Көтерме және сауда орталығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 09:03, курсовая работа

Описание работы

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.

Содержание

Кіріспе
І. Сауда мемлекеттің экономикалық қызметі
Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы.

Бөлшек сауда, оның түрлері және даму тенденциялары

Қазақстан Республикасының көтерме және бөлшек сауда айналымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Көтерме және бөлшек сауда айналымы.doc

— 101.50 Кб (Скачать)
  1. Супермаркеттер – үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер. Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде азық-түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.
  2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың шаршы метрге дейін жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге қарағанда 2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен, көптеген қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың асортиментінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар.
  3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейін шаршы етірге жетеді. Супермаркеттің көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме сауданың негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін, азық-түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім және тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы «Wal-Mart» Алматыдағы «Рамстор – Бутя» дүкендер жүйесі.
  4. Cash&Carry дүкендері. Ауданы – 400 шаршы м. жоғары. Жұмыс күшін үнемдеу арқылы тауарларын ұсынады.
  5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан түрлі ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.).
  6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.
  7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині.
  8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы жоғары болады.

ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.

  1. Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады.
  2. Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.
  3. Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.

ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:

  1. Пошта арқылы сату («Директ-мейл»);
  2. Автоматтар;
  3. Тапсырыстар қызметі;
  4. Шығарып сату саудасы.

  Сауданың  осы аталған түрлерінің мәні туралы тікелей маркетинг бөлімінде  айтылады.

  V. Жеке меншікке байланысты бөлшектік сауда мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Корпарациялық жүйе – екі не оданда көп бөлшек саудагерлердің иесі бір компания болғандықтан, сатып алулар орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Корпорациялық жүйелер көбнесе әмбебап және арнаулы дүкендерді (азық-түлік, киім-кешек дүкендері, дәріханалр) қамтиды. Тауар айналысы үлкен болғандықтан, олар тауарларды ірі көлемде және едәуір арзан бағаға сатып алады.

  2. Ерікті жүйелер – әйгілі сауда маркасымен сауда жасайтын бөлшек дүкендер одағ. Сатып алу көлемін және сату көлемін ұлғайту мақсатында құрылады.

  3. Тұтынушылар кооперативтері. Тұтынушылар иелігіндегі дүкен кооператив мүшелерінің қаражаттарына құрылады. Басшылардың өздері таңдайды, саясатын белгілейді. Мұндай дүкендерде арзан баға белгіленуі мүмкін, кооператив мүшелері сату көлеміне байланысты өз пайыздарын алады.  
 
 
 

1.3 Қазақстан Республикасының көтерме және бөлшек сауда айналымы 
 

    Сауда - республиканың экономикалық қызметінің бірден-бір ірі саласы және оның дамуы – экономиканың табысты жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі. Республиканың жалпы ішкі өнімдерінде саланың жалпы қосымша құн үлесі 12,3%-ға жетті. Қазіргі заманғы сауда механизмі - бұл басқару мен бөлудің күрделі және көп құрылымды құралы. Саудасұраныс пен ұсыныстың қажетті пропорцияларын қамтамасыз ететін, осы негізде тұтыну көлемі мен құрылымын қалыптастыратын тауар рыногының элементі.

    2008 жылы тауарлардың бөлшек сауда айналымы 2 442,8 млрд. теңгеніқұрады, бұл 2007 жылғыдан тұрақты бағаларда 3,1%-ға көп. Республикада халықтың жан басына шаққанда тұтыну тауарларын сату орта есеппен 155,8 мың теңгені құрады.

    2008 жылы мемлекеттік емес сектордағы  субъектілермен тауарларды бөлшектеп сатудан түскен айналым 2 442,2 млрд. теңгені құрады, немесе 99,98%, рыноктар мен жеке кәсіпкерлердің айналымы 973,9 млрд. теңге (2004ж. – 59,4%, 2005ж. – 56,1%, 2006ж. – 48,2%, 2007ж. – 43%, 2008ж. – 39,9%) болды. Мұның өзінде жеке кәсіпкерлердің тауарларды бөлшектеп өткізу көлемін бағалау бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінің 21,8%-ын құрады. 2008 жылы сауда кәсіпорындарының айналымы 1 468,9 млрд. Теңге сомасында қалыптасты және бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінде 60,1% құрады.

    2008 жылы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 103,3 млрд. Теңге мөлшерінде қызмет көрсеткен немесе 2007 жылғыдан 3,5%-ға төмен. Қоғамдық тамақтандыру саласында көрсетілген қызметтердің басым бөлігі (99,8%) мемлекеттік емес секторлар кәсіпорындарымен ұсынылған, олардың айналымы 103,0 млрд. теңгені құрады. 2008 жылы көтерме сауданың атаулы көлемі 6 963,2 млрд. теңгені құрады, азық-түлік тауарларының үлесі – 14%, азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлардың үлесі – 86%-ды құрады.

    Көтерме сауданың аса жоғары көлемі (республиканың жалпы көлемінде) 2008 жылы 2007 жылдағыдай Алматы қаласы – 2 781,1 млрд. теңге (39,9%) мен Астана қаласының кәсіпорындарында – 1 101,6 млрд. теңге(15,8%) қалыптасты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Қорытынды 

  Тауар қозғалысында белгілі бір қызметтер  атқаратын тұлғалар және ұйымдар: транспорттық фирмалар, қойма шаруашылықтары, жүк тасымалдаушылар, тауарды ішкі және халықаралық нарықта өткізуде әр түрлі қызмет көрсететін банктер, сақтандыру компаниялары. Оларды өткізудегі басқа да көмекшілер деп атайды.

  Өткізудің ерекше түрі ретінде әр түрлі жәрмеңкелердегі  аукциондардағы, көрмелердегі, шағын  базарлардағы сату болып табылады. Өндіріске арналған тауарлар нарығындағы өткізу арналары тұтыну тауарларына қарағанда қысқа, ол осы нарықтың көп шоғырлануы мен сатып алушылардың аздығына байланысты.

  Қызмет  көрсетуді өткізу тауарды өткізуден  ерекшеленеді. Қызметтің көбі тұтынушыға тқтыну кезінде көрсетіледі, сондықтан осы салада негізінен тікелей өткізу қолданылады. Мысалы, денсаулық сақтау қызметтері, қонақүй, жеке қызмет көрсету және тағы басқалары. Қызмет көрсету делдалдар арқылы да сатылады. Мысалы, авиабилеттер туристік агенттіктер арқылы сатылады, ал жылжымайтын мүлік жөніндегі брокерлерге өтініш жасайды.

  Кез келген кәсіпорынға өз өнімін ірі  клиенттерге үлкен партиалармен сату экономикалық тұрғыда пайдлы, өйткені ол қндірісті, шикізатты  сатып алуды, энергияны жұмсауды жоспарлайды және құжат айналысын жеңілдетеді. Егер кәсіпорындар көтерме саудагерлермен көп уақыт тұрақты байланыста болса, белгілі бір жеңілдіктер жасайды, олардың тілегі бойынша өнімді орау мен бөлшектеп өлшеу, буып өзгертіледі. Алайда көтерме саудагерлермен мұндай қарым-қатынастарда абай болу қажет, өйткені оларға тәуелділікті түсу қауіпі пайда болады, көбіне олар өз шарттарын құра бастайды.

  Делдалдарды таңдаудағы ең басты критерий-олардың  нарықты аз шығынымен толық қамтуға  қабілеттілігі. Қосымша критерийлерге қаржылық ресурстарды, тәжірибесі, қызмет көрсету аймақтары, сервис деңгейі, өсу екпіні, өнімді танымалдығы және атағы жатады. Қазақстандағы қызмет түрлерінің интеграциясы, өндірістік–коммерциялық  компаниялардың, өнеркәсіптік - қаржылық топтардың пайда болуына себеп болды. Бұл өзгерістер дәстүрлі өткізу арналарының сипатын өзгертті.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Қазақстан Республикасының  Статистика агенттігі
 
  1. Озғанбаев Ө., «Сауда қызметі», Алматы
 
  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Информация о работе Көтерме және сауда орталығы