Кәсіпкерлік қызмет саласындағы салық жүйесі және салық салымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 09:55, контрольная работа

Описание работы

Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.

Содержание

Кіріспе
I.Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні
1. 3 Салық салудың принциптері мен түрлері
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері
2.2 Салық алуды ұйымдастыру
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

касикерлик.doc

— 162.00 Кб (Скачать)

Салық салу түсінігі. 
         Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.1995 жылғы Жарлығына сәйкес (01.01.1998 жылы алғашқы және 01.01.2007 жылы соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде) жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар: 
1) Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; 
2) ҚҚС (қосымша құн салығы); 
3) Акциздер; 
4) Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы.  
Жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар: 
1) Жер салығы; 
2) Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық; 
3) Көлік құралдарына салынатын салық; 
4) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым; 
5) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым; 
6) Аукциондық сатудан алынатын алым. 
        Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады.      Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз. 
          Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады. 
         Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Қорытынды. 
Салық жүйесі – бұл мемлекеттің құрылуындағы басты элемент, оның өмірлік іс-әрекетімен қамтамасыз ету салық жүйесінің рөлі демократиялық қоғамда нарықтық қатынастардың дамуында қатты өседі. 
Қазақстан өзіндік меншік құқығын одан нарық қатынасы туындайтын конституциялық шешімді мойындады. Қазақстанда нарық қатынастары қоғам өміріне тығыз кірді және жылдан жылға өзінің аяқталған түрін тауып отыр. Сол себепті, аз уақыт арасында, не бары өзінің тәуелсіз өміріндегі 10 жыл ішінде Қазақстан үшінші рет салық салу туралы Заңды қабылдап отыр, оның құрамын үнемі жетілдіріп, экономика шарттарының ұдайы өзгеріп отыруындағы икемдеуіне байланысты Заң баптарын ауыстырып отыр.  
Әрине, Салық Кодексін мүлде жақсы деп айтуға болмайды, алайда 1995 жылғы Кодекспен немесе Салық Заңнамасымен салыстырғанда бір қадам алға шықтық, басқа мемлекеттерге үлгі болып отырмыз деуге болады. Салықтың кейбір баптары ретке келтірілген, мұндай мысалға салық тәртібіндегі потент негіздерімен жұмысты қарастырсақ болады. Егер бұрын кәсіпкерлік қызметке потентті сатып алып, жұмысқа 10 жұмыскерге дейін қабылдаса, іс-жүзіндегі әрекеті шағын кәсіпорын тәртібінде болса, бірақ, анағұрлым аз салық төлеп отырған. Ал қазіргі кезде потентпен жұмыс істегенде жұмысшыларды жалдауға тиым салынған, әрине сөзсіз әділетті себепші болуға және кәсіпкерден толық салықты жинап алуға мүмкіндік туғызады. Осы алдыңғы Заңға қарағанда кемшіліктерін жояды.  
Дүние жүзінде жалпыға бірдей мәселе салықты кем төлеу негіз болып отыр, бұл мемлекет дамуында әрине жалпы қоғамға да жағымсыз әсер етеді. Кейбір бағалауларға қарағанда, дүние жүзінде орташа салық салудан 25% дейін салық ұсталып отыр, ал Қазақстанда 45% дейін. Әрине, әр мемлекет өз билігінде салық бөлімшелеріне ие, олар салық түсімінің толықтай жиналауына жұмыс істеуді. 
Әртүрлі мемлекеттерде егестік жағдайы белгілі, мысалы, салық салудан әйгілі адамдардың кірістерін жасыруына байланысты ұсталынған. Бұған атақты итальян теноры Л.Паваротти және атақты Голливуд киноактері Д.Траволта, Америка Құрама Штат алдында 600000 доллардан жоғары сомасында бересілі болып тұр. Дегенмен, бір ғана тыңшылық (сыск) органдарының қызметі салық жинау жұмысында жеткіліксіз. 
Салық салу проблемаларын шешуге және салықтарды жинауға кешендік әдістеме қажет. 
Менің ойымша, алдымен, әбден салық заңнамасындағы баптардың дұрыстығын реттеу қажет, соның арқасында жоғары дәрежеде қандай-да бір кірісті салық жүйесі алдында салықты жасырудың қажеті болмайды. Ол үшін салық салу және салық мәселесін терең ғылыми зерттеу керек, салық түсімінің талдауы, Қазақстанда және өзге де мемлекеттерде жоғары деңгейде болуы тиіс. Менің ойымша, біз үшін аса ғибратты, Америка Құрама Штатының тәжірибесінің зерттелуі үлгі болып отыр, өткен 100 жылдықтың 80 жылдарында салық реформаларының жүргізілуі, соның нәтижесінде Америка Құрама Штат экономикасы 10 жыл аралығында елеулі жоғары темптерімен нығая берді, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының жалпы ішкі өнім көлемі дүние жүзіндегі ең жоғары деп есептелінеді. Сондай-ақ, қоғамның салық төлеуі тек қана парыз емес ал, әр адамның борышы екенін маңыздана білгеніміз қажет. Расында да, салықты төлеп біз, мемлекетті қаржыландырамыз, ал ол бізге ыңғайлы өмір сүру үшін жағдайлар жасайды, мысалға тысқы шекараны қорғау, бұқаралық қылмыспен күрес және бізге моральдық, адамгершіліктік, өте білімді және тағы басқа адам болуға мүмкіндік береді. 
Информатика саласында жаңа технологиялардың дамуы күмәнсіз салық аймағында мемлекет қызметінің жақсаруына үлесін қосады. 
Көлік құралына салық салу практикалық тәжірибесі бар, парк транспортының толық тізімдемесі бар және онда максималды салық жиналуы көрінеді. Бұл оның үлкен көлемді мүмкіндіктерін субъект пен объектті толық ақпараттандыру салық салудағы мемлекеттік жабдық моделінің толық кемшіліксіздік жолында екендігін аңғартып тұр


Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет саласындағы салық жүйесі және салық салымы