РФ банк жуйеси

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:31, реферат

Описание работы

Кеңес үкіметі тұсында Ресей Федерацияның одақтас Федерациялардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Ресей Федерацияның территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Ресейде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………3
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1.1930-32 ж.ж. болған несие реформасы...............................................................5
1.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы.............................................................9
2 ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1 Ресей Федерациясының Орталық банкі............................................................13
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінін құрылымы..................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................28

Работа содержит 1 файл

РФ банк жүйесі.docx

— 59.65 Кб (Скачать)

  Президенттің немесе  үкіметтің тапсырмасы бойынша  Ұлттық банктің қоймасында сақтау  үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке  алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы  металл құймаларын, монеталарды,  өңдеген және өңделмеген табиғи  асыл тастарды ішкі және сыртқы  нарықта сатып алу және сату  операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта  бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. рубльден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталыжарғылық капиталы мөлшерінентұрады. Таза табысыесебінентолтырылып, жүргізілгеноперацияларбойыншашығындардыөтеугежұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта  бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталык резерв рубльнің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

- алтыннан;

- банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және Федерациядағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;

- Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;

- Шетел  үкіметтері  немесе  халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;

- шетелвалютасындағыжайжәнеаударымвексельден;

- өтімділігіжәнеқауіпсіздігіқамтамасызетілгенжағдайдағышетелвалютасындағыбасқасыртқыактивтерденқұрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметгік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының Федерациялық бюджетіне жіберіледі.

Ұлттықбанктіңбасқарушы органы болыпБасқармажәнедиректорларКеңесі (Директорат) саналады. Оныңжоғары органы Басқарма, ол 9 адамнантұрады. ОғанҰлттықбанктіңтөрағасы, бес лауазымдыадамыжәнеПрезиденттенбір, ФедерацияҮкіметіненекіөкілкіреді. Президенттен, ФедерацияҮкіметіненжәнеҰлттықбанктенкіргенбасқармамүшелерінтиісінше Президент, үкіметжәнеҰлттықбанктіңтөрағасыбекітедіжәнеқызметтенбосатады.

Ұлттық банктің төрағасын  Федерация Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Федерация Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен Федерация Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Басқармасының  мәжілістері қажетті кезде, бірақ  айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін  орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі  қызметін басқаратын орган - Директорлар  Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің "Ресей Федерациясының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

2.2  Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы

"Ресей Федерациясындағы банктер және банк қызметі туралы" Федерация Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында "Ресейде екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк - мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер" делінген.

Ұлттық банктің статистикалық  көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында  Федерацияда екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і Федерация үкіметінің қатысуымен құрылған; 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Федерацияда шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Федерацияда сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Ресейлік банкаралық есеп айырысу орталығы; "Ресей Федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы", Федерациялық мемлекеттік казыналық кәсіпорыны; "Ресейлік қор биржасы" ЖАҚ; "Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі" ЖАҚ; "Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ; "Қауымдастықтарды несиелеудің ресейлік қоры" Қоғамдық қор; "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ; "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі" ААҚ; "Шағын несие" үкіметтік емес ұйым" Қоғамдық қор және т.б.

Қазіргі Ресей Федерацияныңның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқаисысына сипатгама берелік.

Мемлекеттік банк- үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.

Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк:

  • Ресей Федерациясының резиденті емес;
  • Ресей Федерациясының резиденті - занды тұлға, акциясының 50 процентінен көбісі Ресейдің резиденті еместің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында;
  • Ресей Федерациясының резиденттері еместің қаражатын басқаратын   сенімді адамы  -  Ресейдің резиденті.

Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі - Ресей Федерацияның үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.

Банк емес несие-қаржы  мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде   кейбір   банктік   операция   жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.

Коммерциялық банктер  - кәсіпорындар мен ұйымдарға сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерін'ен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің баніктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады - Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты - неғұрлым жоғары пайда табу.

Ресей Федерациясының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында "банк" деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым Ұлттық банкке, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық банктің лицензиясыз жүзеге асырылатын банк операциялары жарамсыз деп табылады.

Банк жүйесінің екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін  үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды  іске асыру, сондай-ақ басқа да ортақ  мақсаттарын орындау үшін банктік  ассоциациялар және одақтар құруға құқылы.

Ассоциациялар (одақтар) коммерцилық ұйымдар емес. Оларды банк жүйсіндегі бәсекелестікті шектеу, проценттік мөлшерді реттеу, несие беру және басқа банктік қызметтер жағдайларын үйлестіру мақсатында қолдануға болмайды.

Ресей Федерациясындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “РФ Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “РФ-дағы банктер және банктік қызмет туралы” РФ заңдарын басшылыққа алады.Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни ресейлік банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы төмендегі кестеде көрсетілген:

90-шы жылдың басында  банктердің саны 200 - ден асты, әрине  бұл олардың экстенсивті жағынан  дамуын сипаттаса, сол жылдың  орта кезінен бастап, күні бүгінге  дейін банктеріміздің саны біртіндеп  азаюда, ал бұл құбылысты олардың  қарқынды өсуінен байланыстыруға  болады. РФ екінші деңгейдегі банктер РФ Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Ресейде берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

РФ-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық -  ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Ресейлік банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа  РФ Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

 Сонымен қатар, Ресейлік коммерциялық банктерге бағалы металдар мен операцияларды жүзеге асыру үшін РФ Ұлттық банкі лицензия береді.

  1. жылдың 31 тамызында қабылданған “РФ-ғы банктер және банктік қызмет туралы” РФ-ның заңына сәйкес РФ-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай 3 кезеңнен тұрады:
  • Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
  • Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  • Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы  Ұлттық банкке ашу үшін рұқсат алуға  өтініш береді.

Екінші кезеңде жаңадан  құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министірлігінде мемлекеттік  тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің  банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған  құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік  операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден  өткен күннен бастап, бір жылға  дейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық - техникалық шараларды орындау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Сонымен қатар, РФ-тағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ - кассаларын, сондай-ақ еншілес

банктерін аша алады.

РФ екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

Ресейдеғы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттердің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді  қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың  сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың екі негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1.  Экономикалық реформаның басты  мақсатының бірі нақты анықталған  мүлікті жауапкершілігі бар заңды  тұлғалар құқығына кәсіпорынды  бөліп беру.  Акционерлік шарушылық  формасы мұны қамтамасыз етеді.  Акционерлік қоғамдағы капитал  өндіріс кұралдары формасында  және бағалы қағаздар формасында  да қызмет етеді.

2. Нарықтық экономикаға  өту стратегиясын жариялағаннан  бастап,  РФ  Үкіметі мемлекеттік меншікті  түрлендіруді жүргізіп отыр.  Меншіктің монополияланған көлемі мең ауқымын, сондай-ак Ресей Федерацияның экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, РФ Үкіметі ұзақ мерзімге арналган мемлекет иелігінен   алу   және   жекешелендіру   ұлттық   бағдарламасын жасады.

3. Нарық,   онын қазіргі  түсінігінде бір меншік  формасына  монополияның болуын жоққа шығарып,  олардың көп түрлілігін, экономикалық  және саяси теңдігінің болуын  талап етеді. Оны құру мемлекеттік  меншікті мемлекет   иелігінен  алу және жекешелеңдіру жолымен  жүзеге асырылады.

Информация о работе РФ банк жуйеси