Кредитные отношения банка с заемщиками и роль кредитного договора

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Функция посредничества банка в кредите при полном ее проявлении показывает роль банков в реальной экономической жизни. Строя кредитные отношения с многочисленными клиентами, в рыночной экономике коммерческие (деловые) банки решают много сложных задач. Все они разрешаются в огромном процессе кредитования.
Кредитование - важнейшая операция банков, обеспечивающая им торговую, предпринимательскую деятельность и получение прибыли.

Работа содержит 1 файл

кредитное отношение.docx

— 34.92 Кб (Скачать)

 Кредитор  ретінде басқа шаруашылық иесіне  белгілі бір мерзімге ресурс  беруші тұлға болады. қағида бойынша  кредитор ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген  мерзімді қайтармаған жағдайда  несиелік келісімнің еріктілігі  бұзылады. Қарыз алушылар мен  анағұрлым қатаң қатынастарға  әкеп соғады. Кредиторлардың бар  болуының уақыттың шекарасы несиенің  мерзімімен анықталады.

 Несиенің  мерзімі өз кезінде ұдайы өндіріс  процесінің барысына байланысты.

 Қарыз алушы  – несиелік қатынастың, несиені  алушы жәнее алған қарызды  қайтаруға міндетті жағы болып  келеді. Борышқор және қарыз алушы  бір-біріне жақын, бірақ шамасы  бірдей түсінік емес.

 Борыш –  міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым  кең түсінік. Несиелік мәмлеге  сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.Тарихи  жағынан қосымша ресурстарға  деген қажеттілік танытатын жекелеген  тұлғалар болды. Бастапқыда олар  өз еңбектерімен күн көруші  ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған  еді. Өсімқорлық несиенің бар  болуының басқа формасы – ақсүйектердің  көбіне жер иелеріне ақшалай  қарызды беруі. Банктердің құрылуы  мен қарыз берушілердің шоғырлануы  жүреді.

 Қазіргі уақытта  банктерден басқа шаруашылық  ұйымдары және мемлекетттің өзі  де қарыз алушылар ретінде  болады. Қарыз алушының кредитордан  айырмашылығ ол несиелік мәмледе  төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін  қаражаттардың меншік иесі болып  табылмайды, олардың уақытша иесі  ретінде болады; Өзіне тиісті  емес бөтен біреудің ресурстарымен  жұмыс істейді. 

 Екіншіден,  қарыз алушы қарызға алынған  қаражаттарды айналыс сферасында  да, өндіріс сферасында да пайдаланады.  Кредитор өндіріске тікелей қатыспай  –ақ айырбас фазасы кезінде  де қарызды ұсына алады.

 Үшіншіден,  қарыз алушы өзінің шаруашылығында  шеңбер айналымын аяқтаған қарызға  алынған қаражаттарды қайтарады.  Қарыз алушы кредитор мен жеткілікті  түрде есеп айырысумен қоса  қайтарымды толық өтеу үшін  ұдайы өндіріс процесін өркендете  түсу керек. 

 Төртіншіден,  қарыз алушы уақытша пайдалануға  алынған құнды ғана қайтарып  қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын  да төлейді. Бесіншіден, қарыз  алушы өзінің кредиторы қойған  талаптарын орындауға тәуелді  болады. Қарыз алушының кредитордан  экономикалық тәуелді болуы қарызға  алынған қаражаттарды ұтымды  пайдалануға, қарыз алушы ретінде  өз міндеттемелерін орындауға  мәжбүр етеді.

 Кредитор  және қарыз алушы несиелік  қатынас жасай отырып, өз мақсаттары  мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді.  Несиелік қатынастар шеңберінде  кредитор және қарыз алушының  орындары ауысуы мүмкін: Кредитор, қарыз алушыға, қарыз алушы  кредиторға айналады.

 Кредитор  мен қарыз алушының өзара әрекеті  қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында  болады. Несиелік қатынастардың  қатысушылары ретінде кредитор  және қарыз алушы оның қарама-қарсы  жағында тұрады. Кредитор – қарызды  беруші жақ, қарыз алушы –  берілген қарызды алушы жақ;  Бүтіннің шеңберінде олардың  әрқайсысының өздерінің ұдайы  өндірістегі ерекше жағдайларына  байланысты өз мүддлері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз  пайызына мүдделі болса, қарыз  алушы – анағұрлым арзан несиеге  мүдделі. 

 ІІ. Қарыз  алушының несиелік қабілетін  бағалау және несиелік келісім  – шарттар. 

 Банктің клиентпен  экономикалық жұмысы 

- банкке клиентті  тартудан бастап, оның шоты бойынша  әртүрлі банктік оперцияларды  жүргізуге дейінгі банктік қызметтің  барлық жақтарын қамтиды. Осы  аталған жұмыстардың барлығы  банктің активтері мен пассивтерін  басқару қызметі мен тығыз  байланысты.

- Клиентпен  жұмыс: есеп айырысу, кассалық  және несиелік қызмет, бірлескен  қызмет, кассалық және несиелік  қызмет депозиттік шоттарды ашу  және жүргізу, т.б. әртүрлі келісім-шарттар  жасасу негізінде құрылады.

- Клиенттердің  ағымдағы және есеп айырысу  шоттарын ашу, олар бойынша  операцияларды жүргізу, есеп айырысу  және есеп айырысу – кассалық  қызмет көрсету туралы келісім-шарт  негізінде жасалады.

 Есеп айырысу  қызметін көрсету туралы келісім  – шарттарында есеп айырысу  немесе ағымдағы шотты ашу  және олар бойынша операция  жүргізу шарттары көрсетіледі.  Есеп айырысу – кассалық қызмет  көрсету туралы келісім –шартта  бұдан басқа, тағы да кассалық  операцияларды жүргізу тәртібі  реттеледі.

 Есеп айырысу  тәртібі құжаттардың белгіленген  мерзімді өтуі кепілдемесін қамтамасыз  ету керек. 

 Банктік операциялардың  орындалуына жатпайтын кезіндегі  банктің материалдық жауапкершілігі  осы келісім шартта қарастырылады.

 Банктік операцияларға  жатпайтындарды орындаған жағдайында  банкпен клиенттер Қазақстан  Республикасының Парламенті мен  бекітілген Қазақстан Республикасында  қолма – қолсыз есеп айырысуды  жүргізу тәртібін бұзғаны үшін  экономикалық санкциялар туралы  ережеге сай жауапкершілікке  тартылады.

 Банк пен  клиенттің бірлескен қызметін  жүзеге асырғанда, екі жақтың  құқығы мен міндеттемелері және  қаржыландыру тәртібі мен олардың  арасында табысты үлестіруі қарастырылған  бірлескен қызмет туралы келісім  – шарт жасалады.

 Клиентті  несиелендіру банк пен клиент  арасындағы жасалған несиелік  келісім – шарт негізінде жүргізіледі  және де ол қарыздың мерзімі,  шарты мен беру тәртібін және  оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың  құқықтарымен міндеттемелерін қарыз  бойынша кепілдеме мен пайыздық  мөлшерлемелерді реттейді.

 Кейбір банктерде  несиелік келісім-шарт пен бірге  несиелік хаттамада қолданылады.  Соңғысы ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады,  мысалға, несиенің және түрлерін  берудің шарттары мен тиімділіктің  жалпы және өзіне тән белгілері.

 Депозиттік  шоттарды ашу және жүргізу  туралы келісім-шартта депозиттің  ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз  төлеу тәртібі. Осы депозиттік  шоттан қаражаттарды алу тәртібі  жайлы мәліметтер қарастырылады.

 Барлық айтылған  келісім –шарттар клиентпен қарым-қатынасының  сипатын анықтап, олардың арасындағы  келіссөз бір-бірінің қызметін  алдын-ала, жан-жақты танып білудің  нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің  қаржылық жағдайы мен несиелік  қабілеттілігін белгілеген әдістеме  арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің  төрт табына негізделеді: өтімділік,  айналымдылық, қаражаттарды тарту  және табыстылық.

 Депозиттермен  жүргізілетін ағымды экономикалық  жұмыс – бұл пассивтерді басқару  бойынша банк қызметінің маңызды  бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің  шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын  және депозиттердің неғұрлым  өнімдірек топтарынан соғұрлым  өтімді топтарына қатысты өткізгіштік  мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай  талдау банкке сенімсіз клиенттер  мен төлем тәртібін бұзушыларды  анықтауға көмектеседі. 

 Ондай мәліметтер  банкке осындай клиенттерге несие  керек болған жағдайда, оларға  несие беру туралы шешім қабылдауға  қажет болады.

 Депозиттермен  жүргізілетін ағымды жұмыстың  басқа бағыты болып – клиенттердің  банк қызметтерінің жаңа түрлеріне  деген мұң-мұқтаждығын анықтау  мен есеп айырысудың формаларын  жетілдірілуі жатады.

 Банк клиентпен  келісуі бойынша несиелік бөлімге  қарыз алушының балансы мен  басқа да есеп беру формаларын  берудің тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдайы мен оның  несиелік қабілеттілігін талдайды.

 Банк несиенің  өз уақытнда қайтарылыуын қамтамасыз  етілуі ретінде кепіл, кепілдеме  және банктік тәжірибеде қабылданған  формадағы міндеттемелерді қабылдайды.

 «Қазақстан  Республикасы банктер және банктік  қызмет туралы» заңның 36 бабына  сәйкес банктің несиені өз  уақытында қайтаруы бойынша міндеммелері  мен басқа да төлемдерді орындамайтын  клиенттеріне қатысты келесідей  шараларды қолдануға құқығы бар:

 • қарызды  мерзімінен бұрын қайтаруды талап  ету;

 • осы  клиенттердің шарттарында бар  кез-келген қаражаттар есебінен  қарыз мөлшерін өтеу;

 • кепілге  алынған мүлікті сату;

 Қазақстан  Республикасына Заңдарына сай,  мұндай жағдайда олар төлем  қабілеті жоқ қарыз алушылар  деп жариялауы мүмкін.

 Банктің өз  клиенттеріне берген несиелер  мен пайыздар бойынша кінәлары  ескерусіз қалмайды.

 Банктер өз  клиенттері мен корреспонденттердің  операциялары, шоттары және салымдары  бойынша құпияны сақтауға кепілдеме  береді. Банктің барлық қызметкерлері  банк клиенттері мен корреспонденттерінің  операциялары, шоттары мен салымдары  бойынша құпияны сақтауға міндетті.

 Банктің заңды  тұлғаларының шоттары мен салымдары,  операциялары бойынша анықтамаларды  соттарға, арбитражды соттарға, тергеу  жүргізу және прокуратура органдарына  және салық салу сұрақтары  бойынша салық органдарына береді.

 Жеке тұлғалардың  шоты мен салымдары бойынша  анықтамалар өз клиенттері мен  олардың басқа соттармен тергеуші  органдарға да беріледі.

 Салым салушылардың  мүдделерін қорғау мақсатында  банктік депозиттерді ұжымдық  сақтандыруды жүзеге асыра алады.

 Салымдарды  сақтандыру жүйесі банктің банкротқа  ұшыраған немесе төлем қабілетсіз  болған жағдайда барлық салым  иелеріне белгіленген сомаға  дейін зиянның орнын толтыруын  кепілдейді.

 Банктер мен  олардың құрылтайшылары, басқа да  клиенттері арасындағы барлық  келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының  Заңдарына сәйкес соттың тәртібімен  шешіледі.

Информация о работе Кредитные отношения банка с заемщиками и роль кредитного договора