Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары

Автор: a*********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 13:35, лекция

Описание работы

Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 62.50 Кб (Скачать)

Қазақстанда 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі қызметін атқара бастады. Алғашында бұл ереже тек теңгемен және шетел валютасында салынған мерзімді салымдарға қатысты қолданылатын, ал 2002 жылдың 13 ақпанынан бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған мерзімді салымдарына қатысты да қолданыла бастады. Бұл жүйені енгізу нәтижесінде банктік жүйеге деген халық сенімін қайта қалпына келтіріп, соңғы кезеңдерде банктік депозиттер көлемі өсті. Сонымен қатар, қолма – қол шетел валютасының жүруін қысқартып, заңдастыру да өз әсерін тигізді. Аталған жүйенің кемшілігі болып оның барлық банктерді қамтымай, тек депозиттерді ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып келетін ірі банктерді ғана қамтитындығы болып табылады. Депозиттерге деген халық сенімінің артуына 2000 жылы қабылданған банктік құпия туралы заң да үлкен ықпал етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында салымшылардың  мүдделерін қорғау мақсатында қолданылатын тағы бір шара 1997 жылдың 23 мамыр айында № 222-ші Ұлттық Банктің Басқарма Қаулысымен «Минималды резервтік талаптар туралы Ереже» болып табылады.

Резервтік талаптарды төменгі мөлшері банктің жеке және заңды тұлғалардағы (банктерден басқа) барлық депозиттік міндеттемелерінің  тұрақты пайызы ретінде анықталады. Минималды резервтік талаптарды есептеу үшін қажетті пайыз мөлшерлемесінің мөлшері Ұлттық Банк Басқармасымен белгіленеді.

Пассивтер мен  активтерді басқарудың дүние жүзінде  көптеген әдістері бар. Олардың мәні мынада: банктер өзінде бар міндеттемелерін бағалайды, оларды топтайды және соның негізінде салық салу жүйесі мен депозиттік нарықтағы жағдайды ескере отырып активтік операцияларды жүзеге асырады (яғни, несиелендіру, қаражаттарды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, негізгі құралдарды сатып алу және тағы басқалары). Осылайша, банк өзінің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің әрі қарай дамуын және нарықтағы қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары