Шетелдік
экологиялық заңнамаларды
құқықтық саралау.
Тақырыбы:
«Өзбекстан Республикасының
Экологиялық сараптама
туралы «
25 мамыр 2000 ж. Заңы № 73-II
“Шетелдік
экологиялық заңнамаларды саралау”
тақырыбын орындау барысында
елімізбен көршілес мемлекет Өзбекстан
Республикасын таңдадым. Осы тұрғыда
«Өзбекстан Республикасының Экологиялық
сараптама туралы» 25 мамыр 2000 ж.
№ 73-II Заңын қарастырдым.
Өзбекстан Республикасының
“Экологиялық сараптама туралы” Заңы
25-мамыр 2000 жылы қабылданған. Аталған Заң
26 баптан тұрады. Олар:
- 1-бап:
Экологилық сараптаманың түсінігі.
- 2-бап:
Экологиялық сараптаманың заңнамасы.
- 3-бап:
Экологиялық сараптаманың мақсаты.
- 4-бап:
Экологиялық сараптаманың түрлері.
- 5-бап:
Экологиялық сараптаманың негізгі принциптері.
- 6-бап:
Экологиялық сараптаманың жариялығы.
- 7-бап:
Экологиялық сараптаманы жүргізуші сарапшының
тәуелсіздігі.
- 8-бап:
Экологиялық сараптамаға тапсырыс берушінің
құқықтары.
- 9-бап:
Экологиялық сараптамаға тапсырыс
берушінің міндеттері.
- 10-бап:
Экологиялық сараптаманы қаржыландыру.
- 11-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың
объектілері.
- 12-бап:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік
экологиялық сараптама саласындағы арнайы
құзыреті.
- 13-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүргізудің міндеттілігі.
- 14-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүргізуге қойылатын талаптар.
- 15-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүргізуге өткізілетін құжаттар.
- 16-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының
құқықтары.
- 17-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының
міндеттері.
- 18-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының
жауапкершілігі.
- 19-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
жүргізу мерзімі.
- 20-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың
қорытындысы.
- 22-бап:
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының
әрекет ету мерзімі.
- 23-бап:
Қоғамдық экологиялық сараптама.
- 24-бап:
Экологиялық аудит.
- 25-бап:
Дауларды шешу.
- 26-бап:
Экологиялық сараптама заңнамаларын бұзғаны
үшін жауаптылық.
Экологилық сараптама деп экологиялық
талаптармен белгiленетiн немесе жүзеге
асырылатын шаруашылық және басқа қызметтiң
сәйкестiгі және экологиялық сараптама
объектісінiң iске асырылуының рұқсат
етiлушiлiгiнiң шегі танылады.
Экологиялық сараптама туралы
заңдары осы Заңнан және өзге
де экологиялық сараптама мәселелерiн
реттейтiн құқықтық актілерден
тұрады. Егер Өзбекстан Республикасымен
бекітілген халықаралық шарттарда
Өзбекстан Республикасының Экологиялық
сараптама туралы заңнамасындағыдан
өзгеше ережелер белгіленген
болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
- Жоспарланып
отырған шаруашылық және өзге де қызметтi
iске асыру туралы шешiм қабылданар алдындағы
сатыларда олардың экологиялық талаптарға
сәйкес келуi;
- Жоспарланып
отырған немесе жүзеге асырылатын шаруашылық
немесе өзге де қызметтің азаматтардың
денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаның
күйіне әсер ететін экологиялық қауіп-қатердің
деңгейі;
- Қоршаған
табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
тиiмдi пайдалану бойынша ескерiлетiн шаралардың
жеткiлiктiлiгі және дәлелдiлігі.
- Қоғамдық
сараптама;
- Экологиялық
аудит түрінде жүзеге асырылады.
- заңдылық;
- шынайылық;
- негізділік;
- экологиялық
қауiпсiздiк талаптарының есепке алуы мiндеттiлiгі;
- кез
келген жоспарланып шаруашылық және басқа
қызметтiң потенциалдық экологиялық қауiп-қатерiнiң
презумпциясы;
- азаматтардың
денсаулағы мен қоршаған табиғи ортаны
шаруашылық және басқа қызметтер әсерi
бағасының жинақтылығы.
Экологиялық
сараптаманың жүргізілуіне тапсырыс
берушілер сараптаманың жүргізілуі
туралы бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялай алады. Бұл жағдайда
экологиялық сараптама аяқталған
соң 1 ай ішінде оның қорытындылары
туралы мәліметтер жарияланады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргізілуінің міндетті хабарлама
объектілерінің тізімін және
бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланған мәліметтер нәтижесі
Заңмен бекітіледі.
Экологиялық
сараптамаға тапсырыс берушінің
немесе өзге де азаматтардың
экологиялық сараптаманы жүргізуші
сарапшының қызметіне араласуына
тыйым салынады.
- Экологиялық
сараптаманың жүргізілуі туралы мәселелер
бойынша кеңестер мен қажетті әдістемелік
көмекті алу;
- Экологиялық
сараптама сарапшыларына экологиялық
сараптама және экологиялық аудит нәтижелері
объектілеріне қатысты ескертулер, түсініктемелер
ұсыну;
- Қосымша
экологиялық сараптаманың жүргізілуін
өту;
- Экологиялық
сараптаманың жүргізілуі туралы мәліметтер
алу;
- Сондай-ақ,
тапсырыс беруші заңда көзделген өзге
де құқықтарды иеленеді.
Экологиялық
сараптамаға тапсырыс берушінің
міндеттеріне тоқталатын болсақ, олар
мынадай:
- Заң талаптарына
сәйкес экологиялық сараптамаға қажет
құжаттарды тапсыру;
- Заңмен бекітілген
негізде мемлекеттік экологиялық сараптаманың
жүргізілуіне ақысын төлеу.
- Мемлекеттік
экологиялық сараптама қорытындысында
бекітілген талаптарды орындау;
- Сондай-ақ,тапсырыс
берушінің заңға сәйкес өзге де міндеттері
бар.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы
және экологиялық аудитті жүргізу
заңда белгіленген тәртіп бойынша
тапсырыс берушінің қаржыландыруымен
жүзеге асырылады. Қоғамдық экологиялық
сараптаманы қаржыландыру мемлекеттік
емес ұйымдар немесе азаматтардың
өз қаржы көзімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік
экологиялық сараптаманың объектілеріне
тоқталатын болсак, олар мынадай:
- Экономикалық
және әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік
бағдарламалардың жобалары, тұжырымдамалары,
өндірістік қүштерді орналастыру мен
дамытудың кескіндемелері;
- Барлық құрылысқа
арналған жер участкелерін таңдау материалдары;
- Жоба алдыңғы
және жобалық құжаттама;
- Табиғи ресурстарды
пайдаланумен байланысты шаруашылық және
өзге де қызметті реттейтін нормативті-техникалық
және нұсқамалы-әдістемелік құжаттардың
жобалары;
- Техника,
технология, материалдар мен өнімдердің
жаңа түрлерін дайындауға арналған құжаттамалар;
- Азаматтардың
денсаулығы мен қоршаған табиға ортаның
күйіне кері әсер ететін қызмет ететін
мекелемелер мен өзге де объектілер;
- Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар,экологиялық төтенше
жағдайлар аймағы және экологиялық апат
аймақтары мәртебесін беру үшін аймақтардың
кешенді тексерістерінің құжаттары;
- Барлық қала
құрылыс түрлерінің құжаттамалары;
Жоғарыда
аталған объектілер бойынша мемлекеттік
экологиялық сараптама жүргізу
міндетті болып табылады. Мемлекеттік
экологиялық сараптама Өзбекстан
Республикасы табиғат қорғау бойынша
мамандандырылған Мемлекеттік комитеттің
бөлімшелерімен, Қарақалпақстан Республикасы
табиғат қорғау Мемлекеттік комитетімен,
облыстық және Ташкент қалалық табиғат
қорғау комиттеттерімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік
экологиялық сараптаманы жүргізудің
мерзімі 30 күннен аспауы керек. Мемлекеттік
экологиялық сараптама объектісінің
күрделілігіне байланысты Өзбекстан
Республикасы табиғат қорғау Комитеті
төрағасымен сараптаманың жүргізілу
уақыты ұзартылуы мүмкін,алайда ол
мерзім 2 айдан аспауы тиіс.
- Ұсынылған
құжаттардың табиғат қорғау заңнамаларына
сәйкестігін тексеру;
- Жоспарланып
немесе жүзеге асырылатын шаруашылық
немесе өзге қызметтің экологиялық және
әлеуметтік зардаптары туралы мәліметтердің
толықтығы және ақиқаттылығын талдау;
- қоршаған
табиғи ортаға биологиялық, химиялық заттар
мен технологиялардың әсерi бағасының
дәлелдiгiн тексеру;
- Экологиялық
норматив жобаларының негізділігін тексеру;