Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады.

Содержание

І бөлім. Банк несиелері және несие қаражаттарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
1.1. Банк несиелері, несие қаражаттарын бухгалтерлік есепке алудың міндеттері
1.2. Несие операцияларының рәсімделуі.
1.3.Несие операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
ІІ бөлім. Несие қатынатарынын есепте жүргізілуіне аудиторлық бақылау жасау.
2.1. Несие қатынастарының дұрыстығына аудит жүргізу бағдарламасын жасау.
2.2. Аудиторлық қорытынды
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі.doc

— 97.50 Кб (Скачать)


Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі.

 

 

 

             

Кіріспе

І бөлім. Банк несиелері және несие қаражаттарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

1.1. Банк несиелері, несие қаражаттарын бухгалтерлік есепке алудың міндеттері

1.2. Несие операцияларының рәсімделуі.

1.3.Несие операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі

ІІ бөлім. Несие қатынатарынын есепте жүргізілуіне аудиторлық бақылау жасау.

2.1. Несие қатынастарының дұрыстығына аудит жүргізу бағдарламасын жасау.

2.2. Аудиторлық қорытынды

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражатының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады.

   Қысқа мерзімді несиелер қарыз алушыларға ҚР Ұлттық Банк басқармасы 1994жылы 11 ақпанда бекіткен №1 ҚР экономикасының ысқа мерзімді несиелеу ережелерін сақтау негізінде несиелеудің іріленген обьектілері бойынша ағымдағы қызмет мақсатында беріледі.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

          Несиеге деген өтінішті қарау;

          Несиелік қабілетті талдау;

          Несиелік келісімшарт жасасу;

          Несие беру;

          Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты қжаттар беріледі. Клиенттердің әртүрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.

 

Мысалы, құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

1)                    құрылтайшылық құжаттардың жарғының, жалға алу шартының тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің, нотарилды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар, азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқықығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;

2)                    соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;

3)                    несиелінетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық экономикалық есебі;

4)                    несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері;

5)                    басқа банктерден алған несиелер туралы мәлімет;

6)                    қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;

7)                    несиені қайтаруға байланысты мәндеттемені куәландыратын құжаттар:

8)                    қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

Қажет жағдайда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтер талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімін қысқартуы мүмкін.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабілдауы үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық экономикалық есеп негізінде жасалады.

1               кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті- қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалау мен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк несиені клиентке бермес бұрын қарыз алушының несиелік қабылетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне әсер етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

1)        несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықытық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

2)        Қарыз алушының іскерлік беделі. Неислеік мәмілеге тисті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.

3)        Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының  несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және қосымшалардан тұрады.

 

 

1.1.                        Банк несиелері, несие қаражаттарын бухгалтерлік есепке алудың міндеттері

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық келісімшарт негізінде беріледі.

   Несиелеудің обьектілері:

-тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша шығындар;

-жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

-ломбардтық кепіл несиелік операциялары;

-театрдың, парктердің,атракциондардың табыстар мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық.

   Несиелеуге мыналар қабылданбайды:

-дайын өнімнің нормадан тыс қалдықтары,көліктік қиындықтарға,ұқыпсыз төлеушілерге тиеуді тоқтатуға байланысты  өнімдерді тиеп жіберудің кешіктірілуі себепті пайда болған мерзімдік қалдықтарынан басқалары;

-өтімі шектеулі немесе өтпейтін даяр өнімнің қалдықтары;

-өндірістің жылдық қажеттілігінен артық әкелінген,өндірілген,бір жылдан аса немесе несиелеу үшін бекітілген басқа да кезеңнен аса қозғалыссыз сақталған тауарлы-материалдық құндылықтар;

-артық , қажет емес, қиын өткізілетін және пайдаланылмайтын тауарлы-материалдық құндылықтар;

-құндылықтардың бұзылуына немесе жабылуына әкелетін сақтау жағдайлары сақталуын қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалдық құндылықтар;

-несие шарттарында қарастырылған мерзімнен артық жолда келе жатқан материалдық құндылықтар;

-аяқталмаған өндіріске,дайын өнімге және тиелген өнімдерге жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

  Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері:

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

-қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

-қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;

-несиелердің тиімділігін көтеру.

   Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептерінен жиналған мәліметтер негізінде,қосымша хабарламалар, оның серіктестіктерге қатысты жауапсыздығы,төлемдерін жиі кешіктіруі туралы фактілер негізінде жүргізілуі тиіс.

   Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі –оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау.Осыған сүйене отырып банк мыналарды бағалауы керек:

1)кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін;

2)айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;

3)барлық қарыз міндеттемелерді,несиенің сұралған сомасын қоса,өтімді қаржылармен жабуын;

4)шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;

5)кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін)бағалау.

   Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

Қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру ҚР Ұлттық Банксі бекіткен «Қысқа және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. Банктен тыс ұйымдардың қарыздары мыналар бойынша айрықшаланады:

 өтемақыылық – шетеелдік валюта қарызын отандық валюта қарызына айырбастау;

 тіркелген – тіркелген уақыт кезеңіне тіркелген процент.

Банк несиелері :

         қысқа мерзімді – бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауыкерек;

         орташа мерзімді – бір жылдан үш жылға дейін;

         ұзақ мерзімді – үш жылдан жоғары.

Кредиттеу түрлері:

         аванстық – дайындаушы ұйымдарға беріледі;

         бланктік(сенімгерлік) –ұаржысы тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;

         консорциумдық – екі немесе оданда көп банкілеріне аса ірі мақсатты бағдарламаны кредиттеу үшін беріледі;

         ипотекалық –мүлік кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді неисе;

         овердрафт –нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын банктегі клиент шотынан қаражатты есептен шығарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредиттеу түрі;

         кредиттік желі(жаңартпалы кредит)- міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің «қарыз алушыға» өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредитті кезең ішінде беру;

         тұтыну мақсаттарына арналған кредит (қызметкерлерге берілетін кредит); кредитке алынатын тауарлармен; басқа да жеке қажеттілітерге(шаруашылық құруға, мал, құс өсіруге т.б.);

         Стэнд-бай –Халықаралық валюта қорынан елдерге ұсынатын кредиті.

Банктен тыс ұйымдардың несиелері баланс бойынша пассивтік 3020 –қысқа мерзімді, 4020 – ұзақ мерзімді, банк несиелері 3010- қысқа мерзімді, 4010 –ұзақ мерзімді шоттарында есепке алынады. Әрбір алынған несие бойынша талдамалық есеп жүргізіледі.

 

 

 

 

 

1.3.Несие операцияларының  бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі

Мысал , «Н» компаниясы жылдық пайыз 18%пен 1500000теңге қысқа мерзімді (1жылға), банк неисесін рәсімдеген.

1500000*18%=270000теңге

1500000+270000=1770000теңге

1770000/12=147500теңге бір айға төленетін сомасы

Несие алған жағдайда

Дт  1030,1010

Кт   3010    1500000 теңге

Несиені пайдаланғаны үшін пайыздар есептелгенде

Дт   7320

Кт   3380 270000/22500

Пайыздар төленгенде

Дт  3380

Кт  1010, 1030  147500тг.

несиені өтеген жағдайда

Дт  3010

Кт    3380      1770000тг.

Есептік кезең соңында табыс жиынын процент бойынша кеміту шығындарын есептен шығару жазбалары беріледі.

Дт  5610  

   Кт    7320      270000тг

Қызметкерлерге кредитке берілген сомаға

Дт 1250  

Кт 1010

Қызметкердің кредитін жабу

Дт 1010,3350

Кт 1250

Қызмеркердің кредитін кәсіпорын жапқан жағдайжа

Дт 7210(салық салудан кейін)

Кт 1250

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Несие қатынастарының дұрыстығына аудит жүргізу бағдарламасын жасау.

Коммерциялық несие –тауарды, оған жасалынатын төлемді кейінге қалдыра отырып сату және жөнелту кезінде сатушы сатып алушыға тауар нысанында беретін несие.

Коммерциялық несиелер, банктік және банктен тыс ұйымдардың несиелеріне бақылау жасау процедураларына зерттеу жүргізу кезінде аудитор төмендегілерге көз жеткізуі тиіс:

      Несиелендіруші алушының қаржылық жағдайына және оның сенімділігіне талдау жасау қажет,

      Нотариус куәландырған жарғының, келісімшарттардың, тіркеу туралы куәлікьің көшірмелері, қаржылық қорытынды есеп дұрыстығы;

      Несие алушының қаржылық тұрақтылығына талдау жасауды, оның дұрыстығы;

      Несие шарты бойынша есептеулердің дұрыстығы, орындалуы;

      Несиенің мақсатқа сай пайдаланылуы т.б.

     Бақылауды аудитор елеулі сомаға орындалмаған төлемдерді іріктеп тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Аудиторлық қорытынды

2007-жылдың 1-қазанына «Н» компаниясының несиені қайтару қабілеттілігін бағалау, дұрыс пайдаланылуы жөнінде

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мен, тәуелсіз аудитор  Турдалина Райхан Магауяевна (№12579 біліктілік куәлігі, өзінің қызметін заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырушы жеке кәспкер ретінде 200 7жылдың 12-қаңтарында Ақтөбе қалалық салық комитетінде тіркелген, 2007жылдың 25 қаңтарында мемлекеттік лицензиясы берілген) 2007-жылдың 30-мамырындағы келісімшартқа сәйкес «Н» компаниясынның несиелік борыштар, есептесу, пайдалану есебіне аудит жүргіздім.

Информация о работе Банк несиелері және несие қаражаттарының есебі