Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:11, реферат
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Кіріспе................................................................................................................. 3-5
І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.
1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13
ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.
2.1. Ақша – несие саясаттарының құралдары....................................14-23
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару..................................................................... 24-27
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».
3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30
3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32
Қорытынды...................................................................................................... 33-34
Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35
Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. Аукциондық несиелерді енгізу кезінде көп қолданатын директивті несиелерден айырықша несие ретінде, нақты пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді.
Аукциондарға Ұлттық банкінің белгіленген экономикалық нормативтері және бұрын белгіленген орталықтандырылған несиелер бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық несиелер – жұмыс істеп тұрған анк аралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша - несие саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық несиелер банктік қызметі жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздарды және олардың кепілдігі бар барлық банктердің резиденттерін тарта алады.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
Елімізде қолма – қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі – коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі – Ұлттық банкідегі банктердің корреспондеттік шоттары арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп айырысулар.
Қатысушының кез – келген уақытта коррсепондеттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін.
Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айырысу арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қаммыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтыс коррсепондеттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас коррсепонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде – республика деңгейінде өту қарастырылған.[8]
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» ролін атқарады және де ақша – несие мен валюта саясатын анықтайды. Сонымен қатар, Ұлттық банк – оның жоғары үкіметі органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басты міндетіне келетін болсақ, мұнда ол ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Оның негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша –несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру және республикада қолма – қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
Ұлттық банкінің есеп
немесе пайыз саясаты есептік
пайызды өзгерту жолымен
Айналыстағы ақша массасын реттеудің біршама ыңғайлы әдісі – ашық нарықтағы операциялар. Себебі Ұлттық банкі ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экапансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады.
Ұлттық банк «банктердің банкі» қызметін атқарады, яғни коммерциялық банктер резервтерін сақтайды, оларға қарыздар береді, қолма – қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымда жүзеге асырады, банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банктің қызметінің біріне – екінші деңгейдегі банктер қызметіне бақылау және қадағалай жүргізу мен реттеу жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары