Қалдықтар туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Дүние жүзіндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың жағдайын есептеу, оларды жоюдың қиындығын көрсетеді. Оның басты себебі болып олардың пропорционалды емес жылдық өсуіне байланысты қоқыс жинауға бөлінген жерлердің жетіспеуіне әкеліп отыр, ал ол экологиялық қауіпті объект болып табылады. Орта есеппен 1т қалдықтан 170 кг биогаз, 410 кг компост, 250 кг екінші ретті қалдықтарды (әйнек, мата, ағаш, пластмасса) алуға болады. Барлық қалдықтардың 70% жағу, пиролиз, газдандыру арқылы жылу, арнайы отын алу үшін қолдануға болады. Осы жағдайлар қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың интенсивті әдістерін қолдануға әкеледі.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................2-3 бет

1 тарау Әдебиеттерге шолу.........................................................................4-12 бет
1.1 Қалдықтар туралы жалпы түсінік
1.2 Қалдықтардың жіктелуі
1.3 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама
1.4 Тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру
1.5 Қоғамды экологияландыру

2 тарау Зерттеу объектісі және әдісі........................................................12-16 бет
2.1 Зерттеу обьектісі
2.2 Зерттеу әдістемесі мен есептеулер

3тарау Зерттеу нәтижелері және талдау..................................................17-20 бет
3.1 Зерттеу нәтижелері және талдау
3.2 Тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін арттыру шаралары


Қорытынды............................................................................................21бет

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................22 бет

Работа содержит 1 файл

экология.docx

— 98.35 Кб (Скачать)

         Қатты тұрмыстық қалдықтарды  өртеу әдісімен залалсыздандыруды  таңдаған кезде атмосфералық  ауаға бөлінетін шығарынды газдарды  тазалаудың көпсатылы жүйесін  қолданылады және шығарынды газдардың  сапасын әрдайым автоматты бақылау  негізінде болуы тиіс.

         Отандық құрылғымен және газды  бір сатылы тазалау жүйесімен жабдықталған қоқыс өртейтін зауыттар атмосфералық ауаға тасталатын ластағыш заттар санитарлық-гигиеналық талаптарды қанағаттандырмайды. Шлак пен түтінді нейтралдайды, содан кейін полигонға көмуге немесе екінші ретті қолдануға жібереді. Қоқыс өртейтін зауыттардың көлемі үлкен емес және  оны әрбір қаланың территориясында орналастыруға болады.

         Қатты тұрмыстық қалдықтарды компостирлеу жолымен залалсыздандыру әдісін таңдаған кезде келесі ерекшеліктерді ескерген жөн:

  1. Қоқыс өңдейтін зауыттардың жұмысы кезіндегі жағымсыз фактор-бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеу-түсіру, ұсақтау жерлеріндегі ауа ортасына газдардың бөлінуі. Атмосфералық ауаға бөлінетін газдардың шамасы  1т қатты тұрмыстық қалдықтарға 850г келеді және олар толуол, ксилол, көмірсутек, бензол, ацетон, көмір қышқылдары, уытты шаңнан тұрады, құрамында дибензо-парадиоксин және фуран түріндегі экотоксиканттар болуы мүмкін.
  2. Міндетті түрде қатты тұрмыстық қалдықтардан қара және түсті металдар, пластмасса және ірі компостирленбейтін фракциялар алынуы керек.
  3. Өңдеудің басты шикізаты- қатты тұрмыстық қалдықтардан алынған компост, ол ауыр металдардан тұрады, мысалы: сынап, күміс, кадмий, сурьма, цинк, висмут, мыс, селен, вольфрам.
  4. Қоқыс өңдейтін зауыттардың көлемі әрқашан оларды қала территориясында орналастыруға мүмкіндік бермейді.

         Қалдықтарды жоюдың ең кең  таралған және жеңіл әдістерінің  бірі-қалдықтарды жерге көму арқылы жүзеге асырылатын қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс жинау жерлерінде және полигондарда қоймалау әдісі, бұл тиісті табиғат қорғау жұмыстарын өткізгенде қоғамның денсаулығына қауіп-қатер тигізбейді. Полигондарды орналастыруға арналған жер учаскелерін 15...20 жыл пайдалану ұзақтығын есепке алып таңдайды. Мұндай учаскелердің ауданы әдетте 40...200га және одан да үлкен ауданды құрайды. Бірақта мұндай аудандарды ірі қалалардың маңынан бөлу қиынға соғады, сондықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың басқа әдістерін таңдауға мәжбүр етеді .

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою және залалсыздандыру  қалалар үшін қолайсыз экологиялық  фактор, тұрғындардың санитарлық қолайлығының, қоғамдық гигиенаның  маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі кезде тұрмыстық қатты қалдықтарды  жоюдың бірінші орындағы полигондарға жинау. Қалдықтардың полигондарға  90-95% ( 10% өртелінеді) шығарылады. Егер қалдықтарды жинайтын болса, олар залалсыздандырылады деген ой қалыптасқан. Бұл қалыптасқан ой дұрыс емес. Полигондар табиғи ортаға, тұрғындарға жылдар бойы экологиялық және әлеуметтік  қауіп тудырады.

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жақын жерде, полигон фильтрларымен ластанатын артезиан су скважиналары орналасқан .

Сонымен қатар қоршаған ортаға биогаздардың (метан, күкіртқышқыл газы) бөлінуі  әсер етеді. Олардың мөлшері санитарлық нормалардан асып, адамдарды тұншықтырады. Свалка материалдарының биохимиялық  шіруі және химиялық қышқылдануы  температурасы 75°С жылу бөлінетін көздердің ошағы болады. Яғни, қалдықтардың өздігінен жануы мүмкін. Тұрмыстық қатты қалдықтар материалдарының шіруі 1км астам жерге жағымсыз иістің таралады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялаудың екінші бағыты органикалық тыңайтқыштарды (компост) өндеу болып табылады. Қалдықтарды өндеуде белгілі әдістердің ішінде ең қолайлы және гигиеналық болып,  цилиндр барабанында (диаметрі 4м, ұзындығы 30-60м) айналдыру биоөндеу әдісі табылады. Бұл процесс адамнан толықтай изоляциялап өтеді.

Бұл әдістің  қиындығы ТҚҚ жіктеп, алдын ала  өндеуден өткізу керек. Ресейде тұрғындардан қалған ластанбаған және жіктелген  екінші ретті шикізатты жинақтау жүйесінің болмауы, мусорды жіктеу, бөлу және екінші ретті шикізатты (пленка, қағаз, қара және түсті металл,әйнек) жинау үшін қосымша зауыт құралуы  керек.

Өкінішке  орай, халықтың экологиялық мәдениеті  төмен болғандықтан, тұрмыстық қалдықтарға  сыр, батарейкалар, люминисценті шамдар және т.б. қалдықтардың түсуінен компост ауыр металдармен және басқа да зиянды заттармен қанығуы мүмкін.

1.5 Қоғамды экологияландыру

 Қоршаған ортаны қорғаудың  ақпараттық жүйесiн құру және  азаматтардың қалың тобының экологиялық ақпаратқа қол жетуiн қамтамасыз ету. Ақпаратқа кіру, шешiмдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткiзу туралы конвенцияға қол қою және бекіту кезiнде Қазақстан Республикасы алған міндеттемелерді іске асыру міндеттемелерді іске асыру міндеттеріне жауап  береді. 
      Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне экологиялық білім беру бойынша инновацияларды енгізу тетіктері әзірленетін болады.      Экологиялық ағарту және үгіт-насихат жүйесін дамытуды қамтамасыз ету ақпараттық-ағарту материалдарын жаңарту және құру жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды болжайды. Ол халықтың қалың топтары үшін экологиялық білімдердi насихаттауды, қорғаудың ерекше шараларын талап ететiн елдің флорасы мен фаунасының бiрегей түрлерiн суреттеумен және әдемi бейнелеумен брошюраларды, ақпараттық парақтарды, ғылыми-қызғылықты әдебиетті, күнтiзбелердi, открыткаларды, буклеттердi, почта маркалары мен белгілерiн шығару жолымен экологиялық мәдениеттi қалыптастыруды, теле және радиохабарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Қоғамды экологияландыру, ақпаратты экологияландыру  мәселелерін де қолға аламыз. Экономиканы  экологияландыру дегеніміз - кәсіпорындар шығарып отырған қалдықтардың барлығын экологиялық талаптарға сай ету  және азайту. Ол үшін арнайы қондырғылар  орнату керек. Ал қоғамды экологияландыру  дегеніміз – қоғамның экологиялық  мәдениетін көтеру. Біздің қоғамымыздың экологиялық мәдениетінің өте төмен  екені рас. Өткенде Елбасы "Сингапурда темекі тұқылын тастағандарға 100 доллар айыппұл салады екен" дегенді  айтты. Ал бізде қоқысты лақтыра  салу қалыпты жағдайға айналып кеткен. Әсіресе, жаздың күні жолаушылар пойызда  келе жатып, тағамдарының қалдығын ашық терезеден лақтыруды әдетке айналдырған. Көктемде қар кеткенде, пойыз жолдың айналасын қарасаң, кісі шошиды. Міне, біздің мәдениетіміздің түрі. Экологияны көтеруді осы экологиялық мәдениеттен бастау керек. Мысалы, Оңүстік Кореяда мектепке баратын балалардың сөмкесіне арнайы екі қалта тігіледі екен. Бір қалтаға сыпырғыш, біріне қалақша салып береді. Көшеде келе жатқан оқушы далада жатқан қоқысты құралдарымен алады да қоқыс жәшігіне салады. Оған арланбайды да. Оны «өз борышым» деп біледі. Міне, экологиялық мәдениет қайдан басталады. Біз де осыдан үлгі алуымыз керек. Бүгінде қазақстандық телеарналардың бірде-бірінде экологиялық бағдарлама жоқ. Бірде-бір экологиялық үндеу жоқ. Экологиялық мемлекеттік емес ұйымдар шама-шарқынша газеттер шығаруға тырысады.

 Бірақ олардың үні көпшілікке  жетпейді.

  2 тарау   2.1  Зерттеу обьектісі

Тұрмыстық қатты  қалдықтардың түрлерін анықтап, полигондардың  жай-күйін анықтау мақсатында БҚАТУ-ң  экология бөлімінің  3 студентімен  бірге жұмыстанған болатынбыз.

Тұрмыстық  қатты қалдықтарды жинау объектісі  полигон болып есептеледі.

   Қатты қоқыс қалдықтарын сақтауға арналған 1975 жылы қолдануға берілген полигон Орал қаласынан 8 км жерде Деркул поселкісінің жанындағы Орал- Саратов автобекетінің бойында орналасқан. 2007 жылдың 01 қазанымен салыстырғанда жиналған қалдық көлемі 7-7,5 млн.тонна болады.Полигонның жалпы көлемі – 33 гектар, соның ішінде:

 шаруашылық  аймағы 3 га,  қоршалған  дамба 4 га, көмуге арналған алаң  26 га.

Санитарлық - қорғау аймағының мөлшері – 1000м  кем емес.

Полигон аймағында өндірістік құрылымдардан  және тұрғындардан алынған сынап  шамдарын сақтайтын қойма бар. Осы шамдар кетуге демеркуризациюына беруге дейін , олар уақытша орындарда сақтайды.

Полигон ағаш бөгеті бар сырт жақтардың 3- і  жабдықталған еріген сулардың жиналуына арналған қаналмен жалғасады.

 Полигоннан 300-350 метр жерде табиғи суат  орналасқан.

  Полигонда жұмыс жасайтын тракторларға арналған  тұрақ орналасқан.

  Полигонға  шығатын жер  шлагбауммен жабдықталған . Полигонда қалдықтарды қабылдауға, орналастыруға және кетіруге арналған 8 аймаққа бөлінген. Полигонда тіркеу журналдары жүргізіледі , онда қалдықтардың аты, мөлшері мен саны және есебі көрсетіледі. Қалдықтар жөнінде мәліметтер ай сайын Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау  басқармасына  беріліп тұрады.

   Қатты тұрмыстық қалдықтарға   тұрғындардың шаруашылық  негізінде  пайдаланған тұрмыстық заттарының қалдықтары, соның ішінде  пәтер жөндеуден кейінгі құрлыс материалдарының қалдықтары,  т.б.

   Қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы  машинаның көмегімен  түсіріледі, содан кейін ауыр бульдозермен  қалыңдығы 30-40см жайылып үстінен  бірнеше рет басып өтеді. Жазғы мезгілде қатты тұрмыстық  қалдықтардың  тапталған   қабаты топырақпен көміледі және бульдозермен таптанады.

Кешенді табиғатты қорғау құрылысы тұрмыстық  қатты қалдықтарды залалсыздандыруға, атмосфера, топырақ, суды ластанудан және де кемірушілер мен ауру тудыратын  микроағзалардан қорғауға негізделеді.

Полигондағы тұрмыстық қатты қалдықтарды  жинау, тығыздау, шектеу, механикалық  түрде орындалады. Полигонда Орал қаласы мен өндірістерден  шыққан қалдықтар жиналады. Бұнда  тұрғын және қоғамдық үйлерден, қаланың әртүрлі  өндірістерінен, саябақтан және құрылыстық қоқыстар мен әртүрлі өнеркәсіптік инертті қатты қалдықтар: көше қоқыстары, пәтерде уақытша өңдеу жұмыстарынан шыққан қоқыстар: қағаз, әйнек, сүйек, резенке, металдар, ағаш, қораптар және т.б. қоқыстар әкелінеді. Қаңғыбас жануарларды аулау  қазіргі уақытта көп екені  белгілі. Егерде жануарлардың өлігін тапқан жағдайда, оны полигондағы №5 аймаққа  көмеді.  Емханалардан А класына  жататын  улы қалдықтар жиналады. Өндірістің өзінің қоқыстарына- люминесцентті  шамдар, аккумуляторлық батарейлер, көлік  дөңгелектерінің резенкелері, жұмысын  өтеген майлар, құрылыстық қоқыстар, темір  ұнтақтары және де мұнай өнімдерімен  ластанған топырақтар жатады. Қалдықтардың токсикологиялық класы I-IV арнайы өңдеуге жабдықталған кәсіпорынға жіберіледі.(3 сызбанұсқа)

2006 ж.  Орал қ. Полигонға 90034 тонна  қалдық шығарылды. Сонымен қатар  2500 кәсіпорынды жинастырды. 04.09.2007 ж.  шығарылған қалдықтың толық көлемі 7,5 млн. жетті. Полигон өндірісінің  күші – 36,5 млн.м3 . Қалдықтарды жинау және уақытша сақтауға арналған қосымша 14 аумағы бар: оның 7 ашық, 7 жабық.

Тұтыну  қалдығына ТҚҚ мен өңделген люминесцентті  шамдар жатады. Қалғандары өндірістік қалдықтарға жатады.

Өндірістен  шығатын қалдықтардың түрлері.

  • Темір ұнтағы станоктарда металдарды өңдегенде п.б. Темір ұнтақтың көлемі орындал жұмысына байланысты. Темір ұнтақтың  көп бөлігі токар станогы мен бұрғыдан шығады. Барлық жиналған темір ұнтағы уақытша сақтауға арналған қорапқа салынады.
  • Жұмысын өтеген май автотракторлық техника жұмыс істегенде қолданылатын қозғалтқыштық және трансмиссиялық май. Нәтижесінде қасиетін жойған май пайда болады. Жұмысын өтеген майлар уақытша сақтауға арналған малалл контейнерге құйылады.
  • Жұмысын өтеген люминесцентті шам объекті жарықтандыруға қолданатын, құрамында сынабы бар және жұмыс өтімі 10000 сағатқа жететін шам. Пайдадан қалғаннан кейін оны қорапқа салып уақытша сақтайтын бөлмеде сақтайды.
  • Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ)  тұрғын үйлер менадамның өмірлік саладан шығатын тағам өнімдері, қораптар, шаң, және т.б.қалдықтар. Олар контейнерге жиналады. Бұл түр токсикалық болғасын полигонда орналасуы тиіс.
  • Құрылыстық қоқыс ғимараттарды жөндегенде п.б. 2008 ж.  (2бөлмені) сырлау жұмыстары жоспарланған, сондықтанда сырдың қаңылтыр тарасы минималды түрде шығарылады. Бұл қалдықтың түрі ТҚҚ кіреді.
  • Металдар жұмыс істемей қалған механизмдер мен металдармен жұмыс жасағанда п.б. Олар арнайы жабдықталған алаңда орналасып әрі қарай мекемемен өңделуге жіберіледі.

Тұрмыстық қатты  қалдықтар полигоны жаңартқан кезде  де, санитарлық-экологиялық талаптарға сай жаңа полигон құру керек.

 Сонымен қатар Орал қаласынан  санитарлық тазалау нәтижесінен  пайда болған қалдықтар  «Асан» карьерына қоқыс, бұталар және қар жіберіледі. Ол «Асан» агрофирмасы ауданында «Орал-Самара» автотрассаның бойында орналасқан.

Жыл сайын орташа «Асан» карьерына  шығарылады:

Қоқыс                -9000 тонна

Құрылыс қоқысы           -5500тонна

         Бұталар  мен жапырақтар   – 17000 м3;

Қар                                 – 14000 м3;

2.2. Зерттеу әдістемесі мен есептеулер

1) Орал қаласында пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды есептеу

Орал  қ мекеменің өтінішімен 2008 ж. шығарылған ТҚҚ толық көлемі Qобр1 =167280,746 м3 , 

Мобр=167280,746 м3*0,2=33456,149 тонна.

Орал  қ тұрғын райондардан жинақталған  ТҚҚ  (4,7 нормативі) бойынша мынаған  сәйкес:

         n

Qобр=∑ pimi  

                1

Информация о работе Қалдықтар туралы жалпы түсінік