Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады.

Содержание

І бөлім. Банк несиелері және несие қаражаттарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
1.1. Банк несиелері, несие қаражаттарын бухгалтерлік есепке алудың міндеттері
1.2. Несие операцияларының рәсімделуі.
1.3.Несие операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
ІІ бөлім. Несие қатынатарынын есепте жүргізілуіне аудиторлық бақылау жасау.
2.1. Несие қатынастарының дұрыстығына аудит жүргізу бағдарламасын жасау.
2.2. Аудиторлық қорытынды
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

Аудитке төмендегі құжаттар тапсырылды:

                     баланс;

                     Бас кітап;

                     Есеп саясаты;

                     Бастапқы құжаттар(кезеңдер бойынша);

                     Келісімшарттар

                     Несие кепілдігі, несиені өтеу кестесі т.б.

«Н» компаниясының басшылығы бухгалтерлік баланстың басқа да құжаттардың,  тексеруге ұсынылған құжат мәліметтерінің дұрыстығына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалғанына  жауап береді. Менің міндетім аудиторлық тексерудің негізінде алынған несиелердің есебінің дұрыс ұйымдастырылуына, түгендеу жүргізілуіне аудиторлық қорытынды (есеп) болып табылады.

Мен аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздім. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы «Н» компаниясы ҚР әділет министрлігінде2006жылы –сәуір айында тіркелген, тіркеу  № 9861245.

Аудиторлық тексеру барысында төмендегілер айқындалды:

                     Несие операцияяларын рәсімдеу ҚР Ұлттық банкі бекіткен ережелерге, мемлекеттік,  стандарттарға сай;

                     несиелердің бухгалтерлік есепте көрсету нормативтік актілерге сай келеді;

                     несие операцияларының синтетикалық және аналитикалық есеп жазулары арасында сәйкестік сақталған.

Бухгалтерлік баланстың дұрыстығына аудиторлық тексеру жаппай әдіспен жүргізілді.

Аудиторлық қорытынды  2(екі) беттен тұратын 3(үш) данада дайындалды.

Аудиторлық қорытындыға компанияның 2008-жыл І тоқсандық балансы, материалдық есеп беру, 3010 шоты анализі қоса тіркелді.

 

Тәуелсіз аудитор:

Мерзімі:   30 мамыр 2008жыл

Мекен жайы:     Ақтөбе қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.      

   

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмысты  қорытындылай келе,     субъекттер айналым қаражаттарының қажеттілігінен несиелер алады.  Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда эмиссиялық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қәзіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы,банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу арқылы жүзеге асырылады. 

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға,айналымда ақша массасының негізсіз өсуін тежеуге,инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның нығаюына ықпал етуге міндетті.

   Банк несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары түрлерін шығаруға ынталандыру, тауарларды халық үшін және экспортқа шығару мен байланысты іс шаралар үшін береді. Банк ол несиелерді қайтарымдылық коммерциялық негізде береді.Несиені беру екі жақтың келісім шарты негізінде жүргізіледі.Несиелік шартта мыналар міндетті түрде көрсетіледі:

-несиенің обьектілері;

-қарыздардың жоспарланған мөлшері;

-қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдарі, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;

-қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, төлем тәртібі;

-қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары;

-материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеуге меншікті айналым қаражаттарының нормативтері;

-несие беру және өтеу туралы екі жақтың құқықтары, міндеттемелері, жауапкершілігі;

-құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімделегі және басқа жағдайлар.

     Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады.

  Несие алу үшін қарыз алушы банкке

-                 несиенің пайдалану мақсаты,

-                 сомасы ,

-                 мерзімі,

-                 оның экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен барады.

Сол кезде ол банкке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз міндеттеме береді.Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын ашу бойынша ашылады.Несие алу үшін қарыз алушы,оны пайдалану мерзіміне тәуелсіз,банкке келесі құжаттарды өткізеді:

-                 -несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары,

-                 несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;

      -қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік,статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;

-банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақтында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

  Несиелік келісім шарт жасағанға дейін банк кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдауы қажет.Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты- банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын,қарыз алушыға сапалық баға беру,клиенттің қарызға алған қаржыны неисе шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігін бағалау

Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу- кез- келген банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады.

Американдық коммерциялақ банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелерді ңпайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішіке, несиелік құжаттарға жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілер жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

   Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі –оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау.

Банк несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары түрлерін шығаруға ынталандыру, тауарларды халық үшін және экспортқа шығару мен байланысты іс шаралар үшін береді. Банк ол несиелерді қайтарымдылық коммерциялық негізде береді.Несиені беру екі жақтың келісім шарты негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктердің операциялары»

                Экономика   2001ж.

          2.  С.Б.Мақыш, «Ақша айналысы және несие»  Издат.Маркет   2004ж.

          3. А.Давыдова, Д.Райманов

              «Қазақстан Республикасының банк құқығы» Алматы 2006ж.

4.Б.Көшенова, «Ақша, несие, банк және валюталық операциялар», Алматы, «Қаржы-қаражат», 2000ж.

5.О.И.Лаврушин, «Деньги, кредит, банк», «Финансы и статистика», 1999г.

6.Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002ж.

7. Бухгалтерлік есептің Типтік шот жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Қосымша №1

БТА Ақтөбе филиалына несие алу тілегін білдіру.

Ақтөбе қаласы «__»____________ 200_-ж.

 

Қарыз сұраушы:_______________________________________

Мекен жайын__________________________________________

Реквизиті:____________________________________________

Несиенің иақсаты:______________________________________

Несие сомасы__________________________________________

Несие мерзімі:__________________________________________

Несиені игеру кестесі____________________________________

Несиені өтеу кестесі_____________________________________

Несиенің түрі___________________________________________

Қамтамасыз ету________________________________________

Қаржыландыру көзі_____________________________________

Несиені өтеудің көзі_____________________________________

Басшы:

Бас бухгалтер:

М.О.

 

 

 

 

 



Информация о работе Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі