Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:17, реферат
Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.
Халықаралық валюта қоры
Халықаралық
валюта қоры халықаралық ұйым болып
табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ
Халықаралық валюта-қаржы конференциясында
қабылданған келісімге сәйкес құрылды.
1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ)
өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.
ХВҚ-ның
қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық
ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық
тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді
нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату;
сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды
жеңілдету.
ХВҚ-ның негізгі міндеттері:
ХВҚ халықаралық
валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау
және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық,
аймақтық және ғаламдық экономикалық
дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 184 мүше
елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі.
Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты
қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық
дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге,
тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға
ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше
мемлекеттерге олардың төлем балансын
түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды
ұсынады.
ХВҚ мемлекеттердің
экономикалық тұрақтылығы мен өсіміне
жауапты қызметшілер институтының біліктілігін
арттыру ісінде техникалық көмек көрсетіп,
оқытады.
ХВҚ-ның
қызметі макроэкономикалық сипатта боғанымен,
ХҚДБ ұлттық экономиканы дамытудағы жеке
жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Олардың жалпы мақсаты халықаралық қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
болып табылады. ХВҚ мен ББ көрсетілген
мақсатқа жету үшін стратегияның құрама
бөлігінде қаржыны жылыстату және лаңкестікті
қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарды қарастырады.
ХВҚ қаржыны жылыстату макроэкономиканың
салдарымен байланысты екендігін, алдын
ала болжанбаған қаржыға деген сұраныс,
қаржы мекемелері мен қаржы жүйесіндегі
тұрақтылық үшін тәуекелділік, сондай-ақ,
халықаралық капитал ағынының тербелмелі
масштабы және валюта курсы трансшегаралы
аудармаларда келтірілмеген нәтижелерді
қосқанда байланысты екендігін атап өтті.
ХВҚ өз
қызметінің шеңберінде мүше мемлекеттердің
қылмыстық жолмен келген табыстар мен
лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар
жүйесін құруға ерекше назар аударады.
Бұл мақсатта ХВҚ мүше мемлекеттердің
қаржыны жылыстатумен күрес саласында
жұмыс атқаратын мемлекттік орган қызметкерлеріне
өкілетті қызметін жүзеге асыруда түрлі
оқытулар ұйымдастырып, анықтамалық материалдар
әзірлейді. Тиісті халықаралық стандарттарға
сәйкес қылмысты жолмен келген табыстар
мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы
күрес іс-қимылының ұлттық жүйесін бағалайды.
Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ қызметкерлері 110 елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем баласының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.
Қазақстан
Республикасы және Халықаралық
Валюта Қоры арасында мынадай
кредиттік келісімдер жасалды:
1. Макроэкономикалық
тұрақтандыру және жүйелік
2. Резервтік
кредит туралы келісім (Stand-
3. EFF келісімі,
Қазақстан оған сәйкес EFF келісімінің
бүкіл қолданылу кезеңі бойы
Үкімет және ҚҰБ қандай да
болмасын валюталық
4. Мақсаты
мемлекеттік бюджет дефицитін
қысқарту және халықаралық
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ кредиттік
желілері бойынша 295,8 млн. СДР
мөлшеріндегі міндеттемелерін
Ұлттық Банк ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.
ХВҚ Статистика Департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік көмек көрсетеді.
Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.
ХВҚ-ның
стандарттар мен кодекстердің сақталуын
тексеру жөніндегі миссиясы соңғы
ретте Алматы қаласында 2006 жылғы
қараша-желтоқсанда жұмыс
2004 жылы ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасын жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.
ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға жыл сайын келеді.
Ұлттық
Банктің басшылығы жыл сайынғы
негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік
Банктің және Халықаралық Валюта
Қорының Басқарушылары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде Басқарушы болып табылады.
Қазақстан
Республикасының Халықаралық
Қаңтардың
31-і күні Үкімет үйінде Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі
Кәрім
Мәсімов
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдерімен
кездесті деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
ХВҚ-ның
сарапшыларының пікірлері
бойынша, 2008 жылы әлемдік
экономиканың өсу қарқыны
едәуір
төмендейді.
ҚР
Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында жиһандық экономика және 2008 жылға арналған жағдайдың дамуына болжам жасау мәселелері
талқыланды.
Қаңтардың 31-і
күні Үкімет үйінде Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі Кәрім
Мәсімов
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдерімен
кездесті.
Таяу Шығыс
және
Орталық
Азия елдері бойынша департамент директорының орынбасары
Дэвид Оуэн Премьер-Министрге ХВҚ-ның Қазақстан
бойынша өкілдігінің жаңа басшысы
Тимоти Калленді таныстырды.
ХВҚ-ның сарапшыларының пікірлері
бойынша, 2008 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны
едәуір
төмендейді. Әлемдік қаржылық рыноктардағы сіліністер
жалғасуындағы қолайсыздық нәтижелері
сақталуы
мүмкін.
Осы жағдайды
ескере келе, Қазақстан бұрынғысынша күрделі экономикалық ортада қала
бермек, өйткені әлемдік
рыноктағы
капиталға қол жетімділік
шектеулігі сақталмақ. Тиісінше, нақты алғандағы жалпы ішкі өнімнің өсу деңгейінің төмендейтіні күтілуде. Осы ретте Қазақстанда, әлемдік
стандарттар бойынша, экономиканың өсу қарқынының жоғарылығы сақталады
деп көзделуде.
2007 жылдың
екінші жартысында бірден көтерілуі салдарынан еліміздің көптеген өңірлерінде
азық-түлік өнімдерінің бағасының артуына
ықпал
еткен инфляцияның төмендеуі күтілуде,
ХВҚ-ның өкілдері
«осындай әлемдік
сілкіністегі күрделі жағдайда» Қазақстан басшылығы жүргізген іс-қимылды жоғары бағалады. Жағдайды бәсеңдетуде мынадай жемісті
басшылық
жүргізілді: Ұлттық банк
тарапынан коммерциялық банктерге қор бөлу қамтамасыз етілді, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі
бюджеттік шараларды қолдау пакетін жүзеге асырды.
ХВҚ-ның өкілдерінің пікірлері
бойынша, жақсы бюджеттік көрсеткіштер мен халықаралық резервтің қолайлы
деңгейі Қазақстанға «ішкі
жағдайларға» одан әрі қарсы
тұру үшін
едәуір
ресурстарға
жол ашады.
Сонымен қатар,
Д. Оуэн мұндай
жағдайда
экономиканың өсуіндегі кейбір төмендеулер
«экономикалық басқару тиімділігін арттыруға» мүмкіндік
туғызатынын
атап өтті.
Ол қаржылық секторда
бақылауды
күшейту
– осы процестегі маңызды құрал екеніне және ХВҚ осы салада сарапшылар көмегін
беруге даяр екеніне тоқталды. Сондай-ақ ішкі рыноктағы бәсекелестікті жетілдіру үшін қадамдар
жасаудың
маңызы
зор. Осыған
байланысты ХВҚ Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылғанына қолдау білдірді.
ХВҚ Үкімет
пен Ұлттық банктің 2008
жылы инфляцияны шектеу деңгейінің 8-10 пайыз болуына қол жеткізудегі ұмтылысын
мақұлдады.
Жалпы ХВҚ-ның өкілдері
шетел валютасына қол жетімділікке немесе
бағаға қатысты әкімшілік
бақылау
шараларын қолданбастан, рыноктық шешімдерді
одан әрі
басшылыққа
алуда Үкіметтің қажетті
жағдай
туғызып
отырған қадамын қолдайтындықтарын
білдірді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі
ХВҚ 1944 жылы өткен Бреттон-Вуд (АҚШ) валюта-қаржы конференцияның шешімімен БҰҰ (ООН) ның арнаулы органы ретінде ашылып, ол өзінің жұмысын 1947 жылдан бастады.
ХВҚ - ол үкімет аралық валюта - қаржылық ұйым, оның мақсаты өзінің мүше - мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастарды реттеу, төлем баланстарының тапшылығын жабу үшін оларға қысқа және орта мерзімде шетел валютасымен кредит беру. Алдымен ХВҚ мүшелері болып 35 мемлекет енді, 2006 жылы оның саны 184-ке жетті. Қазақстан соған мүше болып 1992 жылы енді.