Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:17, реферат
Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.
ХВҚ - өзінің құрылымы жағынан акционерлік қоғамға ұқсайды. Сондықтан оның қызметіне әр елдің жарлық қорына қосқан үлесіне (квота) қарай әсер етеді. АҚШ онда ең көп квотаға ие, сондықтан оның банктың саясатына ықпалы жоғары.
Мәселені шешуде дауыс берудің өзара келістіру принциптері де сол жарна қорындағы әр елдің үлесіне байланысты: 24 өте дамыған елдің (олар жалпы мүше елдердің 14% ) үлесі 60% дауыс иеленеді, оның ішінде АҚШ - 17,7%, ЕО елдері 26,2%, Жапония - 7%.
Мүше елдердің қор капиталына үлесі (взносы) 2 бөліктен тұрады:
1) әр елдің квоталарының 25% немесе оның алтын валюта резерв қорының 10% шамасы алтын түрінде;
2) квотаның қалған бөлігі ұлттық валюта түрінде болуы керек.
Квотаның мөлшері әр елдің экономикалық, қаржылық жағдайына қарай белгіленді, ол әрбір 5 жылда қайта қаралып отырады.
ХВҚ капиталы өзінің мүше елдерінің арасындағы валюта қатынастарын реттеп отыруға, уақытша қаржылық қиыншылық көріп отырған елдерге кредит беруге пайдаланады. ХВҚ-ның штаб - пәтері (квартирасы) Вашингтон қаласында - қорға ең көп үлесі бар елдің астанасында.