Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары

Автор: a*********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 13:35, лекция

Описание работы

Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 62.50 Кб (Скачать)

Банкте  депозиттік саясат белгілеудің  алғы шарттары 

Депозиттік операциялар  коммерциялық банктің пассивті операцияларының  ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Сондықтан коммерциялық банктер  қаражат тартумен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптастырып отыруы қажет.

Депозиттік саясат  - коммерциялық банктердің нарықты  ортада сырттан қаражаттарды тарту  мақсатында және өзінің қалыптасқан  депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар  жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.

Депозиттік саясат макро және микро деңгейлерінде  анықталады. Макроэкономикалық факторға: 

- ұлттық банктің  ақша несие саясаты; 

- мемлекеттің  фискалды саясаты; 

- нақты сектордың  жағдайы; 

- ұлттық экономиканың  дүниежүзілік экономикамен байланысы; 

- бағалы қағаздар  нарығының даму қарқыны жатады. 

Банк тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі  және салым  иелері мен банк клиенттерінің  мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу үшін база, негіз жасайды. 1995 жылдың наурызынан бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті резервтер нормасының екінші деңгейлі банктер үшін 15 пайызға дейін кемуі несиелік ресурстарды ұсынуды ұлғайтуға мүмкіндік берді де, бұл өз кезегінде банк жүйесін нығайтуға және бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін банктерді капитализациялау процесін күшейте түсті.

Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін  микроэкономикалық факторларға  мыналар жатады:  коммерциялық банктердің нарықты ортадағы репутациясы;  коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы  экспансиондық  іс – қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалануы;  сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді;  коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк  қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы;  коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.

Депозиттік саясаттың  мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел  қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

Депозиттік саясаттың  келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.

Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.

Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара  тығыз байланысы банктің өтімділігін  бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы саясаттардың өзара  тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры  коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.

Депозиттік саясаттың  негізгі мақсаттарының бірі - өте  икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.

Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік портфельдіқалыптастыратын  болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттіксаясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болыптабылады.

Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан  және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған  қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.

Депозиттік портфельдің  мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі. Олар өз алдына мынадай  факторлармен байланысты:  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда  нарығындағы репутациясы;  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясымен;  коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспондеттік қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;  коммерциялық банктердің  өзінің клиентуралық нарығындағы  стратегиясы мен тактикасы;  коммерциялық банктердің географиялық немесе региональдық орналасу мекен-жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып кетеді;  жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номинальдық табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;  коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің диверсификациясы дегеніміз – оның құрамы мен құрылымының күрделі көп спекторы және әр-түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банктердің депозиттік бағасы да орнықты болады.

Депозиттік нарық  дегеніміз – заңды тұлғалар мен  жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.

 Қазақстан  Республикасында заңды тұлғалардың  барлығы да, соның ішінде коммерциялық  банктер де депозиттік операциялармен  немесе депозиттік қызмет көрсетулермен  тек қана Ұлттық банк берген  лицензия негізінде айналыса  алады. 
 

Екінші  деңгейлі банктердегі  депозиттік саясаттың қалыптастырылуы  және даму мәселелері 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге  олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен  қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр. Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық  банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық  валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты және тағы басқа сыртқы жағдайлары ескереді.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкісінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын анықтау туралы» Басқарма Қаулысын қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы оңтайлы өзгерістердің болуына, сонымен қатар комерциялық банктерді депозиттік операцияларын сәтті жүзеге асырылуына әсерін тигізді. 2000 жылы екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларының көбеюі нәтижесінде ресурстық базалары да өсті. Сөйтіп сол жылы банктік жүйедегі резиденттердің депозиті 72 пайызға жоғарлап, 293 млрд. теңгені құрады. Ал, бұл көрсеткіштермен салыстырғанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында резиденттердің банктік жүйеде орналастырылған депозиттері 409,6 млрд. теңгені, тамыз айында 391,5 млн. теңге болған, яғни бір ай аралығында 4,6 пайызға өсіп отыр. Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың түсуімен байланысты болып отыр.

Халық  Банкі  депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы  үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылығын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырған. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар, Халық Банкі депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған.

Халық банкінің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Қазақстан Халық Банкі ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осыларды жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:  

- Жеке тұлғалардың  депозиттері нарығындағы банк  үлесін арттыру және өзінде  бар депозиттер бойынша қызмет  көрсетудің сапасын арттыру; 

- Табысы орташа  клиенттер үшін жаңа депозиттер  түрін шығару;

- Арнайы салым  операцияларын шығару және сервисті қамтамасыз ету, сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне сай келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;

- Ірі шаруашылық  субъектілеріне кешендік қызмет  көрсету негізінде  олармен  ұзақ қарым – қатынас орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз ету;

-  Барлық депозиттер  бойынша жеткілікті табыстылық  дейгейін олардың әрқайсысына  қатысты пайыз мөлшерлемесін  инфляция дейгейіне сәйкес қалыптастыра  отырып қамтамасыз ету; 

- Барлық беттік  шоттар иелеріне дебеттік төлем  карточкаларын беруді қамтамасыз  ету.

Қазіргі таңда  бұл мақсат жүзеге асырылуда. 2003 жылдың шілде айында банк айналысында 12 197 карточка болды. 2003 жылы 2 095 карточка шығарылған, олардың 1 553 – VISA-Electron 638 – ALTYN, 504 – Cirrus maestro.

Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемелерін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу  жолымен, депозиттердің сақталу  мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын  кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және клиентке қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.

АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» 2004 – 2006 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Банктің бөлшек сауда қызметі бойынша негізгі алға қойған мәселелері мыналар болып табылады:  нарықтағы жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесін сақтап қалу және  көбейту;  шағын несиелеу жүйесін дамыту;  халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату;  әрбір жеке клиенттің талаптарын ескеріп, оған қызмет көрсету бағыиында банктік технологиялармен жабдықтау;  нарық талаптарына сай өнімдерді жаңартып отыру;  клиенттердің жалпы санын сақтап қалу және VIP категориясындағы табысы жоғары клиенттердің үлесін күшейту.

Фракциондық резервтік  жүйе, яғни банктердің өз активтерінің белгілі бір мөлшерін орталық  банктегі резервтік шоттарға орналастыруы тиістілгі біздің елімізде орын алып отыр. Бұл бір жағынан банктердің несиелік эмиссиясын қысқартады, екінші жағынан, салымшылардың депозиттік қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Халық жинақтарының банктік жүйеге шоғырлануының негізгі әсер етушісі – олардың банктік жүйеге деген сенімі болып табылады.

Информация о работе Банкте депозиттік саясат белгілеудің алғы шарттары