Көтерме және сауда орталығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 09:03, курсовая работа

Описание работы

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.

Содержание

Кіріспе
І. Сауда мемлекеттің экономикалық қызметі
Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы.

Бөлшек сауда, оның түрлері және даму тенденциялары

Қазақстан Республикасының көтерме және бөлшек сауда айналымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Көтерме және бөлшек сауда айналымы.doc

— 101.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  министірлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ  Экономикалық Университеті 
 
 

                                                    
 

            
 
 

                        Реферат 
 
 
 
 
 

       Тақырыбы: Көтерме және бөлшек сауда айналымы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                  Орындаған: Рахметов Ж.

                                                                  Тексерген: Абитова А. 
 
 
 
 
 

              Алматы 2011 ж. 

                                    Жоспар 

Кіріспе 

І. Сауда мемлекеттің экономикалық қызметі  

    1. Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы.
 
    1. Бөлшек  сауда, оның түрлері және даму тенденциялары
 
    1. Қазақстан Республикасының  көтерме және бөлшек сауда айналымы
 

Қорытынды  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе 

  Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер  де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер  және өткізу нысандары деген құрамдастарын  бөліп айтады.

  Өткізу  арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей. 

  Өткізу арналарын таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

  • Өндіруші фирманың мінез – құлқы оың мақсаттары, пайдамен табатын өткізу процесін бақылау мүмкіндігі; ресурстары, өндіріс көлемі және мерзімділігі, жүк жөнелту жиілігі, тәжірибесі, әдістері, өткізу жүйесі. 
  • Тұтынушылар, олардың саны, территориялық орналасуы, сатып алудың орташа мөлшері, сұраныс деңгейі, тұтынушылардың мінез – құлқы, нарық сегменттерң, төлем тәсілдері (қолма – қол төлеу, несие алу, қарызға алу), сатып алу орындарының нысандары (супермаркет, пошта арқылы тапсырыс және т.б.).
  • Тауар немесе қызмет көрсетудің сипаты, ассортименті және сапасы. Тауарларды өткізу кезінде сапалық қасиеттері, оны жасау күрделілігі, жаңалығы, құны және басқа да параметірлері ескеріледі. Қызмет көрсетуді сатып – өткізу кезінде – оның материалдық еместігі, сапасының өзгергіштігі, ұзақ уақыт сақталмайтындығы, өндіру мен тұтынудың бөлінбейтіндігі қарастырылады.

  Маркетинг жөнініндегі мнеджердің стратегиялық шешімі тікелей немесе көтерме және бөлшек саудадан тұратын жанама өткізуді таңдауына байланысты. Жанама өткізуді таңдаған кезде оның міндеттерінің бір бөлігін маркетингтік концепциялары сенімді, іскер серіктес болып табылатын делдалдарға беріледі. Оңтайлы өткізу арналарын таңдағанда, қанша және қандай сауда орындарын жұмылдыру қажет екенін шешу керек.

  Өндірілген  өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу  керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік  өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей  өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс.   
 
 
 
 
 

Сауда мемлекеттің экономикалық қызметі

    1. Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы.
 

  Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен  көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өндірушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпаративтік клиенттерге қайта  сату. Көтерме сауда түрлері бір- бірінен ассортиметтерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі.

  Тәуелсіз  ұйымдар – тауарларды өз иелігіне сатып алып кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.

  Қазақстан Республикасында «Әсем-ау», «Қант  орталығы» компаниялары өз өнімдерінің  барлығын дистрибьюторлар арқылы өткізеді.

  Көтерме саудагерлерді мына жағдайларда  таңдау тиімдіболады:

  • егер нарық шашыраңқы болса, әр бір географиялық аймақтағы өткізу көлемі тікелей өткізудегі шығындарды өтеуге жеткіліксіз болса;
  • әдетте көтерме саудагерлердің (делдалдардың) саны, өндірушінің аймақтық жиынтық қоймалары санынан көп болса;
  • бұйым өнеркәсіптің көптеген салаларындағы тұтынушыларға өткізілуі тиіс, олардың барлығын немесе көп бөлігін қамту тәуелсіз көтерме делдалдарды пайдаланған кезде болады;
  • тұтынушылар өнімді ұсақ партиалармен сатып алатын болса.

  Тәуелді – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін си ақы алатын делдалдар. Оларға-өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:

  • Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер.Өз серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару саласында жәрдемдесу сиақты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз есебінен сатып алып, нарық конъюнктурасының өзгеруі, тауардың бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына жүктейді.
  • Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушылары мен жеткізушілеріне азырақ қызмет көрсетеді. Оларға жататындыр:
  1. Cash &Carry компаниялары (ағылшыннан аудармасы – төле де, алып кете бер). Негізгі қажетті тауарлардың (азық-түлік тауарлары, ойыншықтар, киім, электр құралдары, құрылыс заттары) шектеулі ассортиментімен айналысып, оларды ұсақ бөлшек саудагерлерге қолма – қол ақшаға сатады. Тауарды тұтынушыға жеткізумен айналыспайды.
  1. Көтерме саудагерлер – коммивояжерлер. Ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын (ет, сүт, жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сату және оларды жылдам жеткізуімен айналысады. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық – түлік дүкендерін, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.
  2. Көтерме-брокерлер. Олардың негізгі қызметі- сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақысын береді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайды, еш бір тәуекелді міндеттемелерді алмайды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сиақты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Тауарды сатумен, оны сақтаумен және жеткізумен айналыспайды. Тапсырысты ала салысымен келісімге сәйкес тауарды сатып алушыға жеткізетін өндірушіні таңдайды.
  3. Агенттер – ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болады. Агенттердің бірнеше типтері бар.

  Өндірушілердің  агенттері - бірін-бірі толықтыратын тауарлары бар бір немесе бірнеше өндірушінің мүдделерін қолдайды. Әрқайсысымен жұмыс тәртібі, делдалдық си ақы мөлшері туралы келісім – шарт жасалады. Киім, әшекей бұйымдарын, жиһаз, электр бұйымдарын сатқан кезде жиі қолданылады.

  Сату  агенттері. Жасалған келісім-шарт негізінде өндіруші өндіретін барлық тауар ассортиментін сату құқығын агентке береді.

  Комиссионер агенттер. Тауарларды сату мәмлелерін жасап, тауарды иемденеді. Көбінесе ауыл шаруашылығындағы фермерлермен жұмыс істейді.

  Агенттер  және брокерлер – тауарды сату-сатып  алуға ықпал етіп, оның сату бағасының 2-6%-ы мөлшерінде делдалдық си ақы алады.

  1. Көтерме саудагерлер – консигнанттар. Олар бакалейлік-гастрономдық дүкендерді, бөлшектеп сатушыларды азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе тауарлары сиақты тауарлармен қамтамасыз етеді. Консигнантар негізінде атақты фирмалардың тауарларымен айналысады, оларды өзінің жеке меншігінде қалдыруға құқығы бар. Консигнанттер тауарды бөлшектік сатушыларға консегнация шартымен өткізеді, олар тек нақты сатылғантауар үшін ғана есеп айрысады. Бұл делдалдардың орындайтын қызметтері: сауда орнында сөрелер орнату, тауарды жеткізу, оның қорын толтыру, қаржыландыру. Мысалы, «Маккиссон» компаниясы кейде консигнант ретінде дәріханаларда косметикалық тауарларды сатады, өйткені провизорлардың білімі мен уақыты дұрыс тапсырыс беруге және тауарды ашық жария етіп көрсетуге жетпейді.
  2. Өндірістік кооперативтік. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жергілікті нарықта сататын кооператив мүшсі болып жүрген фермерлердің ұжымдық иелігінде болады.
  3. Сауда маклерлері. Өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жергілікті жылжымайтын мүлік нарығында жүйе іс-әрекет жасайды. Сауда маклерінің дистрибьютерлерден айырмашылығы-олардың қызмет көрсету салалары тар болып келеді. Маклерлер тасымалдауы мен тапсыруы көп еңбек сіңіруді қажет ететін ірі көлемді жүктермен айналысады.
  4. Сөрелі джобберлер. Бөлшектік сауда (супермаркеттер, және т.б.) мен көтерме саудада сөрелерді тауарлармен қамтамасыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдақ си ақы алады. Сөрелі джобберлер тауарды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады. Көтерме саудагерлер әдетте, шығындарды жабу және пайда табу үшін тауарға 20% көлемінде үстеме баға қосады.
 
 
 
    1. Бөлшек  сауда, оның түрлері  және даму тенденциялары
 

  Бөлшек  сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.

  Бөлшек  сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс  шығарған барлық заттарды табуға болатын  жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек  арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.

  Бөлшек  сауданың қызметтері оның мақсаттарымен  анықталады:

  1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;
  2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;
  3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
  5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды.

  Бөлшек  сауда түрлері меншік нысандары бойынша – мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар;  тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру ыңғайына байланысты болады.     

                                Бөлшек  дүкендер типтері

  1. Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді.

ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар(14;36);

Информация о работе Көтерме және сауда орталығы