Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:03, реферат

Описание работы

Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек. Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншеден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсіндіріледі. Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік етуқұқығы.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................ .. 3-4
I. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері.................................................................................4-5
1.1. Табиғи ресурстар және оларды пайдалану құқығының түсінігі мен принциптері..................................................................................................................5-8
1.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері..8-10
1.3 Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері ...11-12
1.4 Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер.................12-13
II. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................15

Работа содержит 1 файл

экология.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ................................................................................................ .. 3-4                                                                                                   

 

I. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері.................................................................................4-5

1.1. Табиғи ресурстар және оларды пайдалану құқығының түсінігі мен принциптері..................................................................................................................5-8

1.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері..8-10

1.3 Табиғат ресурстарын пайдалануға  берілу және тоқтатылу негіздері ...11-12 

1.4 Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер.................12-13

                                         

       II. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................14

        ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері

 

 

Табиғат объектілеріне меншік құқығын  немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде  қарастыру керек.

Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік

құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын

реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын  түсінеміз. Басқаша айтқанда

бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.

Екіншеден, табиғат объектілеріне  меншік құқығы деп табиғат ресурстарын

иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық

жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы

меншік құқығы ретінде түсіндіріледі.

Табиғат объектлеріне меншік құқығының  мазмұны жоғарыда аталған үш

заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету

құқығы.

Иелену құқығы табиғат  объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі  болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген  мүмкіндігі болып табылады.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға  тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

-меншік құқығын беру;

- меншік құқығын басқаға  беру;

-  меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде кҳшуі.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мыналардың негізінде  туындайды:

1. мемлекеттік органдардың актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында кҳзделген ҳзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне  меншік құқығы мынадай жағдайларда  тоқтатылады:

1. Меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. Меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.

Меншік иесінен табиғат  объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:

1. Меншік иесінің міндеттемелері  бойынша ақы ҳндіріп алу;

2. Мемлекет қажеттері  үшін меншік иесінің жер учаскесін,  сатып алуды қоса алғанда, алып қою;

3. Меншік иесінен мақсатына  қарай пайдаланылмаған немесе  заңды бұзып пайдаланған табиғат  объектісін мәжбүрлеп алып қою:

4. Мұрагерліктің мемлекетке  кҳшуі;

5. Реквизициялар, яғни  тҳтенше сипаты бар табиғи  зіззала , авариялар, індеттер  жағдайында және ҳзге жағдайларда меншік иесінен табиғат объектілерін алып қою, табиғат объектілері мемлекеттік органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен, оған құнын тҳлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;

6.Радиоактивтік ластануға  ұшыраған табиғат объектісін  меншік иесінен соған тең жер  учаскесін бере отырып алып  қою;

7.Тәркілеу, яғни қылмыс  жасағаны немесе ҳзге құқық  бұзғаны үшін санкция түрінде  сот тәртібінде меншік иесінен  табиғат объектілерін ҳтеусіз алып қою;

8. Ұлт меншігіне алу,  яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың  меншігіндегі таиғат объектілерін  меншікке айналдыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.  Табиғи ресурстар және оларды пайдалану құқығының түсінігі мен принциптері

 

«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс. 
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі . Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғи ресурстарды  пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.

Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.

  1. Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.
  2. Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.

 

Табиғатты пайдалану  ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалану да ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғи ресурстарды  пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.  
         Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде  "Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады" деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды  иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану - Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану түрлеріне:

1) жерді пайдалану;

2) суды пайдалану;

3) орманды пайдалану;

4) жер қойнауын пайдалану;

5) жануарлар дүниесін пайдалану;

6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;

7) қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.

Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.

Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.

Табиғат пайдаланушылар:

1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);

2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресрутарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидалары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы.

- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.

- Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңменақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу.

- Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.

- Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.

-Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау.

- Қоршаған ортаға нұсқан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері

 

Табиғат объектілеріне меншік құқығының  субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің  өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.

Информация о работе Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық