Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 22:44, курсовая работа
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.
Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.
Кіріспе
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін
қаржыландырудың көздері
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары. 9
Қорытынды 20
Әдебиеттер тізімі 22