Қалдықтар туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Дүние жүзіндегі қатты тұрмыстық қалдықтардың жағдайын есептеу, оларды жоюдың қиындығын көрсетеді. Оның басты себебі болып олардың пропорционалды емес жылдық өсуіне байланысты қоқыс жинауға бөлінген жерлердің жетіспеуіне әкеліп отыр, ал ол экологиялық қауіпті объект болып табылады. Орта есеппен 1т қалдықтан 170 кг биогаз, 410 кг компост, 250 кг екінші ретті қалдықтарды (әйнек, мата, ағаш, пластмасса) алуға болады. Барлық қалдықтардың 70% жағу, пиролиз, газдандыру арқылы жылу, арнайы отын алу үшін қолдануға болады. Осы жағдайлар қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың интенсивті әдістерін қолдануға әкеледі.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................2-3 бет

1 тарау Әдебиеттерге шолу.........................................................................4-12 бет
1.1 Қалдықтар туралы жалпы түсінік
1.2 Қалдықтардың жіктелуі
1.3 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама
1.4 Тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру
1.5 Қоғамды экологияландыру

2 тарау Зерттеу объектісі және әдісі........................................................12-16 бет
2.1 Зерттеу обьектісі
2.2 Зерттеу әдістемесі мен есептеулер

3тарау Зерттеу нәтижелері және талдау..................................................17-20 бет
3.1 Зерттеу нәтижелері және талдау
3.2 Тұрғындардың экологиялық мәдениеттілігін арттыру шаралары


Қорытынды............................................................................................21бет

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................22 бет

Работа содержит 1 файл

экология.docx

— 98.35 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................2-3 бет

 

1 тарау Әдебиеттерге шолу.........................................................................4-12 бет

1.1 Қалдықтар  туралы жалпы түсінік

1.2 Қалдықтардың  жіктелуі

1.3 Тұрмыстық  қалдықтарға сипаттама

1.4 Тұрмыстық  қалдықтарды залалсыздандыру

1.5 Қоғамды  экологияландыру 

 

2 тарау Зерттеу объектісі және әдісі........................................................12-16 бет

         2.1 Зерттеу  обьектісі

2.2 Зерттеу әдістемесі мен есептеулер

 

3тарау Зерттеу нәтижелері және талдау..................................................17-20 бет

3.1 Зерттеу нәтижелері және талдау

3.2 Тұрғындардың  экологиялық мәдениеттілігін арттыру  шаралары

 

 

Қорытынды............................................................................................21бет

 

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................22 бет

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

ХХ - ғасырдан бастап адамның әрекетімен жасалынған ең қауіпті мәселенің бірі, табиғи қоршаған ортаға өндірістік және тұтыну қалдықтармен кері әсерін тигізіп отыр. Адам баласы өмір сүру  кезінде кез-келген ойық немесе сай жерлерге қалдықтарды тастап отыр, бірақ олар оның арты қандай зардаптарға әкелетінін білмейді.

         Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды. Олар құнды шикізат көздеріне жатады.

        Дүние жүзі тәжірибесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және утилизациялаудың 20-дан астам түрі белгілі. Аталған қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеу әдістерінің көбі өздерінің технологиялық күрделілігі мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің қымбаттылығына байланысты кең таралуын тапқан жоқ.

         Дүние жүзіндегі қатты тұрмыстық  қалдықтардың жағдайын есептеу,  оларды жоюдың қиындығын көрсетеді.  Оның басты себебі болып олардың пропорционалды емес жылдық өсуіне байланысты қоқыс жинауға бөлінген жерлердің жетіспеуіне әкеліп отыр, ал ол экологиялық қауіпті объект болып табылады. Орта есеппен 1т қалдықтан 170 кг биогаз,  410 кг компост, 250 кг екінші ретті қалдықтарды (әйнек, мата, ағаш, пластмасса) алуға болады. Барлық қалдықтардың 70% жағу, пиролиз, газдандыру арқылы жылу, арнайы отын алу үшін қолдануға болады. Осы жағдайлар қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюдың интенсивті әдістерін қолдануға әкеледі.

      Дүние жүзіндегі және біздің  еліміздегі қоршаған ортаны қорғауға  қойылатын талаптардың күннен-күнге  өсуіне байланысты адамзаттың  күделікті өмір тіршілігімен қоршаған ортаға тигізілетін экологиялық қауіп-қатерді азайтудың жаңа рационалды жолдарын іздеу керек. 

Тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаның  ластауы - бұл Республикалық мәселе болып табылады. Жыл сайын тұрмыстық  қатты қалдықтар құрамындағы элементтері үлкейіп және қиындыққа соқтыруда. Бұл сұрақты қарастыру үшін қалдықтарды қайта өңдеу немесе утилизацияны тереңірек ғылыми тұрғыдан қарастыру керек. Сондықтан Орал қаласының маңында өткізілген тәжірибеде тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуы және қоршаған ортаға  әсерін азайту шараларына бағытталған. Тұрмыстық қатты қалдықтарта гельминт тұқымы, потогенді микроағзалар, кемірушілер мен шыбындар болатындықтан санитарлық қауіптілік туғызады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың көп бөлігі ұйымдасқан қалдықтар орнына көміліп, тек шамалы ғана мөлшері қайта өңделуге жіберіледі. Қоршаған ортаны қорғау және санитарлық  мақсатта тұрмыстық қоқыстар залалсыздандырылады. Қоқыс – бұрын арнайы мақсатта қолданыста болған  қағаз және жеңіл өндірістік (газет, журнал, кітап, киім және т.б.) сонымен қатар тағамдық және өндірістік салалар қалдықтарынан тұрады. Бұл массаны түгелдей жою мүмкін емес, оны шаруашылық және т.б. түрде қолдану қажет. Тұрмыстық қатты қалдықтар халықтың денсаулығы мен табиғи қоршаған ортаға  белгілі мөлшерде қауіптілік туғызады. Тұрмыстық қатты қалдықтар потогенді микрофлора (брюшной тиф, дизентерия, туберкулез және т.б.) және барлық паразиттік микрофауна мен макрофаунаның дамуына қолайлы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: қоршаған ортаның тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану себептерін зерттеп, оларды шешудің тиімді жолдарын және қалдықтырды азайтуда тұрғындардың үлесін арттыру шараларын ұсыну.

 

 

 

I тарау Әдебиеттерге  шолу

1.1  Қалдықтар туралы  жалпы түсінік

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан қолдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы минералдарды, электр энергияны үнемдеумен, еңбек  ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол  ашады.

Кейде ойланбастан көптеген заттар мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әртүрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге  шикізат ретінде қолдануға болады.

 Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда  қалдықтар болмайды, тек қана  қолданылмаған шикізат болады»  деп айтқан. Сонымен қатар, ол  озат өнім алуға технологияның  басты мақсаты- пайдасыздан пайдалы  өнім алуға бағытталған болу  қажет деп те ескерткен. Сондықтан,  ішінара немесе толығымен қайта  өңдеу арқылы қажетке жаратылатын  өндіріс пен тұтыну қалдықтарын  екінші  реттік материалдық ресурс  ретінде қарауға болады.

Біздің халық шаруашылығында жыл  сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 млрд. тоннадай болады. Статистикалық  мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының  көлемі 20 млрд. тонна шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. тоннасы түсті металлургия  өндірісінің меншігіне жатады. (4млрд. тонна тау-кен өнеркәсібінде,  1,1 млрд. тонна байыту фабрикаларында және 105 млн.тонна металлургияны  өңдеу процестерінен шыққан қалдықтар). Егер де қалдықтар шаруашылық айналымға  түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен  қатар, жердегі шикізат қорын  да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп  өндірістері дүниежүзілік шикізат  қорының күрт елеулі  азаюына  әкеледі. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың қоры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс қоры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уақыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардың қоры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда аз  қалдықты немесе қалдықсыз технологияларды жасау және халық шаруашылығының әртүрлі салаларында шикізат базасын қалдықтарды кеңінен пайдалану элементтердің  2-3%  ғана алынып 97-98%  пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.

1.2 Қалдықтардың жіктелуі

Шыққан көздеріне байланысты өндірістегі қалдықтар екі топқа бөлінеді- өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.( 1сызбанұсқа)

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу  процесінде шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын  жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты  физикалық- химиялық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда шыққан, бірақ та өндірістік процестің  бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып  өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс  жағдайында белгілі тәртіппен шығынға  шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға  асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Пайдаға асырылатындарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын  өнімге қосымша зат, отын, жем тыңайтқыш  ретінде пайдаланылатын қалдықтар  жатады.

Тап осы кезеңде өңдеу жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының  жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды  пайдаға асырылмайтындарға жатқызады.

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық– химиялық жолмен өңдегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бұл өнімдерге мемлекеттік стандарт белгіленеді баға қойылады.

Пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын  және жанбайтын топтарға бөледі.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты  өндірістік қалдықтарға қоқыстар,  кектер,  руданы байытқанда шыққан қалдықтар  және т. б. жатады. Бұларды өңдейтін технология әзірше болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға  ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының  қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға  болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін керамикалық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі.

Қалдықтарды жер астына геологиялық  кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде  арнайы жасалған орларға- полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпандарына  қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды  мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі  толығымен шешімін таппаған экологиялық  проблеманың бірі болып табылады.

Улы қалдықтарды көму уақытша амалсыз  қолданылатын шара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі  тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық  және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін  азайтуға болады.

 

1.3 Тұрмыстық қатты қалдықтарға сипаттама

         Көптеген қалдықтар, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар адамдардың пайдаланып тасталған заттары болып келеді. Адам қатты тұрмыстық қалдықтар шығармайынша өмір сүре алмайды.

  Қатты тұрмыстық қалдықтарды  шығару көлемі қаланың үлкендігіне,  адамдардың көптігіне, орналасу  тығыздығына, ол жердегі жылумен  қамту жүйесіне  және тамақтану  деңгейіне тікелей қатысты болады

Барлық  әлемде, халықтың өсуіне байланысты тұрмыстық  қатты қоқыстың өте көп шығуына  әкеліп соқтырады. Әрбір елде тұрмыстық  қатты қоқыстың көлемі әр адам басына шаққанда жылына 150-ден 1000кг-ға дейін  келеді. Ресейде соңғы деректерге сай тұрмыстық қатты қоқыс  құрамында органикалық заттар – 38 % (33 % - тамақ қалдығы), қағаз – 23-30 %, металл, пластмасса, текстиль, ағаш, резеңке, былғары тері – 2-7 %, әйнек – 5-8 % құрайды. Мәскеуде жылына 2,5 млн. тонна қалдық пайда болады, 1 адамға 1м2 қалдық немесе 200 кг-нан келеді. Осы ауданда полигонға жылына 8 млн. тонна қалдық соның ішінде 4 млн. – тұрмыстық қатты қоқыс, 0,5 млн – құрылыс, 2 млн - өндірістік, қалғаны тұнба, ластанған топырақ болады. Ауданда 58 санкцияланған полигон бар (ең үлкен – Тимохово, көлемі 118,8 га 26 млн. 915 мың тонна қалдыққа есептелген). Қазіргі тәжірибеде тұрмыстық қатты қоқысты үйіп жинау (көму), қайта өңдеу, өртеу әдістері жүргізіледі. [9]

      Тұрмыстық қатты қоқысты үйіп  жинау. Әлемдік тәжірибеден қазіргі  уақытқа дейін тұрмыстық қатты  қоқысты полигонға шығару әлі  жалғасып келеді. СССР-уақытында  полигонға  97% қоқыс шығарылған, АҚШ-та – 73%, Ұлыбританияда – 90%, ФРГ-да – 70%, Швейцарияда – 25%, Жапонияда – 30% шығарылған. Осылай қоқыстарды шығару жерге зәру етеді, жаңа полигон орынын әзірлеуге қиындық туғызады, инфекцияның жайылуына, өрт қауіпсіздігін тудыруға әкеліп соқтырады.    

1.4 Қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру        

         Қатты тұрмыстық қалдықтардың  селективті жинағы міндетті органикалық  және минералды болып ажырауы  және қалдықтардан: қара және  түсті металдар, пластмасса, әйнектер, қағаздар, тамақ қалдықтары және  т.б. бөлінуі тиіс.

  1. Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағалы компоненттерін алу және екінші ретті шикізатқа қайта өңдеу.
  2. Нарықтық қатынастарға заңдық шаралардың әсерін күшейту, бұл қатты тұрмыстық қалдықтардан алынған екінші ретті өнімді өңдеу салаларын нығайтуға бағытталған.
  3. Сыртын қаптауға әрі қарай өңдеуге келмейтін материалдар қолданылған өнімге экологиялық салық енгізу.

 Өңдеудің  технологиясын таңдау басты мәселені  шешуден- қаланы қатты тұрмыстық  қалдықтарды санитарлық тазалаумен  анықталады. Сонымен қатар келесі  критерийлер ескеріледі:

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу технологиясы экологиялық жағынан таза болуы тиіс;
  • өңдеудің соңғы өнімі (компост, күйе, RDF және т.б.) қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс;
  • тасымалдау көлемінің ауқымдылығына байланысты өңдеу объектілері білім беру орталықтарынан тиіс қашықтықта және қала территориясында бірыңғай орналастырылуы тиіс;
  • қатты тұрмыстық қалдықтардың бағалы құрамдас бөліктерін максималды қолдану.

         Қатты тұрмыстық қалдықтарды  қоқыс жинайтын жерлер мен  полигондарда қоймалау жолымен  залалсыздандыру әдісін таңдаған  кезде келесі талаптар қаралады:

    1. Қоршаған ортаның минималды ластануына қол жеткізу үшін су өткізбейтін қорғаныс экрандарының құрылғысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды инертті материалдармен себелеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды максималды тығыздау, фильтратты кетіру және тазалау құрылғысының жүйесі болуы тиіс, қатты тұрмыстық қалдықтарды полигон территориясында дұрыс орналастыру және қабылдау жұмыстары ұйымдастырылуы керек.
    2. Қолданылу кезінде пайда болған газ арнайы тазалаудан өтіп, содан кейін ғана қолданылуы тиіс.
    3. Қалдықтарды көму полигондарын осы мақсаттарға арналған бос аудандарда орналастырады.
    4. Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағалы компоненттерін бұл технологияда екінші рет қолданылмайды.

Информация о работе Қалдықтар туралы жалпы түсінік