Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:03, реферат

Описание работы

Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек. Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншеден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсіндіріледі. Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік етуқұқығы.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................ .. 3-4
I. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері.................................................................................4-5
1.1. Табиғи ресурстар және оларды пайдалану құқығының түсінігі мен принциптері..................................................................................................................5-8
1.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері..8-10
1.3 Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері ...11-12
1.4 Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер.................12-13
II. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................15

Работа содержит 1 файл

экология.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге  жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті және Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды.

ҚР-ның Жер кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:

1. Республика аумағындағы жерге  мемлекеттік меншік құқығының  субъектісі - Қазақстан Республикасы;

2. Жер учаскелеріне жеке меншік  құқығының субъектісі жер кодексімен  белгіленген негіздерде, шарттар  мен шектерде - азаматтар және  мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасы азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады.

Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің барлығы  жеке меншікте бола алмайды.Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және т.б.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа  қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шет елдік  заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі үйлерді, олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді  қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сөйтіп, шет ел азаматарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шет елдік заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге және орман өсіруге арналған жер берілмейді.

Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер учаскелері тек  Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана шаруа қожалығын жүргізу  үшін және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік емес заңды тұлғаларына  тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері және т.б.) жатады.

Табиғи ресурстар ретінде  табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Сарқылмайтын объектілер - бұл кешілігі жуық болашақта  күтілмейтін табиғи ресрстар (күн  энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.).

Сарқылмайтын ресрустар  мыналарға бөлінеді:

а) жаңартылатын, яғни қалпына  келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);

б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);

в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы  мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа  және т.б.);

2. Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу  қатерінде тұрған табиғат ресрстары.

Табиғат объектілері  қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипататалды. Егер, бөліну бола қалса, айталық ағаш кесілетін болса, онда табиғат объектісіне құқық тоқталады, сөйтіп тауар құндылығына меншік құқығы туындайды, біздің жағдайымызда ағашқа құқық туындайды. Бұдан басқа табиғи ресрутарға меншік құқығы тек табиғаттың заттай және көрнекті объектілеріне туындайды. Сондықтан, атмосфералық ауа, күн және жел энергиясы сияқты табиғаттың объектілері кінің болса да меншігінде бола алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Табиғат ресурстарын пайдалануға  берілу және тоқтатылу негіздері

 

Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билік ете алмайды.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

Қолданыстағы заңда жекелеген табиғи ресрутарға қатысты табиғат пайдалану құқығының қосымша негіздері көзделуі мүмкін:

1. Экологиялық сараптаманың  оң қорытындысының болуы;

2. Табиғат ресурстары  лицензиясын алу;

3. Табиғи ресурстарға  лимиттер мен квоталар белгілеу;

4. Табиғат пайдалануға  шарт жасау немесе табиғат  пайдалануға рұқсат алу;

Табиғат пайдалануға  рұқсат дегеніміз мүдделі адамның  барлық қажетті сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.

Табиғат пайдалануға  рұқсат алудың сатылары:

1. Тиісті мемлекеттік  органға өтініш беру;

2. Ұсынылатын құжаттарды  алдын ала қарау;

3. Құжаттарды қарау;

4. Табиғи ресурстарды  беру туралы шешім шығару;

5. Заттай түріндегі  табиғи ресурсқа қарсылық білдіру;

6. Табиғат пайдалану  құқығы әр түрлі негіздер бойынша  және өзінің ерекшелігіне қарай тоқтатылады.

Табиғат пайдалану құқығын  тоқтатудың жалпы негіздері болады:

1. Табиғат пайдалану  құқығынан ерікті түрде бас  тартуы;

2. Заңды тұлғаны тарату  немесе жеке тұлғаның қайтыс  болуы;

3. Табиғат пайдалану  шарты мерзімінің өтіп кетуі;

4. Табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау;

5. Табиғи ресурсты  мақсатына қарай пайдаланбау;

6. Табиғат қорғау заңының  бұзылуы;

7. Мемлекеттің немесе  қоғамның мұқтаждары үшін табиғи  ресурсты алып қою.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4.  Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер

 

Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда  айтылған негізгі идеялардың мазмұнынан дамиды. Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары  мен табиғат ресурстарының кодестері қабылданды.

Негізгі салалық заң  актісі 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған  Қазақстан Республикасының Жер  кодексі болып табылады. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады.

1 бөлімде - "Негізгі  ережелер" жер заңының мақсаттары  мен міндеттері, принциптері жердің құрамы мен аймақтарға бөлу, жер салығы мен жалдау ақысы, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті қарастырылады.

Заңда 2-бөлім "Жерге  меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар" ерекше орын алады, ол жерді пайдалану және жерге меншік мәселелерінің кең ауқымын реттейді. 3-бөлімде "Жер санаттарында" жердің қәзіргі жеті санаттарын құқықтық реттеу беріледі. Жерді қорғаудың тәртібі мен шарттары, мемлекеттік жер бақылауын жүргізу, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры, олардың мақсаты мен қызметін ұйымдастыру - 4 бөлімде көзделген. 5-бөлімде "Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелерде" жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғаудың негіздері мен шарттары, жер заңын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану, сондай-ақ осы кодекстің күшіне ену тәртібі қарастырылады.

1996 жылғы 27 қаңтарда  ҚР Президенті "Жер қойнауы  және жер қойнауын пайдалану  туралы" Жарлыққа қол қойды.  Жарлықта жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің жалпы шарттары мазмұндалады.

Қазақстан Республикасының  Парламенті 2003 жылғы 8 шілдеде Орман  кодексін қабылдады. Оның құрылымына 9 бөлім, 20 тарау, 118 бап жатады. Орман  кодексінің осы редакциясының мазмұны қазіргі практика талаптары мен Қазақстанның осы заманғы экономикалық шынайлықтарына сай келеді.

Экологиялық құқықтың елеулі көздерінің бірі 2003 жылғы 9 шілдеде  ҚР Парламенті қабылдаған Қазақстан  Республикасының Су кодексі. Ол 11-бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады. Сонымен бірге, бұл заң актісі су қатынастарын реттеуде елеулі рол атқарады.

2004 жылғы 9 маусымда  Қазақстан Республикасының Парламенті "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін  молайту және пайдалану туралы" Заң қабылдады. Ол 11-бөлімнен, 61 баптан тұрады. Бұл заңның реттеу нысаны табиғи еркіндік жай-күйінде болатын жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

1997 жылғы 15 шілдеде  "Ерекше қорғалатын табиғи  аумақтар туралы" заң қабылданды. Ол 24 тараудан, 88 баптан тұрады. Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді.

Негізгі экологиялық  заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысты болады. Заңға тәуелді актілер жүйесіне ҚР Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресрустарды пайдалану мәселелері бойынша субъектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомостволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады, олар белгілі бір министрліктердің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрліктермен қатынаста болады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұысынымдарды атауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еуразия гуманитарлық институты

Мелекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

                                       

 

Тақырыбы:

Информация о работе Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық