Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 08:29, реферат

Описание работы

Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Азаматтардың меншік құқығы ұғымы.docx

— 33.52 Кб (Скачать)

Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері

 
Азаматтардың  меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен  туындау негіздері 

Азаматтардың  меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл- объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Кеңестік кезеңде  азаматтар меншігіндегі тек ғана тұтынушылық сипат болды, ол мемлекеттің  қоғамдық өнімінің бір бөлігін таратып бөлу нәтижесінде құрылды. Ал, иелік сипаты, көбіне, өндіру құралдарының мемлекетке тиесілігімен анықталған 90-шы жылдардың басында Қазақстанда өндіру құралдарының басым көпшілігі жекешелендірілді. Соның нәтижесінде иелік сипаты елеулі өзгерістерге ұшырады, ол өз кезегінде азаматтар меншігінің түрлеріне, оның мазмұнына өзгерістер енгізді. Өзгерістердің негізі Конституциясының 26-бабының 4-тармағында келтірілген, оған сәйкес «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Яғни акцент меншіктің тұтынушылық сипатынан оның ұлғаюға ұмтылатын капитал ретінде жұмыс істеуін жандандыруға ауысты.

Азаматтардың  меншік құқығының негізінде әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті өндіру процесінде де, бар материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Өндіру процесінде иемдену өндіру құралдарын иелену нәтижесінде де, және онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін. Азаматтардың жалданбалы жұмысшы ретіндегі еңбегі және олардың өздерінің жеке экономикалық қызметі меншіктің құрылуының негізгі көздері болып табылады. Экономикалық қызметтен барып кәсіпкерлік қызмет туындайды, ол дегеніміз- меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет (АК-ның 10-бабының 1-тармағы). Кәсіпкерлік қызмет жалданбалы еңбекті қолданып та, қолданбай да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер азаматтардың меншік иемденуінің әрқилы сипатын және түрлерін анықтайды.

Егер азамат өндіруді өзінің немесе қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі (кіріс алуға бағытталмаған) немесе шағын жеке меншік (кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде) туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болуы мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарының меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да (мысалы, мемлекет) болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Азаматтардың мұндай меншігі өзіндік деп аталады, онда тұтынушылық сипат басым. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес, материалдық игіліктерді бөлу немесе қайта бөлу (мысалы, мәміле жасағанда) нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алынбайды.

Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері

 
Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда  болу негіздері 

Мүлік меншік құқығында  бір немесе бірнеше адамда бола алады. Белгілі бір мүліктің меншік құқығында тиесілі бола алатын субъектілерінің (тұлғаларының) санына қарай бұл құқық бірсубъектілік және көпсубъектілік болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады делінген АК-ның 209-бабының 1-тармағында. Сонымен,заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан да көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Бұл тұлғалар АК-да меншікке қатысушылар,ал құқық ғылымында және оқулық әдебиеттерде ортақтас меншік иелері деп аталады.

Көпсубъектілік  ортақ меншіктің субъективтік құқығының  ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік  Ак-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді (АК-ның 11-тарауы).

АК-ның ортақ  нормалар ретінде көрініс табатын бір субъектілік құқық нормалары ортақ меншік құқығын да реттейді. Әрине, ол ортақ меншік туралы арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттейді.

Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (209-баптың 2-тармағы. Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса,мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.

Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едәуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбіне бірімен бірі туыстық қатынаста болады.

Бірлескен меншік заң құжатарында тікелей көзделген жағдайда ғана белгіленеді.

Ортақ бірлескен  меншіктің қатысушыларының келісімімен, ал ондай келісімге олар өзара  қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен меншіктегі ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ үлесті меншікті оған қатысушылардың келісімі бойынша  немесе сот шешімі бойынша бірлескен меншікке айналдыру заңда көзделмеген.

Түріне қарамастан, ортақ меншік барлық оның қатысушыларының меншігі болып саналады, сондықтан ол көпсубъектілік меншік. Ортақ меншік құқығындағы меншік иелері арасында белгілі бір заттың жеке басы, мұндай заттардың жиынтығы немесе тұтас мүліктік кешен (мысалы, құқық объектісі ретіндегі кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген объект болады. Сонымен ортақ меншіктің қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек, ортақ меншіктегі мүлікке түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де меншік иесі бола алмайды.

Затқа ортақ  меншікті заттың өз меншік иесі бар  әрбір бөдшегіне меншік құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің әрқайсының және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,ал ортақ меншік туындамайды. Бірақ, пәтерлердің барлық меншік иелерінің ортақ меншігі пәтерлерді бір бүтінге тұрғын үйге біріктіретін үйдің бөлшектері. Жылжымайтын мүлікке мұндай меншік,яғни жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың дара меншігінде,ал қалған бөліктері олардың үлестік меншік құқығында болса, ол кондоминиум деп аталады(АК-ның 209-бабының 6-тармағы).

Ортақ меншік ұғымы  кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының негізгі түрі. Соңғы ұғым тек ортақ меншікті ғана емес, сонымен қатар ортақ заттық және міндеттемелік мүліктік құқықтарды да қамтиды. Сондықтан, ортақ меншік құқығын, ортақ мүлікке құқықтың түрі ретінде, басқа ортақ заттық және міндет-темелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық құқықтың неғұрлым заң жүзінде реттелген түрі-ортақ жер пайдалану құқығы. Бұл құқық, егер заңды түрде азаматтық айналымда жүрген болса, өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын. Ортақ жер пайдалану құқығы,ортақ меншік құқығы сияқты үлестік және бірлескен болуы мүмкін. Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы, ортақ шаруашылық жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару құқығы, заң тұрғысынан онша реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң жоққа шығармайды. Мысалы, екі немесе бірнеше мемлекеттік кәсіпорындардың ортақ шаруашылық жүргізу құқығында осы кәсіпорындардың қаражатына тұрғызылған үй болуы мүмкін. Ортақ заттық құқықтар туралы заңнамада ол қылықтар болса ортақ меншік туралы азаматтық заңнаманың ұқсас қалыптарына жүгінуге болады.

Жеке  меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған

аңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы

 
Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы

Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі заң құжаттарыңда танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ, меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Занды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және занды тұлға тарап, мемлекеттік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды. АК-ның 118-бабына сәйкес занды тұлғаның қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мәмілені тіркеген кезден бастап ғана туындауы мүмкін.

Заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің баланста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді Меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізіңде, ал бөлінгенде және бөлініп шыққанда бөлу баланысының негізінде меншікке өтеді. (АК-ның 46-бабы). Мүлік (құқық және міңдеттер) құқық мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады, егер заң құжаттарында немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімде басқадай көзделмеген болса (АК-ның 47-бабының 3-тармағы).

Заңды тұлғаның меншік құқығын иемденуі оның құқық қабілеттілігімен байланысты. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында занды тұлғаның құқық қабілеттілігі соңдай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады (АК-ның 35-бабының 2 тармағы)

Тиісінше, жекелеген объектілерге меншік құқығын да заңды тұлға өзінде құқық қабілеттілік болса ғана иемдене алады.

Басты бет » Рефераттар » Экономика [ Реферат қосу ]
 

Кәсіпкерлік қызметпен  меншікке қатысты мемлекеттік реттеу

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН МЕНШІККЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК  РЕТТЕУ   

Жоспар 

      1.                  Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .

      2.                  Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.

      3.                  Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.     
       

1-сұрақ. Жеке меншік туралы мәселе – қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзаи қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады.  

 «Меншік»  түсінігінің экономикалық және  заңдық мәнін ажырату қажет.  

 Заңгерлер  мншікті ие болу, пайдалану және  заттардың, объектінің белгілі  бір жиынтығын билеу тұрғысынан  қарастырады. Заң түсінігі меншік  құқығын объективті және субъективті  мәнде қарастырады. Сонымен бірге  заң актілері арқылы түрлі  меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге  байланысты адамдар арасындағы  қатнастарды реттейтін құқықтық  нысандар белгіленеді.         

        Субъекті –объекті                                 Субъекті – Объекті

Меншік  құқығы тұрғысынан              Адамдар арасындағы өндірістік

мүліктік  қатнастарды реттеу                    қатнастарды реттеу      

 Меншік  экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік  әлеуеттің , шығарылған материалдық  және рухани игіліктердің  өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.   

 Материалдық  игіліктер кімге тиісті немесе  табиғат өнімдерін кім иемденуде?   

 Иемдену  қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді.  Иеліктен айыру – сол немесе  басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық  қатынастардағы субъектінің өзінің  өмірлік қызметінің игіліктерін  иемдену үрдісі және мүмкіндігі.   

 Меншік  – бұл игіліктерді иеліктен  айыру – иемденудің белгілі  бір нысанын көрсететін, адамдар  арасындағы қатнастар, қоғамдық  қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.  

 Қоғамдағы  топтар мен әр түрлі таптардың  жағдайы және олардың өндірістің  барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.   

 Меншік  – тарихи дамудың нәтижесі. Ол  әлеуметтік-экономикалық жүйенің  және оған тән өндіріс тәсілінің  өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.   

 Экономикалық  жүйе шеңберінде меншіктің әр  түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық  ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген  түрлерінің бірге өмір сүруі  мүмкін.  

 ҚР  Конституциясының   6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.  

 Қағидада  нарықта меншіктің үш түрі  барлық уақытта көрінеді:

Мемлекет: 1 билеуші                  

2 парламент                   

3 сеньория

Корпорация: 1 храм, монастырь, цех, қауымдастық

Жеке  кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға  

   

 Кез  келген кәсіпкерлік қызмет белгілі  бір ұйымдастыру нысаны шегінде  жүзеге асырылады. Кәсіпорынның  нысанын таңдау жеке ынта мен  талғамға байланысты, бірақ басты  жағдайда объективті жағдаймен  – қызмет аясымен, ақшалай  қаражаттың болуымен, кәсіпорынның  болжамды нысанының жағымды және  жағымсыз жақтарымен байланысты.   

 Мемлекет  экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы  қажет, бірақ сонымен бірге  кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық  қызметіне тікелей араласпауы  керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы  ретінде қалып, экономиканы реттеуде  заңдық, атқарушылық және орындаушылық  биліктің өз органы арқылы  жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте  қоғамның ортақ мүддесін қорғау  үшін билік бар, ал барлық  қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда  қоғам мүшелеріннің өздерінің  қарастыруымен жүзеге асырылуы  керек.  

 Мемлекеттік  кәсіпкерлік кейде шаруашылық  жүргізу жеке фирманың табиғатына  қарама-қайшы келген жағдайда  немесе көп қаржы салу және  тәуекелді қажет ететін салада  жүзеге асырылады. Мемлекеттік  кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен  негізгі ерекшелігі – оның  бірінші кезектегі мақсаты табыс  алу емес, әлуметтік-экономикалық  міндеттерді шешуде қажетті өсу  қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік  құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен  қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық  ілгерушілікті ынталандыру және  т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс  үшін өмірлік  маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.  

2-сұрақ.  Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.  

 Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.  

 Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.  

 Экономиканы  реформалауда, оның ішінде жекешелендіру  үрдерісі өткен жолды сын көзімен  саралап көрейік.  

 Қазақстандағы  мемлекет қарамағынан алу және  жекешелендіру бойынша жүргізіледі.  Әрбір кезеңге өз бағдарламасы  сәйкес келеді.  

 І  кезең – 1991-1992 жж.; ІІ  кезең – 1193-1995 жж.; ІІІ  кезең – 1996-1998 жж.  

 Бірінші  кезең төмендегілерді қарастырады:

·           Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;

·                    Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.  

 Ұсақ  кәсіпорындарды сату үшін аукциондық  және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды  мемлекет қарамағынан алуда оларды  акционерлік немесе басқа да  шаруашылық серіктестіктеріне және  ұжымдық кәсіпорынға айналдыру  қарастырлады.  

 Тұрғын  үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы  және мемлекет мүлікті сатып  алу купон әдісі негізінде  екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу  мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді  төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1.      Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.  

 Оны  жузеге асыру келесі әдістермен  өтті:

  • Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;
  • Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
  • Акцияларды ашық сату.

2.      Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.

Олар  мына әдістер арқылы жүзеге асты:

  • Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);
  • ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

3.      Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.  

 ІІ  кезеңнің негізгі нәтижелерін  келесі жағдайда қорытындылауға  болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші  жекешелендіруге жататын , барлық  объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық  тамақтандыру және қызмет көрсету  аясында жаппай жекешелендіру  негізінен аяқталады.   

  Қосымша ақпарат. 5 мыңнан аса адам  жұмыс істеген,  кәсіпорынды қамтитын  жеке жекешелендіру  шеңберінде, 5 кәсіпорын  сатылған, оның ішінде  шетелдік компанияларға  42 кәсіпорын сенімді  басқаруға берілген.  

 Салалық  құрлымда жеке меншік  нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды – 32,2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 17 пайыз, өнеркәсіпте – 11,8 пайыз, құрлыста – 8,6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында – 0,2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында – 0,1 пайыз болды.  

 Үшінші  кезең Мемлекеттік меншікті қайта  құрлымдау мен жекешелендіру  бағдарламасында әзірленген шеңберде  жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты  – экономикада жеке секторды  басым болуын бекіту мен жекешелендірудің  негізгі үдерісін аяқтау болатын.   

 Кейбір  кәсіпорындар жекешелендіру алдында  қайта құрылымдалуы тиісті еді.  Яғни бұл олардың белгілі бір  құрлымдық өзгерістерден өтуі  тиістігін білдіреді: мысалы, залалды  кәсіпорынды алдын ала қалпына  келтіру немесе оның ішінде  өз бетімен жұмыс істей алатын  құрлымды бөлу.  

1996 жылдан  бастап Қазақстанда, мемлекеттік  меншіктегі кез келген жекешелендіру  тек ақшалай қаражаттармен жүзеге  асырлады. Бірақ қолданыстағы заң  жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

1. Саудада сату (аукциондар, тендер).

   2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада  жалға алу құқығы немесе мемлекет  акциясының бақылау пакеті болған  жағдайда жүзеге асады, өйткені  соңында сатып алу құқығымен  сенімді басқаруға келісім бекітілген).   

 Үкімет  жекешелендіруді секторлық бағдарлама  бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі  кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық  сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет  және спортта жекешелендіру мен  қайта құрылымдау бағдарламасы  белгіленеді. Онда мемлекеттік  меншіктің мена ерекше объектілері  жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген:  жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі,  өсімдік және жануарлар әлемі,  басқа да табиғи ресурстар,  тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық  сақтандыру мен резервтік қорлар.   

3-сұрақ. Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Тек сол ғана ірі қаржылық және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, аралас экономикаға икемділік береді, өзінде монополияға қарсы күшті және тұрғындардың өндірістік ресурстарын жинақтайды, құрлымдық қайта құрудың шынайы факторына қызмет етеді, көп жағдайда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.  

 Кәсіпкерлікті  мемлекттік реттеу жүйесінің  қалыптасуы көптеген бағыттар  бойынша жүреді. Солардың кейбірін  қарастырайық.

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен  дамуын құқықтық қамтамасыз ету  жүйесін қалыптастыру.  

 Осы  кезеңде заң актілерінің жоғарғы  сапасын – олардың арасындағы  қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше  оларды тікелей ықпал ететін  заң актілеріне айналдыру керек,  оларды өткізу тетіктерін қарастыру,  кәсіпкерлердің құқығына кепілдік  беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің  экономикалық және басқа жақтарын  қамтамасыз ету маңызды.    

2. Қазіргі  заманғы кәсіпкерлікті қолдау  мен қаржылықты қамтамасыз етуді  маңызды.  

 Мұндай  жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б.  туралы саясатты сапалы жетілдіруді  талап етеді.

   3.Кәсіпкерлікті,  кадрларды  даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.   

 Кәсіпкерлік  барлық өнеркәсібі дамығын елдерде  үкіметтік қолдауға ие. Оның мәні  үш бағытта нақты шараларды  әзірлеуге әкеледі:

1.      Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ). АҚШ-та, мысалы Шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.

2.      Қаржылық қолдау көрсету.

3.      Қаржылық қатнастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.  

 Кейбір  экономистер осы уақытта кәсіпкерлер  кездесетін негізгі қиыншылықтарды  мыналар деп есептейді:

·        кәсіпкерлік құрлымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;

·        қатал салық прессингі (салмағы) және салық салудың күрделенген жүйесі;

·        алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;

·        банк кредиттерін алдағы қиындық;

·        криминалдық құрлымдардың қысымы;

·        ғимраттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;

·        лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.   

 Кәсіпкердің  әлеуметтік жауапкершілігі бүгінгі  күні пайдасын әлеуметтік жобаларға  инвестициялау және қайырымдылық  жасаумен шектелмейді. Одан туған  өлкесінің келешек жоспары мен  проблемаларын, тұрмыстық қатынастарын  түсінуді және өз аймағын дамытуға  қомақты үлес қосқанын күтеді.   

Информация о работе Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері