Бағалы қағаздар нарығын құру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 12:44, курсовая работа

Описание работы

Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
I Тарау. Бағалы қағаздар нарығын құру...
1.1. Бағалы қағаздар оның мәні, жіктелуі және түрлері .....................................5
1.2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері ............................8
1.3. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығынын құрамдас бөлігі ................ 9
1.4. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы......................................................................................................................11
II Тарау. Бағалы қағаздар нарығының қызмет ету жағдайына талдау.
2.1. Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуі және оны реттетейтін жүйелері..................................................................................................................142.2. Қ Р бағалы қағаздар нарығының жетілдіру жолдары................................ 18
2.3. Қ Р бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері.................................23
2.4. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі......................................................................................................................26
III Тарау. АҚ«Цеснабанктің» бағалы қағаздар нарығын жетілдіруі мен даму жолдары .
3.1. АҚ «Цеснабанктің» бағалы қағаздар нарығының операциялары.............28
Қорытынды............................................................................................................31Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................32
Қосымшалар...........................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар нарығын құру.doc

— 236.50 Кб (Скачать)

      Ал, әлеуметтік – психологиялық  мәселелерге бағалы қағаздар  нарығында маман кадрлардың аздығы  мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

     Бағалы қағаздар нарығына мамандарды  Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық  комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындайды. Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады. Аттестациялық комиссияның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі оның басқармасы болып, ал мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтің Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

      Дүние жүзілік нарық тарихында  бағалы қағаздар нарығының негізгі  үш үлгісі бар. Олар:

  1. Банктік үлгі – онда бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Бельгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
  2. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктік емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Пәкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарғы демократиялық жолмен өркендейді
  3. Аралас үлгі - бағалы қағаздар нарғы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де банктік емес мекемелер шұғылданады (мысалы, Жапонияда).

      Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарғының ерекшелігі – кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгеруге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарғында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісіне бас тартуына әкеп соқтырады. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс.

      Бағалы қағаздар нарығының нарықтық  үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары  мынада:

    1. Нарықта акционер үлесінің көптігі;
    2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық қағаздардан көптігі;
    3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
    4. Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі;

         Бұлардан басқа мемлекетіміздің  бағалы қағаздар нарығының нарықтық  үлгісін таңдап алуға себепші  болған үш фактор бар. Олар:

  1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен ақша – ол «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.
  2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
  3. Саясат факторы – дүниежүзіндегі сияқты, Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі – халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру – бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

      Қорта айтқанда, Қазақстан Республикасында  қалыптасып келе жатқан бағалы  қағаздар нарығының үлгісіне  нақты бірыңғай көзқарас жоқ.  Сондықтан бағалы қағаздар нарғына  уақыт талабына сай әлі де  біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

           

        2.4 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандарын даярлау жүйесі

        Бағдарламаның аталған бағаытын іске асырудын негізгі мақсаты бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының желісі мен жоғарғы оқу орындарының экономикалық факультеттерінде бағалы қағаздар нарығы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі мамандандырылған бөлімднр ашуды қамтитын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды даярлаудын жүйесін құру болды. 1999 жылдың басында Ұлттық комиссия мынадай аспектілерде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды даярлау жүйесін реттейтін нормативтік – құқықтық база: 

    - оқу орындарына үш санат:

  1. брокерлік, дилерлік қызмет;
  2. бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеуге байланысты қызмет;
  3. бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі қызмет бойынша бағалы қағаздар нарығына мамандарды оқытуға рұқсаттар берудің тәртібін;

      - бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлаудың тәртібін;

       - бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау жөніндегі курстардың тыңдаушылар аттестациялаудың және біліктілік куәліктерін берудің, аталған куәліктің пайдалануын бақылаудың, олардын қолданудың тоқтата тұрудың және кері қайтарып алудың тәртібін қалыптастырады.

       1999 жылдын басындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлттық комиссияның 6 – бірінші санат бойынша, 6 – екінші санат бойынша, 3 – үшінші санат бойынша мамандарды даярлауға арналған рұқсатына ие 7 оқу орталығы жұмыс істейді. Көрсетілген күнге аттестацияланған мамандардын жалпы саны 3681-ді, оның ішінде бірінші санат бойынша – 2200 маманды, екінші санат бойынша – 1329 маманды, үшінші санат бойынша – 152 маманды құрады. Бағдарламаны іске асыру барысында даярланған мамандардың жалпы саны бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз етеді.

        1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап  Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы  « Банк ісін ұйымдастыру» кафедрасының  жанында «Қор ісі мен биржалық  рынок» мамандықтары бойынша  мамандарды даярлау жүргізіліп  келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        III-Тарау. АҚ Цеснабанктің бағалы қағаздар нарығының жетілдіру мен даму жолдары.

         3.1. АҚ "Цеснабанктің"  бағалы қағаздар нарығының операциялары

        Мен курстық жұмысымның тәжірибесін АҚ «Цеснабанк» бағалы қағаздарын қарастырдым. Бұл банк көптеген операцияларды қарастырады, соның ішінде бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бар.

    АҚ  «Цеснабанк» 1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелген  коммерциялық банк. 2004 жылы Қазақстан  қор биржасының Биржа Кеңесінің шешімімен Банктің облигациялары «А» категориялары КАSE бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. Осы уақыттарда 16 жыл тарихы бар банк көптеген жетістіктерге жетті.

    Бағалы  қағаздармен жасалатын операциялар  Банкке қаржылық ағындарды оңтайландыруға, табыстылықты жоғарлатуға және төлемпаздықты жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

    Бағалы  қағаздар портфелі дәстүрлі түрде ҚР Үкіметімен шығарылған жоғары өтемпазды  бағалы қағаздармен ұсынылған. Портфелдің құрылымындағы бұл қағаздардың еншісі 93%, басқа бағалы қағаздарға 7% құралды.

    2008 жылы Цеснабанк жалпы сомасы 15 млрд. Теңгеге облигациялық бағдарламаның шеңберңнде төрт купонды облигацияларды шығару эмитациялады.

    Олардың ішінде шығарылған бағалы қағаздар көлемінің  жартысына жуығы есеп жылында орналасқан. Барлық облигациялар жылына екі рет купондық сыйақыны төлеумен номиналды бағасы 1 теңгемен шығарылған. Шығарылған және белгіленген облигациялар өтінім мерзімі және бағалы қағаздар түрлері бойынша диверсификацияланған. Қарапайым облигациялар бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесі фиксацияланған және индекстелген, инфляция деңгейіне байланысқан субординацияланған және ипотекалық облигациялар бойынша жылдық 8% құрады. Облигацияларды орналастырудан алынған қаражат ипотекалық несиелендіру бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға, астықты, лизингтік және басқа жобаларды өндіру мен өңдеу.

    Мен АҚ «Цеснабанктің» шығарған бағалы қағаздарының 2006 жыл мен  2008 жылдарды салыстыру арқылы пайда алып келген өсімді қарастырдым. Бұл өсім 2003 жылы 73464 млн. теңгеден 2007 жылы 497904 млн. теңгеге дейін өсіп, 7 есеге жуық көлемді құрады.   

    Ал, әрбір жыл кезеңдеріне тоқталатын болсақ, 2007 жылы шығарылған бағалы қағаздар 120681 млн. теңгені құраса, 2008 жылдың қаңтарында ол 168 156 млн. теңгені құрап, 48 000 млн. теңгеге өсті. Ал 2007 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта бағалы қағаздар 168 156 млн. теңгеден 284 533 млн. теңгеге дейін өсіп, жалпы өсім 116 000 млн. теңгені құрады. Бұл өсімдегі ерекше жағдайды 2007 жылдың тамыз айы мен салыстырғанда көруге болады. Онда қаңтардағы 168 156 млн. теңге тамыз айында 248 750 млн. теңгеге жетті. Осы аралықтардағы бағалы қағаздар өсімі 80 000 млн. теңгеге жетті. 2007 жылдың қаңтарында бағалы қағаздар сомасы 284 533 млн. теңгені құраса, 2008 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 420 725 млн. теңге болды. Бұл кезеңдердегі өсім 136 000 млн. теңгеге өсті. Ал осы өсімнің 107 000 млн. теңгесі 2008 жылдың қаңтар айы мен тамыз айлары аралығында банк жүйесіне келді. Мұндай өсім үкімет тарапынан экономикамызға ақшалай қаражаттарды тарту мақсатында шетелдердегі банктердің шотында жатқан және көлеңкелі бизнесте жүрген ақша қаражаттарын жария ету процесін жүргізу нәтижесінде пайда болды. 2007 жылдың басынан бастап тамыз айына дейінгі бағалы қағаздар өсу қарқыны 420 725 млн. теңгеден, 497 904 млн. теңгеге артып, нақты осы кезеңдегі өсім 77 000 млн. теңгені құраса, 2007 жылдың тамызында 703 135 млн. теңгеге жетті. Бұл банк жүйесіндегі бағалы қағаздар жалпы өсу тенденциясын көрсететін мәліметтер болатын болса, келесі сандық статистикалық талдау осы бағалы қағаздар нарығының құрылымдық кезеңаралық талдауына арналады. Егер әрбір кезең бойынша салыстыратын болсақ, 2007 жылдың қаңтарында 29948 млн. теңгені, 2004 жылдың қаңтарында 56911 млн. теңге, 2008 жылдың қаңтарында 95 190 млн. теңге, 2007 жылдың қаңтарында 188570 млн. теңгеге жеткен  болатын .   

    Осы көрсеткіштер бойынша 2007 жылдың қаңтары  мен 2008 ж. қаңтар арасындағы өсім сомасы бойынша басқа кезеңдерден ерекшеленіп көрінеді. Ал, 2007 жылдың тамызымен 2008 жылдың қаңтары аралығында бағалы қағаздар көлемі 33 525 млн. теңгеге өсті. Бұл көрсеткіш 2008 жылдың тамызында 306 655 млн. теңгені құрап бағалы қағаздар өсу қарқынының жоғары екендігін дәлелдеп отыр.(4-қосымша). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қортынды

 

    Қорта айтқанда, Қазақстан Республикасының 1991 жылдан қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты біріңғай көзқарас жоқ . Сонымен қатар, Бағалы қағаздар нарғына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер еңгізілуі мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы қазіргі кезде экономиканың  қарқынды өсуінің бір саласы. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дау деңгейі қуантарлықтай емес. Бағалы қағаздар нарығының проблемаларының бірі – акциялардың айналымдағы жетіспеушілігі, яғни акционерлік қоғамдардың көптігіне қарамастан. Қазақстанда эмитенттердің қызметін олардың бағалы қағаздарды шығаруды және оларды ұстаушылардың құқықтарын сақтлуын реттейтін заңдардың нормаларын орындауы бөлігінде бақылаудың жеткілікті тиімді жүйесі құрылмады. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері шығарған бағалы қағаздармен қор нарығына шығуын ынталандыратын тетіктердің жоқтығы

    Айтылған  проблемалардың барлығы мемлекетіміздің  экономикалық дамуының бүгінгі кездегі  сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті ерекше бағыт , яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделе де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздар мен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Әрине бұндай ісе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектеріненоқып үйреніп алуға болады.  
 

 

            Пайдаланған әдебиеттер 

  1. Қ.Р. «Ұлттық  банк туралы заң».
  2. Қ.Р. конституциясы.
  3. Қ.Р. «Банк және банк қызметтері туралы заң».
  4. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республики Казахстан // Рынок ценных бумаг Казахстана, N 1, 2000. С. 19 - 28.
  5. Джолдасбеков А., Аягузов К. Краткий обзор развития фондового рынка Республики Казахстан в 1991 - 1994 гг. // Рынок ценных бумаг Казахстана. №12, 1999, с. 19-23
  6. Есенов Б. Проблемы и перспективы развития фондового рынка в Казахстане//Саясат. N 6, 1999. С. 72.
  7. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері. А., 2003. С. 112.
  8. Карагузов Ф. Ценные бумаги и регулирование их обращения в Республике Казахстан. А.: Каржы-Каражат, 1995. С.50-53.
  9. Привлекательны ли  акции ?// Каржы-Каражат. N 5, 1999. С. 68.
  10. Бексултанова А.Ж. Рынок ценных бумаг Казахстана, Алматы: Атамура, 2000, с.41-53.
  11. Галанов В. А., Басова А. И. Рынок ценных бумаг, Алматы, Данкер, 1996.
  12. Государственные ценные бумаги. Итоги 2004 года. «Рынок ценных бумаг Казахстана». 2001. № 2. С. 22-27.
  13. Бағалы қағаздар нарығы /  В Л. Галанова, А.И. Басова басылымы М.: Қаржы және статистика, 1998. С. 160.
  14. Сейткасимов Ғ.С., Ақша, несие, банктер – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
  15. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Статистикалық бюллетень. Алматы, 1998. № 1.
  16. АҚ «Цеснабанк» жылдық есптілігі.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығын құру