Шетелдік экологиялық заңнамаларды құқықтық саралау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 20:52, творческая работа

Описание работы

Шетелдік экологиялық заңнамаларды саралау” тақырыбын орындау барысында елімізбен көршілес мемлекет Өзбекстан Республикасын таңдадым. Осы тұрғыда «Өзбекстан Республикасының Экологиялық сараптама туралы» 25 мамыр 2000 ж. № 73-II Заңын қарастырдым.

Работа содержит 1 файл

Шетелдік экологиялық заңнамаларды құқықтық сараулау.pptx

— 466.08 Кб (Скачать)

    Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы, орындалу міндеттілігі және әрекет ету  мерзімі. 

    Жүргiзiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама  нәтижелерi бойынша сараптама қорытындысы  жасалады, онда экологиялық сараптама  объектiлерiн iске асыру жөнiнде  шешiмдер қабылдауға болатындығы мен  мүмкiндiгi туралы тұжырымдар болады.

    Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы  мемлекеттік экологиялық сараптама  объектілерін жеке және заңды тұлғалардың  қаржыландыруы мен іске асыруы үшін мідетті болып табылады.

    Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері  мемлекеттік экологиялық сараптамада  экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы оң нәтиже берсе, сараптама қорытындысы  берілген күннен бастап 3 жыл аясында  заңды күшінде болады.

     Қоғамдық экологиялық сараптама және экологиялық аудит.

    Қоғамдық  экологиялық сараптама экологиялық  дәлелдеуді қажет ететін қызмет саласында  қызмет ететін мемлекеттік емес ұйымдар  мен азаматтардың бастамасымен жүзеге асырылады. Қоғамдық экологиялық сараптаманың жүргізілуіне кедергі жасауға тыйым  салынады. Сондай-ақ, бұл сараптама  түрі сол объектiлерге жүргiзiлетiн  мемлекеттiк экологиялық сараптамаға  қарамастан жүзеге асырылуы мүмкiн.

    Экологиялық аудит- әрекет етуші мекемелер мен  өзге де объектілермен қоршаған табиғи ортаның күйіне кері әсерін тексеру  үшін заңда көзделген тәртіп пен  шектерде экологиялық аудиторлармен  жүргізілетін тәуелсіз экологиялық  сараптама. Экологиялық сараптама  шаруашылық немесе өзге де қызмет меншік иесінің шешімімен жүргізіледі. 

Орындаған:

Қожамқұлова Анара

1-курс  магистранты.

Қабылдаған: Айгаринова Г.Т.

Информация о работе Шетелдік экологиялық заңнамаларды құқықтық саралау