Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:51, реферат

Описание работы

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым.

Содержание

. Кіріспе
1. Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі.
1.1. Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары.
1.2. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы.
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

несие нарығы.docx

— 33.73 Кб (Скачать)

          5. Өтелетін әдісі бойынша бөліп-бөліп төлеумен өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде (нақты бір күнде) өтелетін ссуда деп бөлінеді.

          Банк несиесі шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және басқа да  құқықтық тұрғыдан ұйымдастырылған құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне несиелеу қағидаларын қатаң сақтаумен беріледі. Несиелеу қағидасы барлық жүйенің ең басты және негізгі элементі болып табылады. Өйткені ол несиенің мәні мен мазмұнын, сондай-ақ объективті экономикалық заңдылықтардың талаптарын, оның ішінде несие қатынасы саласындағы зандылықтың талаптарын бейнелейді.

          Банк несиесінің мынадай формалары  бар:

          1. Мерзімді несие — мерзім  басында толық беріледі. Сондықтан  да ол бойынша пайыз барлық  соманың есеп айырысуынан есептеледі, ал негізгі сома кезендік жарнамен  немесе мерзім соңында бір жолғы төлеммен өтеледі.

          Қысқа мерзімді несие, әдетте, тіркелген пайыз мөлшерлемесі  бойынша беріледі, ал ұзақ мерзімді  кез келген валютада өзгермелі  пайызбен беріледі. Мұның біріншісі (қысқа мерзімді несие) шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналымдағы капитал қозғалысына қызмет етеді, есеп айырысудың уақтылы жүргізілуіне ықпалын тигізеді, төлем қабілетін арттырады әрі

      қаржылық  жағдайды нығайтады. Оның қысқа  мерзімді несиеден айырмашылығы  ұзақ мерзімді және орта мерзімді  несиелер инвестициядағы қажеттілікті қамтамасыз етуге, яғни негізгі капиталдың қозғалысына, құрылысқа, жаңа өндірісті жаңғыртуға, игеруге және негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісімен бай-ланысты шараларды жүзеге асыруға бағытталады.

          2. Овердрафт бойынша несие —  мерзімсіз несие. Оны қарыз  алушы алғашқы талап етуі бойынша  келісімшарттың сомасына сәйкес  күн сайын есептелетін, базалық  мөлшерлемеден асатын пайызбен  ала алады. Банк қарыз алушыға алдын ала хабарлап, овердрафт бойынша несиенің күшін жоюы мүмкін.

          3. Ашық несие желісі бар несие  - қарыз алушының талап етуі  бойынша банктің келісімшартта  айтылған соманы беру міндеттемесі. Несие желісі белгілі бір мерзімге ашылады және ол осы мерзім ішінде жабылмайды. Несие желісін компаниялар қажет болған жағдайда қаржыландырудың қосымша көзі ретінде пайдалануы мүмкін.

          4. Жаңартылмалы несие. Несие желісі  де, овердраф та жаңартылмалы  несие түрінде бола алады. Бұл арада қарыз алушы соманы ескертілген соманың шегінде тұрақты пайдалануы, әрі өтеуі мүмкін. Айта кететін жайт, мұндағы несие белгіленген берешек лимитінің шегіңде автоматты түрде беріледі әрі өтеледі. Мәселен, егер банк қарыз алушы үшін 300 мың теңге сомасында үш жылға жаңартпалы несиесі бар несие желісін ашатын болса, онда қарыз алушы 300 мың теңгенің бәрін үш айға бір-ақ ала алады. Қарыз алушы жаңартпалы несиені ең қысқа мерзімде пайдаланады. Үш ай өткен соң сома өтелетін болса, қарыз алушы несиені 300 мың теңге сомасында автоматты түрде жаңарта алады.

          5. Бірлестірілген иесие. Дәстүрлі мерзімді банк несиесі туралы келісім банк пен шаруашылық жүргізуші субъектінің арасында бекітіледі. Яғни, оған екі жақ қатысады. Шаруашылық жүргізуші субъект пен банктер (A,B,...N) арасында жеке несие келісімі бекітіледі. Алайда субъектіге аса ірі сома қажет болған кезде банк көп мөлшерде несие беруден бас тартатын болса, яғни үлкен тәуекелдік жүгін өз мойнына алғысы келмесе немесе шаруашылық жүргізуші субъект өзін-өзі қаржыландыру үшін тек бір ғана банкпен шектеліп қалғысы келмесе, онда бірлестірілген несие қажет болады. Мұндай несиені қарыз алушыға бірнеше банк береді.

          Бірлестірілген несие — банк тобын құратын кепіл банк аркылы ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының белгілі бір бөлігін береді.

          6. Ипотекалық несие — сатып  алынған үйдің немесе жердің  кепілімен банк беретін орта  мерзімді және ұзақ мерзімді несие. Ипотекалық несие — қаржылық қызмет көрсету нарығының ең серпінді дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Бүгінгі танда Қазақстандағы үлкен мәселе болып саналатын «баспана мәселесін» шешудің бірден-бір жолына айналды. Жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар ұзақ мерзімді ипотекалық несиенің жүйесін дамыту қажет деп санайды.

 

      1.2. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы

          Коммерциялық банктер нарықтағы  негізгі несие берушілерге жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландыру несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды талап ететін РЕПО-ны ұсынады. Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін Ұлттық банк белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемеден төмен белгілей алмайды.

      ҚР Қаржы  нарығы мен қаржылық ұйымдарды  қадағалау және реттеу жөніндегі  агенттігі несие нарығында реттеуші  орган ретінде танылады. Мәселен,  бұл орган кастодиан-банктің,  брокер-банктің және т.б. банктердің  негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

      Коммерциялық  банктер әмбебап коммерциялық  банк және мамандандырылған коммерциялық  банк болуы мүмкін екендігі  белгілі. Отандық тәжірибеде бүгінгі  таңда, әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады. Дегенмен соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады. Мысал ретінде «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ны айтуға болады. Оның негізгі бағыты - халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.

          Несиені тек коммерциялық банктер  ғана емес, сондай-ақ ломбардтық, несиелік серіктестіктер және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзімге және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.

          Қазақстан несие нарығының институционалдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады (13-сурет).

          Қазақстанда осы уақытқа дейін  қысқа мерзімді несиелер негізінен  аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға ғана беріліп келсе, ал қазіргі күні елімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрлері пайда болғаны байқалады. Оның үстіне несие берушілердің қатарын мамандандырылған мекемелер толықтырып, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп отыр.

          Қаржы мекемелерінің несиелік  портфельдеріне қарай, несие нарығының  құрылымын былайша көрсетуге  болады.14

          Бүгінгі таңда басқа несие  нарықтарына қарағанда тұтыну  несиесінің нарығы ерекше дамып  келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды  сатып алу үшін беріледі. Сатып  алынған тұрмыстық техниканың, машинаның  және басқа да тауарлардың  құнын біртіндеп, бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналып отыр. Бүгінгі таңда банктердің пайыз мөлшерлемелерін көп төмендетуі, мұндай несиені алудың рәсімін оңайлатты. Бұл осы нарықтың даму қарқынын арттыруға әкелді.

          Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының  қарқын алуына қарай оған жұмсалатын  қаражатқа деген қажеттілік артып  келеді. Банктердегі ссудалық пайыздардың  кемуі мен несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының кеңеюіне себепкер болды.

          Банкаралық несие нарығы —  несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие нарықтарында банктерден  өзгесінің бәрі қарыз алушыға жатса,  мұнда тек банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде болады.

          Халықтың баспана қажеттілігіне  байланысты ипотекалық несие  нарығы жылдам дамып келеді. Бірақ,  халықтың көпшілігінде баспана  алуға жеткілікті қаржы болмай  тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үйді ипотекалық несиемен қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Қорытындылап  айтып келетін болсам. Несие ақша  сияқты тарихи экономикалық дәреже  болып табылады. Кредит деген  сөз, қарыз несие деген сенемін  деген мағына беретін болып:  латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде  әр түрлі экономикалық қоғамдарда  қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің  пайда болған кезінен байлап  қарайтын формада: бай және  кедей қоғамдарда көрінеді. Несие  қатынастары ақша қатынастары  сияқты үнемі даму үстінде  болады.

     Несиенің мақсатты  сипаты несие берушіден алынған  қаражаттың мақсатқа сай пайдалану  қажеттілігін білдірді. Несие келісім  шартындағы сәйкес бөлімде берілетін,  несиенің нақты  мақсаты, сондай  ақ банктің бақылау процесінде  бұл талапты қарыз алушының  сақтауы белгіленеді.

     Несиенің тауарлық  формасы шарты жағынан алып  қарағанда оның ақшалай формасынан  бұрын пайда болған. Несиенің  тауарлық формасы осы заманғы  іс тәжірибеде төмендегінің мерзімін  ұзартумен тауарларды сатуда  машина мен құрал жабдық, тұрмыстық  тауарлар, саймандар лизингіде қолданылады.

     Қазақстанда  тұрғын үй құрылысын салуға  және оны сатып алуға ұзақ  мерзімді тұтыну несиесін беру  үшін мамандандырылған  мемлекеттік  құрылыс жинақ ақша бөлінісі  құрылады. Жылы халыққа берілген  тұтыну несиесінің мөлшері млрд  теңгені құрады, жылмен салыстырғанда  құрады.

     Инфляция жағдайында, керісінше, қолма қол ақшамен  төлеудін үлесі артады несиені  пайдаланудың мерзімі қысқарады  және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Жылғы несие жүйесіндегі реформалардан  кейін жинақ кассалары қызметінің  негіздері қайта құрылды. Акционерлік  коммерциялық банк Жинақ банкі  құрылды. Нәтижесінде жинақ банктері  басқа коммерциялық банктерден  аса өзгешеленбейтін бөлікке  мекемелерге айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ақша, несие, банктер.

Ғ.С.Сейтқасымов.

          Алматы: Экономика, 2001 ж

2. Көшенова.Б.

“Ақша, несие, банктер”.

Алматы, 2001ж.

3. Мақыш.С.Б.

“Коммерциялық банктер операциялары”.

Алматы: 2004ж.

4. Мақыш.С.Б.

“Ақша айналысы және несие”

Алматы: 2004ж.

5. Ысқақова. З.Д.

“Банк ісі”

Қарағанды, ж.

6. Ысқақова. З.Д.

“Бағалы қағаздар нарығы”

Қарағанды, ж.

7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А

“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.

8. Я. А. Дободиной

    “ Денежное  обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999

9. В. Колесинкова

    “ Банковское  дело ”, “ финансы и статистика  ”, 1996

10.  И. И. Повлов

“ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1994 ж

11.  Г. С. Сейітқасымов

“ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996

12.  Ілиясов Қ., Құлпыбаев

       “ Қаржы  ” Алматы, 2005ж

13.   В. Д. Мелинков

“ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж

14.  С. С. Сахариев

“ финансы ” Алматы юредическая  литература, 2004 ж 

15.  Романовский

“ финансы ” учебник  для ВУЗ 2000 ж


Информация о работе Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі