Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 00:31, реферат
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағасының өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Аймақтық қашықтықтан оқыту орталығы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Инфляция, оның түрлері мен себептері және салдарлары. Инфляцияны реттеу. Инфляцияға қарсы саясат
Пәні: Ақша, несие және банктер
Тексерген: Бердімұрат Арман Бердімұратқызы
Орындаған: Кенжеғұлова Жанар ҚР(Д)-121 оқу тобы
Алматы 2012 ж.
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция
дәстүрлі ең жалпы анықтамасы –
тауар айналымының
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
Инфляцияның көріну нысандары:
Инфляциялық
процестің қуаттылығы бағалауды
және инфляцияның түрлерін мынандай
критерийлер бойынша
Инфляцияның нәтижелерін қысқаша атап өтейін:
Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен: «Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».
2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың
басында ҚР тоқырау болды.Бұл
тоқыраудың себебі азық-түлік,
жеміс жидектің бағасы бір
сәтте өсіп кеткені. Мұндай
жағдай әлемдік рынокта болып
жатқан құбылыстар Қазақстанға
да әсер етпей қоймасы анық.
Міне осы жағдайда Қазақстан
бірнеше шаралар қолданып
Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. Бейімделу
саясат жүргізу немесе
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күреске бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
1. Дефляциялық саясат
2. Кірістер саясаты
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation - вздутие, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ – ғасырда қолданыла бастады.
Инфляцияның
жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы
ақша массасының қажеттіліктен тыс
артып кетуі. Бұл ақша өнімінің құнсыздануына
және тауар бағаларының соғұрлым
өсуіне әкеледі. Ақшаның тауарға
шетел валютасына байланысты қарастырсақ,
біз тек алтын ақшаның
Инфляция – сұранымға қатысты ұзақ уақыт теңсіздік нәтижесінде елдегі жалпы баға деңгейінің өсуі. Яғни инфляция жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі .
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша
тауарларды сатып алу қабілеті
күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай
түсіндіру, яғни ақшаның
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - өмір қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигпациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне апарады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі, қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өтімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай, уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист жетілмеген бәсекелес едәуір бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте – бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортты» инфляцияның қаупі туады.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады , ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады . Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.
Инфляцияның түрлері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
а) баяу немесе сұлама инфляция - баға жай өседі де, ақша негізінде өз құнын сақтап қалады
б) қарқынды инфляция - баға жылына 10-20 дан 200%-ке дейін өседі.
в) ұшқыр инфляция - ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астропологиялық қарқынмен 1000%-тен жоғары. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарығында болатын инфляцияның тепе-теңдік формаларына байланысты инфляция 2 түрге бөлінеді:
Инфляция күтілетін және күтілмейтін инфляция болады.
Сонымен, инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1.Бағаның өсу қарқынына қарай:
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция.
- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция.
- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- Әкімшілік инфляция - «әкімшлікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- Ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өндіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.
3. Инфляция формаларының
- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция.
- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.
Инфляцияның даму факторлары және оның салдары.
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.
Бұл екеуі
де ішкі факторға жатады. Ақшалай
факторларға мемлекеттік
Инфляция факторларын былайша топтаймыз:
-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.
-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.
-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады.
-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.
Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.
Инфляция
түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық
соғыс кезінде пайда болған. Алайда,
инфляция құбылысының өзі айналымға
ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим
мен Ежелгі Қытайда болып тұрған.
Алтын мен күміс ақша айналымында
инфляция болмайды, өйткені олар артық
болған жағдайда қазынаға салынып, ал
қажеттілік туған кезде қазынадан
айналымға келіп түседі. Осылайша,
ақша айналымы өзін - өзін реттей алады.
Нақты қағаз ақша айналымында, яғни
толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты
ақша өкілдері айналымында міндетті
түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі
барлық елдерде болады және ол экономика
мен қоғамға шындап қауіп-қатер
төндіреді. Сонымен, инфляция – тек
қана қағаз ақшаның айналымына тән,
айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен
салыстырғанда қағаз ақша мен
арттық шамада толып кетуі, олардың
бағасының төмендеуі және тауарлар
мен қызметтер бағаларының
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн.
Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады.