Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 16:26, реферат

Описание работы

Б.з.д.. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті.

Содержание

I Кіріспе
1.Ежелгі грекияның даму кезеңдері мен философиялық-құқықтық ілімі.
II Негізгі бөлім
2.1 Софистердің құқықтық-саяси идеялары.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде.
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
2.4 Аристотельдің саяси-құқықтық пікірлері.
III Қорытынды:
3.Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы .
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

ежелгі грекия.docx

— 25.47 Кб (Скачать)

   Аристотель ( Страгирит)-б.э.д. 384-322 жж.  Аристотельдің « Саясатң,  «Афиндік политияң, «Этикаң еңбектеріндегі құқықтық-саяси пікірлер.  Эллинизм (б.э.д. 4 ғ. екінші жартысы-2 ғ.) кезеңіндегі құқықтық-саяси  пікірлер.  Эпикур ( б.э.д. 341-270 жж.)  Демокриттің  атомдық  ілімін  жалғаструшы ретінде.

      Аристотель  тұңғыш рет саясат ғылымы туралы  талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілікпен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін – теңестіретін және үйлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде арифметикалық теңдік  қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық – құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б., ал үйлестіру әділдігі геометриялық теңдік принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.

      Мемлекет  формасын Аристотель мемлекеттегі  жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердәің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады.   

      Дұрыс формадағы  билеушілер көпшіліктің мүддесін  қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер  тек қана өздерінің жеке басының  мүдделерін көздейді.  Аристотельдің  пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Мемлекеттің басқа формалары политиядан әрі немесе кері ауытқуы ретінде айтылады. Екінші жағынан қарастырғанда, Аристотельдің түсінігінше, полития демократия мен олигархияның аралас түрі ретінде қарастырылады.

        Жоғарғы  билік заңның емес, демостың қолына  деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін – заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.

         Аристотельдің  саясат жөніндегі ойлар да  көңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі – адамдардың тәрбиелігінде болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды.

 

                                                                       Қорытынды

   Ежелгі Грек мемлекеттілігінің   дағдарысқа ұшырауы, грек полистеренің  Македонияға, одан кейін Рим  үстемдігіне бағынышты болуы  (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысынан  б.з.д. ІІ ғасырына дейін) эллиндік  кезеңдегі мемлекет және құқық  туралы ілімде өз өзін қалдырды.Александр  Македонскийдің әскери жорықтарынан  Жерорта теңізі жағалауы мен  Шығыстағы эллиндік кезең басталды. Б.з.д. ІІ ғасырдың ортасына таман ұлы қолбасшы құран Македония империясы ыдырыап, кішігірім патшалықтарға (Сирия, Египет, Греция, Кіші Азия т.б.) бөлініп кетті.Ал Македонияның өзі б.з.д. ІІ ғасырда Рим империясының отарына айналды.Антик замандағы бұл саяси өзгерістер сол кезеңдегі саяси және философиялық  ойлар мен идеялардың мәні мен мазмұнына ықпал етті.

      Жалпы Ежелгі  Шығыстың дүниетанымдылық, аса  зор рухани байлығы да эллиндік  мәдениетке әсер етпей қоймады. Бұл кезеңдегі сакяси-құқықтық ойлар стоиктер мен Эпикурдың,Полибийдің және тағы басқалардың ілімдеріне көрініс тапты.

 

                              Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.  М.  Мұхамедов,  Б.  Сатершинов,  Б.  Сырымбетұлы.  Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, «Заң əдебиеті». 2002 ж. 

2.  Əбдіғалиев  Б.Б.,  Жамалов  Қ.Ж.,  Сатершинов  Б.М.  Саяси  ой  тарихы. –Алматы: Үш-қиян, 2003. 

3.   Азаркин  Н.Н.,  Левченко  В.Н.,  Мартышин  О.В.  История  политических учений. Под общей ред. О.В. Мартышкина. М., 1994 (к темам  1-3,5-8). 

4.  История политических  и правовых учений. Под общей  ред. B.С.  Нерсесянца. М. 2000.(к темам  1-18).

5.  Хрестоматия по Истории  политических и правовых учений  под  ред. Лейста О.Э. М.2001.


Информация о работе Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар