Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 13:06, реферат

Описание работы

“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 26.34 Кб (Скачать)

   Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға  көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:

  • Шаруашылық байланыстар ыдырады;
  • Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
  • Өнімді өткізу күрт төмендеді;
  • Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.

   Кәсіпкер  алдымен өндірістік қызмет түрін  таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін  ойлайды.

   Одан  кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке  маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.

   Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс  факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас  кезінде өндіріс факторларының  біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын  немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.

   Кәсіпкер  өз күшімен орындай алмайтын қызметтер  мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды  тартады.

   Жұмыстар  мен қызметтер ақша төлеуді талап  етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал  болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз  алуға мәжбүр болады.

   Өндірістік  кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.

   Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең  дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.

   Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде  түсіндіріледі. Бұл технологиялық  жаңалық еңгізудің бір түрі.

   Вечурлық  бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ  және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық  фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала  анықталмаған табыспен, яғни капиталды  тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын  коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.

   Коммерциялық  кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте  негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас  операциялары атқарады. Бұл сатып  алу - сату бойынша келісімдер.

   Өнімді  шығаруға қажет өндірістік қорлармен  қамтамасыз етудің қажеті жоқ.

   Коммерциялық  келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу  және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.

   Коммерциялық  келісім бағдарламасына жатады:

  • Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
  • Келесі сату үшін тауарды сатып алу;
  • Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;
  • Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;
  • Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару;
  • Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
  • Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
  • Келісімді тіркеу, салық төлеу.

   Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде  сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.

   Коммерциялық  қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.

   Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды  қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі  жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік  қызметінің мәні осында.

   Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден  алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз  пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын  жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны  алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.

   Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды  сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.

   Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып  алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.

   Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен  шыққан. Өз мамандығының сұрақтары  бойынша кеңес беретін, белгілі  облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде  басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады.

   Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын  кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде  ұсыналады және оған келесі негізгі  кезеңдер кіреді:

  • Мәселені анықтау (диагностика);
  • Шешімдерді, жобаны жасау;
  • Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.

   Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең  бірнеше күннен бірнеше айларға  созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен  қатынас бірнеше жыл болуы  мүмкін.

   АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың  адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.

   Бірде бір күрделі экономикалық және басқару  шешімдері экономикасы дамыған  елдерде ғана емес, дамушы елдерде  де кеңесті қолданусыз қабылданбайды.

   Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді.

   Делдал  көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға  біріктіреді.

   Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз  байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы  бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық  туралы айтуға болады.

   Сақтандыру  кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік  зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.

   Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты  сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті  сақтандыру түрлері тікелей жатады.

   Кәсіпкерліктің  әртүрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен  өте тығыз байланысты, бір түрімен  айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік  коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау қажет.

Өндіру сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап етеді, сондықтан  өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік  қаржылықпен тығыз байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте  өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне кіреді.

Информация о работе Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері