Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:11, реферат
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Кіріспе................................................................................................................. 3-5
І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.
1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13
ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.
2.1. Ақша – несие саясаттарының құралдары....................................14-23
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару..................................................................... 24-27
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».
3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30
3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32
Қорытынды...................................................................................................... 33-34
Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банктің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және депортамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппаратарында келесідей (2009 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық – кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң депортаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.[1]
Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландыратын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.[10]
Олардың басшылық ролі мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктермен
анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық,
резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма
шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің
банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші»
ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты
пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге
асыру және елдің несиелік жүйесін басқару
болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің
Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші
деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық
құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік
тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік
саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік
реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы
қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы
жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті
сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму
сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің
несие-депозиттік қызметіне байланысты
пайда болады, сондықтан Орталық банк
ақша айналымының құрылымын және көлемін
екінші деңгейлі банктердің операцияларын
басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы » Заңы бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттык банкі Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және республикамыздағы
банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік
банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі болып қайта
құрылған. Әлемдік тәжірибеде, нарықтық
экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық
формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
қаражаты есебінен болатын унитарлық
банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі
(немесе
мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік
қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен
немесе
қатысуынсыз); .
• Орталык банкінің қызметін бірігіп
аткаратың тәуелсіз
банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына
мемлекет қатыспайды, олардың капиталы
Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше
банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа
қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық
бюджетке аударылады. Ұлттық банк және
оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден
босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының
ұлтгық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Реепубликасының
Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер
жүктеледі:
• Қазақстанның экономикалық дамуы және
оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы
мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша
айналысы, несие, банктік
есептеулерді және валюталық қатынастар
саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге
асыру;
• ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге көмектесу;
• банктік және баеқа несиелік мекемелердің
қызметін реттейтін ережелерді жасау
және олардың орындалуына бақылау жасау
негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың
мүдделерін қорғау.
«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңында
былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкі Үкіметтің
бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті
ретінде және бсқада мемлекет органдарымен
өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді.
Ұлттық банк барлық үкіметтік
қорлардың және басқа да мемлекеттік
органдардың депозитари-банкі
Ұлттық банк бюджеттің кассалық орындалуы мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуі жағынан Үкіметтің Фискальды агенті және депозитари қызметін атқарады. Ұлттық банк бюджеттік кассалық қызмет көрсету функциясын, барлық меншік нысанын кәсіпорындар мен азаматтардан түскен республикалық және жергілікті бюджет шотындағы ақша қаражаттарының есебін жүргізу жолымен атқарнды. Бюджет кірісіне түскен ақша қаражаттарының көлемі туралы Ұлттық банк және оның жергілікті мекемелері Қаржы министірлігінің органдарына хабар береді.
Қаржы министрлігі қарамағында
қазыналық институттың
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
ІІ бөлім Ұлттық Банктің ақша айналысын басқару
2.1. Ақша-несие саясатының қуралдары
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиялық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссилауында шығарылады және банктерге сатып, қолма – қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар
мен монеталардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың жасауын қамтамасыз
етеді, сақталу, жою және қолма –
қол ақшаның инкассациялау
Қазақстан Республикасында
шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні
болу керек. Банкноталар мен монеталардың
көрсетілген сипаттамалары
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы ҚазақстанРеспубликасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма – қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында
ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға
Эмиссия – бұл мемлдекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.
Қолма – қол түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма – қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құралады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей : 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі болады. Бұл сомасы – 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісім бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады.)
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма – қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша – несие саясатының құралдарын пайдалануымен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл – айналымдағы қолма – қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициентік жылджамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша – несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма – қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жиынтықтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдадығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарлайды.
Информация о работе Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары