Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 08:29, реферат
Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады.