Салық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:53, реферат

Описание работы

Көлік құралдарына салынатын салық мемлекетпен көлік иелері
арасындағы экономикалық қатнастар реттейтін салықтар жатады . Салық салу обектісіне және төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасына қарай көлік салығы тура салыққа жатады . Пайдалану белгісіне қарай арнайы салыққа жатады, ал салық алатын орынға байланысты жергілікті бюджетке түседі . салық салу обектісін бағалау дәрежесіне қарай нақты салыққа жатады.Өйткені бұл салық көлік құрамының сыртқы белгілеріне қарай нақты табыстың түсуі есептерін алады.

Работа содержит 1 файл

Салық түрлері.DOC

— 154.00 Кб (Скачать)

• Бензин және дизель отынын заңды  және жеке тұлғалар бөлшек саудада  жүзеге асырушылар: бензин-1тн=500 тг;дизель-1тн=60тг

• Өз өндірісіндегі бензин және дизель отынын бөлшек саудада жүзеге асырушылар: бензин-1тн=5000тг;дизель-1тн= 600тг

 

Акциздер төлеуден босайтындар:

• Акцизделінген тауар экспорты

• Емдік және фармоцептикалық дәрі әзірлеу үшін мемлекеттік медициналық  мекемелерге босатылатын этиль  спирті

• 0,1л аспайтын ыдысқа құйылған дәрілік  құрал ретінде тіркелген құрамында  спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

 

3# Акциздер сомасын есептеу белгіленген акциз ставкаларын салықтық базасына қолдану арқылы жүргізеді.Тұрлаулы ставкалары белгіленген акцизделінген тауар бойынша салықтық базасы өндірісті өткізетін заттай формадағы акцизделінген тауар көлемі ретінде белгіленеді.

Адволарлық акциздер ставкалары белгіленген  акцизделінген тауар бойынша  салықтық базасы өндірісті өткізетін  тауарлық құны ретінде белгіленеді.Ойын бизнесі бойынша алынатын соманы есептеу салықтық кезеңде белгіленген  адволарлық акциздер ставкалары салық салу обьектісінің санына қолдану арқылы анықтайды.Салық кезеңі ішінде салық салынатын обьектінің саны өзгеріске енгізілген немесе шығып қалған обьектілерге алым сомасы толық көлемде төленеді. Акцизделінген тауар сатып алған немесе ҚР аумағынан импортталған кезде, егер аталған тауар акцизделінген тауарды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланатын болса ҚР аумағында төленген алым сомалары шегерілуі тиіс.

Акциз салығы акцизделінген тауар  үшін келесідей мерзімдерде төленуі  тиіс:

• Салық кезеңінің алғашқы  10 күнінде жасалған операциялар бойынша айдың 13-күнінен кешіктірмей

• Салық кезеңінің екінші 10 күнінде жасалған операциялар бойынша айдың 23-күнінен кешіктірмей

• Салық кезеңінің қалған күнінде  жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей бюджетке аударуы тиіс.

ҚР аумағында өндірілетін ішкі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берілген кезде акциздер ,ол берілетін күні төленеді. Акциз салығы бойынша  салық кезеңі болып күнделік ай табылады. Акциз салығы бойынша декларация салық кезеңінен кейінгі айдың  15-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркелген жерііндегі салық органдарына тапсырылуы тиіс.

 

 

Жеке табыс салығы.

 

1) Жеке табыс салығының салық  салу обьектілері. 

2) Жеке табыс салығы салынбайтын табыстар.

3) Жеке табыс салық ставкалары.Жеке  табыс салығын есептеу және төлеу.

 

1# Салық кезеңі ішінде салық салу обьектілері бар  жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке табыс салығы салық салу обьектілері төлем кезеңінен салық салынатын табыс және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар табылады.

Қызметтік жұмыс беруші есептеген  салықтар шегерімдерінсомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық  салынатын табыстары болып табылады.Оларға келесілер жатады:

• қызметкерлер табысы

• бір жолғы төлемдерден алынған табыстар

• жинақтаушы зейнетақы қорларына берілетін төлемақы

• дивидент

• сыйақылар

• ұтыстар түріндегі табыстар

• жинақтаушы , сақтандыру шарттары бойынша  алатын табыстар

 

Төлем көзінен салық салынбайтын  табыстарға мыналар жатады:

• Мүліктік табыстар

• Жеке кәсіпкердің салық саясатын табысы.

• Адвокаттармен жеке қатынастардың табыстары.

Салық төлеушілердің мүліктік табысына ҚР заңдарына сай мемлекеттік  қажеттіліктер үшін сатып алынған  мүлікті қоспағанда кәсіпкерлік  қызметте пайдаланылмайтын 1жылдан аз уақыт ішінде меншік құқықтарда болған жылжымайтын мүлікті , бағалы қағаздарды, қымбат бағалы тастармен , бағалы металдарды, олардан зергерлік бұйымдарды .Сондай ақ өнер туындыларын сату кезіндегі құнының өсуінен түсетін табыстар, сондай-ақ мүлікті қолға беруге алынатын табыстар жатқызылады.Мүлікті сату құнымен бағалау құнының арасындағы айырма құнының өсімінінен алынған табыс болып есептеледі.

 

2# Жеке табыс салығы салынбайтын табыс түрлері:

• ҚР. Заңдарында бекітілген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдем ақылар.

• Балаларға және асыраулы адамдарға алынатын алименттер

• Жеке тұлғаның өмірімен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР заңдарына сай өтеу.

• Әскри қызмет міндеттерін атқарған кезде, арнайы атақ берілген, оның қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты алған ішкі істер органының қылмыстық атқару жүйесінің органымен мекемелері және мемлекеттік өртке қарсы қызметке берілетін төлемдердің барлық түрі.  

• Грант қаражаты есебінен төленетін төлемдер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, міндетті зейнетақы қорлары.

• Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50% мөлшеріндегі лоторея ұтыстары.

• Экономикалық апат немесе ядролық сынақ саларынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау заңға сай төленетін төлемдер

• Қызметтік іссапар кезінде төленетін төлемдер

• Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттің орталықтан берілетін  зейнетақы төлемдер

• Білім беру ұйымдарында оқитындарға ҚР заңдарына сай белгіленген мемлекеттік степендияларға арналған мөлшерде төленетін төлемдер

 

3# Салық төлеушілердің салық салынатын табысына 10% ставка бойынша салық салынатын сыйақылар, ұтыстар түріндегі салықтарға 10%, ал дивиденттер түріндегі 5 % ставка қолданылады

Қызметтердің төлем кезінен  салық салынатын табысын анықтаған  кезде келесілер шегеріске жатқызылады:

• ҚР заңдарында белгіленген ең төменгі  жалақы мөлшеріндегі сома

• Міндетті зейнетақы қорлары.

• Қызметкерлер өз пайдасы үшін енгізетін ерікті зейнетақы жарналары.

Жарты айдан аз уақыт жұмыс істеген  қызметкерлер табысын айқындау кезінде  ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сома шегерілмейді.

Салық агенті жеке табыс салығын  есептеумен ұстапқалуды төлем көзінен  салық салынатын, табыс төленетін  күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Олар төленген табыс бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15 дейін жүзеге асырылады.

Табыс салығы бойынша есеп тоқсаннан кейінгі айдың 15 нен кешіктірілмей салық органдарына табыс етілуі тиіс

Жеке табыс салығы бойынша декларация  салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады және оны келесідей тұлғалар тапсыруы тиіс:

• Төлем көзінен салық салынбайтын  табыс ы бар тұлғалар

• ҚР шегінен тыс жерлерде табыс  алатын жеке тұлғалар

• Шетелдік баяғы шоттарда ақшалары бар жеке тұлғалар

• ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы заңдарға сай декларация беру жөніндегі міндеттеме жүктелетін адамдар

• ҚР парламентінің депутаттары  , судиялар

 

Корпоративті табыс  салығы.

 

1) Корпоративті табыс салығын төлеушілер және салық салу обьектісі

2) Жеке табыс салық ставкалары

3) Жеке табыс салығын есептеу және төлеу.

1# Корпоративті табыс салығын төлеушілерге ҚР Ұлттық банкімен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР территориясындағы резидент заңды тұлғалар және қызметі тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын және ҚР көздерден табыс алатын резиднт емес заңды тұлғалар жатады.

Корпоративті табыс салығының  салық салу обьектісі:

• Салық салынатын табыс

• Төлем көзінен салық салынатын  табыс

•ҚР – ғы қызметі тұрақтиы мекеме арқылы жүзеге асатын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық  табысы салық кезеңі ішінде ҚР мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.

Жылдық жиынтық табысқа келесілер  жатады:

    1. тауарларды өткізуден түсетін табыстар.
    2. үйлерді, ғимараттарды құрылыстарды сондай – ақ амартизациялауға жатпайтын активтерді өткізуде құңының өсімінен табыс.

Амартизациялауға келесі активтер жатпайды:

      • Жер учаскісі
      • Құрылыс аяқталмаған объектілер
      • Орнатылмаған жабдықтар
      • Инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін тіркелген активтер. өсім аталған активтерді сату құңымен олардың баланстықө құңы арасында айырма ретінде анықталады.

Активтер өткізілетін айдын 1 күнінде  бухгалтерлік баланста көрсетілетін  құны баланстық құны болып табылады.

3. міндеттемелерді есептеп шығарғанан түсетін табыстар

4. күмәнді міндеттемелер бойынша  түсетін табыстар 

5. мүлікті жалға беруден түсетін  табыстар

6. кәсіпкерлдер қызметті шектеулерге немесе тоқтатуға келісім үшін алынатын табыс

7. тегін алыңған мүлік, орындалған жұмыс, көрсетілетін қызметке түсетін табыс.

8. ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар

9. дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар

10. әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан арттық сомасы.

Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс  салумен байланысты анықталу кезенде  шегеріледі. Шегерістер шығындарды растайтын  құжаттардың бар болу кезенде  жүргізіледі, егре бір шығындар шегерістердін  бірнеше баптарында қарастырылса, салық  салынатын есептелген кезде аталған шығындар тек бір рет қана шегеріледі.

Шегерістерге келесілер жатады:

  1. қызмет бабандығы іс сапар шығындары
  2. сыйақы бойнша шегерістер
  3. төленген күмәнді міндеттемелер бойнша шегерімдер
  4. резервтік қорларға аударым бойынша шегерімдер
  5. ғылыми зерттеу және техникалық жұмыстарға жұмсалытын шығында бойынша шегерімдер.
  6. сақтандыру сыйақылары бойынша шегерімдер
  7. әлеуметтік төлемдерге және оқытуға жұмсалатын шығындарды шегеру
  8. табиғи ресурстарды экологиялық зерттеуге және оларды өңдеуге және оларды әзірлеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар бойынша шегерімдер.
  9. тіркелген активтер бойынша шегерімдер

Тіркелген активтер бойнша амартизациялық аударымдарды есептеу амартизациялық топтар бойынша жүргуізіледі. Амартизациялық активтерге келесілер жатады: жер, мұражай  құндылықтары, өнер ескерткіштері, жалпығы ортақ пайдалынатын автомобиль жолдары, скверлер, аяқталмаған күрделі құрылыстар, инвестициялық жоспар шеңберінде пайдалануға тіркелген активтер.

 

Кедендік  баж салығы- мамлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлем.

Кедендік баж-импортталатын  жүктерге салынатын салық, кеден  аумағына тауар әкелу барысында  кеден органдарының өндіріп алтын  төлемі.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының  кеден органдары Қазақстан Республикасының  кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады.

 

Кеден бажының экономикалық мәні мен маңызы

 

1. Кедендік саясат Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттарының құрамдық бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары мыналар:

 

  1. Қазақстандақ нарықты қорғау
  2. Қазақстандақ өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау
  3. Экономиканың дамуын ынталандыру
  4. Экономикадағы құрылымдық қайта құруды жүргізуге жәрдемдесу
  5. Монопалзмге қарсы әрекет пен бәсекелестікті қолдау
  6. Экспорты ынталандыру және импорты алмастыратын өндірісті қолдау
  7. Шетел инвестицияларының назаын аудару
  8. Сауда саясаттарының мәселелерін шешу.

 

Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының  кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде және Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған басқа да жағдайларда, кедендік төлемдер мен салықтар төленеді, оны өндіріп алу кеден бөлімдеріне жүктелген.

Кеден баждары бюджете құйылатын міндетті төлемдердің бірі болып табылады. Олар түрлері мен белгілері бойынша жіктеледі. Халықаралық тәжірибеде көбірек таралғандары импорттық және экспорттық баждар болып табылады. Импорттық кеден баждары елдің аумағына әкелінетін тауарларға салынады. Ол ұлттық немее еркін жүретін валюта, төлеушінің еркі бойынша төленеді және мемлекет пайдасына аударылады.

Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің және кеден төлемдерін өндіріп алудың тәртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен анықталады.

Кеден төлемдерінің ставкаларын  Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

 

Кеден бажының түрлері

 

Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарымен қатар  Қазақстан Республикасының  заңымен қорғаушы, демпинге қарсы және өтемдік баждар қарастырылған.

Информация о работе Салық түрлері