазалығын қадағалайтын төрт қосымша станса қатарға қосылды. Осындай шара «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де қолға алынбақ. Осы орайда қазір қатты талқыға түсіп жүрген өзекті мәселелердің бірі – мұнай дайындау кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумақтарының залалды қалдықтарды тарату қашықтығына дәл келмейтіндігі. Соның салдарынан кейбір елді мекендер шын мәнінде осы аумақтың құрамында қалғанымен, ресми тұжырымда сырт саналып келді. Енді жергілікті атқарушы биліктің пәрменді шаралары нәтижесінде бұл олқылықтың да орны толтырылмақ. Яғни қазір Ескене мен Байшонас поселкелерін көшіру мәселесі шешілу сатысында. Олардың тұрғындары экологиялық таза өңірлерге қоныс аудармақ. Оның үстіне, облыстық әкімдіктің тапсырысымен Санк-Петербургтағы Воейков атындағы геофизикалық институт қазір мұнайгаз кешендерінің санитарлық-қорғаныш аумағын айқындаудың жаңа әдістемесін жасақтауда. Өйткені, бүгінгі қолданылып жүрген тәсілдердің заман талабына сай еместігі белгілі болды. Бұдан басқа өңірдің өзекті проблемалары қатарына Жайық өзені арнасының жыл санап кеміп келе жатқандығы қосылады. Соңғы кезде көктемгі тасу кезінде де айтарлықтай су келмейтін болды. Өзеннің кейбір жері мүлдем құрғап қалу қаупі алдында. Бұл өзеннің бастауы Ресей жерінде болғандықтан, сол мемлекет мамандарының қатысуымен мемлекетаралық комиссия құру ұсынылуда. Қайткенде де, Жайықты сақтап қалу тек Қазақстанға ғана емес, Сонымен қатар Ресейге де қажет. Өзен суы сарқылса екі ел де зардап шекпекші. Ендеше, тығырықтан шығу жолы да бірлескен ізденіс нәтижесінде шешілмек. Біраз жылдан бері шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мәселелердің бірі – Теңіз кенішінде жинақталған күкірт. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ара-тұра таратып тұратын мәліметке қарағанда, оның сату көлемі жыл санап артып келе жатқанымен, әлі де 7 млн. тонна шамасында күкірт жинаулы тұр.

Облыс әкімдігі ТШО компаниясымен  бірлесіп күкірт сақтауды болдырмау мақсатында оны пайдалану мен залалсыздандырудың балама әдістерін де іздестіріп жатыр. Сайып келгенде, бұл іске бірлескен кәсіпорын басшылары да ынталы болуы тиіс еді. Аталмыш мәселе мемлекеттік деңгейге де көтерілді. Елбасының тапсырысымен Ұлттық күкірт сақтау орталығы құрылмақшы. Мұндай құрылым күкіртті ұзақ уақыт экологиялық тұрғыдан таза сақтауға ғана емес, әбден тазалап, сатуға шығаруға да мүмкіндік береді.

   Қазір күкірт сақтау мәселесі өңір үшін ең маңызды саналап отыр. Өйткені, таяу жылдары Қашаған кеніші де пайдалануға берілмекші. Ал, бұл кен орнынан шығатын өнім құрамында да күкірт бар. Солтүстік Каспий жобасына қатысушылар оның көлемі айтарлықтай көп болмайтынын айтқанымен, бәрібір жұртшылықты алаңдатып отыр. Ақырында, қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселе біртіндеп шешіліп жатқанымен, әлі де түйткілді жайлар жоқ емес. Сондықтан, шетелдік инвесторлардың қатысуымен осы қалдықтарды өңдейтін қазіргі заман талаптарына сай келетін зауыт тұрғызылмақ. Бұл проблема да біраз жылдан бері көтеріліп келе жатқанымен, шешімі енді ғана табылғалы тұр. Сөйтіп, қалдықтарды да кәдеге жарататын күн таяу. Ал, биыл қаланың шығыс бөлігінде кәріздік-тазалау қондырғысының құрылысын бастауға 500 млн. теңге бөлінді. Демек, біраз жылдан бері жыр болған бұл проблема да оңтайлы шешілмек. Міне, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен биылға белгіленген кейбір шаралар осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары

    Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми – техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр – табиғи ресуростардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде.

    Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі екі маңызды құжаттаманы қабылдады «Тұрақты дамуға өту концепциясы және ҚР Экологиялық кодексі» олар біздің қоғамымызға қазақстандық халықтардың өмір сапасын жақсарту жне табиғатты пайдалануды стимулдау және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мақсатты бағытталған міндеттерді қойды.

     Экологиялық кодекс – бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.

     Қазіргі уақытта Қазақстан энергияны тұтыну бойынша көш басшы болып отыр, ал ол құр көңіл аудармай қоя салатын жағдай емес. Ғылым өзінің үлесін қосып, және қалдықсыз технологияларды өңдеу бойынша жаңа технологиялрды құрып, энергияның альтернативтті көздерін ойлап тауып және қоршаған ортаны сақтау үшін көмегін тигізетін көптеген міндеттерді шешуі қажет. Осы сұрақтарды экологиялық кодекс шешуге әрекет салуда, бірақ оны пайдалану бойынша жұмыстарды барлығым өз орнымызда жүргізуіміз қажет. Осыдан келетін Қазақстандықтардың барлығы үшін пайда орасан зор.

    Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын зат болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапысн сақтау құндылығына байланысты болып отыр.

   Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып отырады.

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

• технологиялық қайта жарақтау және ескірген жабдықтарды бірте-бірте пайдаланудан шығару, электр энергиясын өндірген, тасымалдаған және таратқан уақытта озық технологияларды пайдалану;

• технологиялық өндіріс процестерін, электр энергиясының жіберілуі мен таратылуын жетілдіру;

• реактивті қуат құрылғыларын енгізу жолымен энергия қуатын үнемдеу және желілердегі электр энергиясының жоғалуын азайту іс-шараларын жүргізу;

• отынмен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру шараларын жүргізу;

• өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу;

• дәстүрлі емес және қалпына келтірілетін энергия көздерін дамыту;

• гидроэнергетикаға арналған суқоймалардың ағын суағарын реттеу;

• СЭС-i пайдаланған уақытта  су нысандарының ластануына жол бермеу және биологиялық ресурстарды сақтау;

• жылу электр станцияларына энергетикалық көмір жағатын жаңа технологияларды, күкірт және азот тазалау түтінгаздарының заманауи әдістерін енгізу.

Информация о работе Атырау облысының жалпы экологиялық жағдайлары