Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:31, реферат
Кеңес үкіметі тұсында Ресей Федерацияның одақтас Федерациялардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Ресей Федерацияның территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Ресейде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………3
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1.1930-32 ж.ж. болған несие реформасы...............................................................5
1.2. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы.............................................................9
2 ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1 Ресей Федерациясының Орталық банкі............................................................13
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінін құрылымы..................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................28
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан
бастап КСРО-да банк жүйесін
түбегейлі өзгертетін реформа
жүргізіле бастады. Оның
- КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - аграрлы-өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
- КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін кұрылды;
- КСРО Жинақ банкі - ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету;
- КСРО Сыртқы экономикалық банкі - ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті экспорт - импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық
банктердің құрылымы әкімшілік-
Жаңадан құрылған банк
жүйесі бұрынғыдан да көлемді,
әрі ыңғайсыз, көп сатылы, көп
шығынды, үлкен бюрократ
Банк жүйесін қайта
құрудан кейін маманданған
Сондай-ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының
бірінші кезеңіндегі
Банк жүйесін бірсыпыра
реттеген 1990 жылдын аяқ шенінде
одақтық екі заң - "Мемлекеттік
банк туралы" Заң және "Банктер
және банк кызметі туралы" Заң
бекітілді. Заңдарда банк ашу
жағдайы, оларды бақылау
2.РЕСЕЙ ФЕРЕЦИЯСЫНДА ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Ресей Федерациясының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990ж. желтоқсанында РСФСР-дың Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк қызметі туралы" Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес Федерацияда екі деңгейлі банк жүйесі кұрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - РСФСР-дың Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі.
Ресей Федерациясының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Федерациялық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Ресей Федерацияныңның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Ресей Федерацияның Ұлттық банкі деп аталады.
Ол Федерациядағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Ресей Федерациясы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Ресей Федерациясының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Ресей Федерациясының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол Ресейдің кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Ресей Федерацияның Ұлттық банкі Ресей Федерациясы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Ресей Федерацияның Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка России" атты ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Ресей Федерациясында мемлекеттік ақша-несие саясятын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Ресей Федерациясында қолданылатын банкнота және монетаны (рубль) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, рубль пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, рубль қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Ресей Федерациясындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, ресейлікрубльмен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған Ресейдің ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін кажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Ресей Федерацияның территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік
есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік
және басқа есептің мерзімін,
формасын, тізімін, тәртібін және
әдісін бекітіп, сондай-ақ
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Ресей Федерацияныңға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Ресей Федерациясының резиденттерінің Федерациядан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта - қаржылық және несие - есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Ресей Федерациясы Президентінің "Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, ресейлік және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.