Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 20:35, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Работа содержит 1 файл

Назгуль.docx

— 30.40 Кб (Скачать)

2. Негізгі құралдардың жіктелуі.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік,жер учаскілері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.     

 Көлеміне немесіне бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай -ақ құрылыс -монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар,яғни мал төлдері де жатпайды.                                                                                                                                                Барлық  «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін , яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал -саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй- жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы  да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық- техникалық жабдықтау және сату- өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалары бойынша топталады.     

 «Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырылған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.     

 Егер  кәсіпорындар мен ұйымдардағы  негізгі құралдардың бәрі тек  қана ұйымның негізгі шаруашылығының  түріне ғана қызмет істейтін  болса,онда бұл ұйымдағы негізгі  құралдардың барлығы түгелімен  сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.     

Мысалы:өнеркәсіптік ұйымдағы өнеркәсіп өнімдерін өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.    

 Егер  кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылығы саласы қызметі түріндегі топқа жатады.                                                                                                                                        

 

 

     Кәсіпорынның  балансындағы тұрғын үй шаруашылығының  негізгі құралдары халық шаруашылығының  тұрғын үй шаруашылығы және  халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.                                                   

 Негізгі  құралдар алдына қойған мақсатына  және атқаратын қызметіне қарай  мынадай топтарға бөлінеді:                                                                                                   

    а)үйлер  (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма  және тағы басқалар);                                                 

 ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары);

       б)өткізгіш  тетіктер (жұмыс машиналары, энергия  бөлетін тетіктер, құбырлар және  тағы басқалары);    

      в)машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппаратық трансформаторлар, экскаваторлар,грейдірлер,бульдозерлер,бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар,монометрлер,таразылар,кассалық апараттар мен тағы басқалар);                         

      г)тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер,көлікке тіркемелер(прицеп),тракторлар және тағы  басқалар);

     ғ)құрал- саймандар мен жабдықтар(шкафтар, бактар,контейнерлер және тағы басқалар);                                                                                                                

  д)шаруашылық  құрал- жабдықтар (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және тағы басқалары);                                                                                           

 е)жұмыс және  өнім малдары;                                                                                                        ж)көп жылдық  өсімдіктер мен көшеттер;                                                                         

 з)жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);        

  и)жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;                               

   к)басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары  және тағы басқалары);                       

        Негізігі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне  қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның  өзіне тиісті және уақытша  жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.     

       Сонымен қатар  пайдалану барысына қарай негізгі  құралдар жұмыс істейтін,жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үшке бөлінеді.                                                                 

      Жұмыс істейтіндерге  өндіріс үдерісіндегі,яғни қолданыстағы  негізгі құралдар жата. Жұмыс істемейтін  негізгі құралдардың қатарына  тоқтатылып қойылғанда, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.                                                                                                                    

   Сақтауда тұрған  негізгі құралдарға келешекте,яғни  алдыңғы уақытта тозып немесе  басқа да жағдайларға байланысты  істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатады.                                                      

    Материалдық  активтер сатып алыну мақсатына  қарай былай бөлінеді:                             

  а)негізгі құралдар;                                                                                                              

  ә)тауарлық- материалдық қорлар;                                   

   б)қаржылық  инвестициялар.                                                                                                     

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алыған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық- материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учкаскелері мен қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.                                             

 

 

 

 

5. Негізгі құралдарды түгендеу

 

Мемлекеттік мекемелерде  ғимараттар мен құрылыстарды түгендеу кезінде комиссия құқық белгілейтін құжаттардың болуын, объектілер бойынша мемлекеттік мекеменің балансында есептелгендерді табуды тексереді.

Сондай-ақ мемлекеттік  мекеменің баласында тұрған жер  учаскелеріне, су қоймаларына және өзге табиғи ресурстар объектілеріне  құжаттардың болуы тексеріледі.

Негізгі құралдарды түгендеуді бастағанға дейін мыналарды:

түгендеу карточкаларының, тізімдеменің және өзге талдамалы есептеу  тіркелімдерінің болуын және жағдайын;

техникалық  паспорттардың және басқа да техникалық құжаттардың болуын және жағдайын;

мемлекеттік мекеме жалға тапсырған, жалға, сақтауға және уақытша пайдалануға қабылдаған активтерге құжаттардың болуын тексеру  қажет.

Бухгалтерлік  есептің немесе техникалық құжаттаманың тіркелімдерінде айырмашылықтар мен  дәлсіздіктер табылған кезде тиісті түзетулер мен нақтылаулар енгізілуі  тиіс.

Ұзақ мерзімді активтерді (ғимараттарды, құрылыстарды, тапсырылатын қондырғыларды, машиналар  мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын, кітапхана қорын және өзге де ұзақ мерзімді активтерді) түгендеу деректерін ресімдеу үшін осы Қағидаға 4-қосымшаға  сәйкес түгендеу тізімдемесі (салыстыру  ведомості) қолданылады, олар негізгі  мақсатына сәйкес атаулары мен олардың  түгендеу нөмірлері бойынша жасалады.

Техникалық  құжаттама болмаған жағдайда ол туралы тізімдемеде «Ескертпе» бағанында  көрсетіледі.

Машиналар, жабдықтар  мен көлік құралы әзірлеуші –  ұйымның техникалық паспорты бойынша  зауыттық нөмірін, шығарылған жылын, мақсатын, қуатын көрсете отырып, тізімдемеге  енгізіледі.

Бір уақытта  түскен және топтық есептеудің үлгілік  түгендеу карточкасында есептелетін  құны бірдей біртекті шаруашылық мүкәммал құралдары, керек-жарақтар мен өзге негізгі құралдар түгендеу тізімдемелерінде осы заттардың саны мен түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, атауы  бойынша келтіріледі.

Қалпына келтіруге, қайта жаңартуға, кеңейтуге немесе қайтадан құруға ұшыраған, соның салдарынан оның негізгі мақсаты өзгертілген  объект жаңа тағайындауға сәйкес атаулар  бойынша тізімдемеге енгізіледі.

Жүргізілген күрделі  жұмыстар (қабаттар қоса салу, жапсарлас  жаңа үй-жайлар салу) немесе құрылыстар мен гимараттарды ішінара бұзу (жеке конструктивтік элементтерді бұзу) активтерді тану критерийлеріне сәйкес мемлекеттік  мекеменің балансында көрсетілмеген  жағдайда, түгендеу комиссиясы тиісті құжаттар бойынша тізімдемеде көрсете  отырып, объекті құнының өзгеру сомасын  және жасалған объектілерді өзгертулер мемлекеттік мекеменің балансында көрініс таппау себептерін айқындауы  тиіс.

Есепте жоқ  объектілерді, сондай-ақ есептеу тіркелімдерінде  олар бойынша оларды сипаттайтын  деректер жоқ немесе дұрыс емес көрсетілген  объектілер айқындалған кезде комиссия түгендеу тізімдемесіне жетіспейтін  мәліметтерді және осы объектілер бойынша  техникалық көрсеткіштерді, мысалы: ғимараттар бойынша – олардың тағайындауларын, олар соғылған негізгі материалдарды, көлемін (сыртқы және ішкі өлшеу бойынша), ауданын (жалпы және пайдалы), қабаттар санын (жертөлесіз, жартылай жертөлесіз), соғылған жылын және т.б. енгізуі  тиіс.

Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған  және ескерілмеген объектілерді бағалау  Қазақстан Республикасының бағалау  қызметі туралы заңнамасына сәйкес нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.

Соңғы түгендеу жүргізу сәтінен бастап айқындалған  және ескерілмеген негізгі құралдардың  өзге де объектілерін және материалдық  емес активтерді бағалау іс жүзіндегі  техникалық жағдай бойынша белгіленетін нарықтық құн бойынша жүргізілуі тиіс.

Түгендеу жүргізілген  сәтте активтері мемлекеттік  мекемеден тысқары болған негізгі  құралдар (күрделі жөндеуге жіберілген машиналар мен жабдықтар, теміржол көлігінің жылжымалы құрамы) олардың  уақытша болмаған сәтіне дейін түгендеуге жатады.

Пайдалануға жарамайтын және қалпына келтіруге жатпайтын  негізгі құралдар, жылжымайтын мүлік  пен материалдық емес активтер бойынша  осы объектілерді пайдалануға беру уақыты және жарамсыз болуына әкеп соқтырған себептер (тозғаны, толық  жарамай қалғаны) көрсетіле отырып жеке тізімдеме жасалады.

Информация о работе Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау