Өзін - өзі реттеу екі негізгі
элемент арқылы анықталады:
- стратегияны
анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері
мәміле жасау тәжірибесіне қатынасады;
- өзін-өзі
реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен
емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.
Өзін - өзі реттейтін
ұйымның міндеттері
мен мақсаттары:
- Өзін - өзі
реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың
клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау, сонай ақ Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті
жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын
жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
- Өзін - өзі
реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:
- өзін - өзі
ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай
ережелер мен стандарттарын белгілеу;
- өзін - өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін
және олардың Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарды
сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыру;
- өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың
клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау;
- өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелері арасындағы дауларды,
сондай-ақ мүшелері мен олардың клиенттері
арасындағы дауларды шешу;
- мемлекеттік
өкімет пен басқару органдарында, сот
және өзге де ұйымдарда өзін-өзі реттейтін
ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру
болып табылады;
Өзін - өзі реттейтін
ұйымның қызметтері
- уәкілетті
органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейтін
нормативтік құқықтық актілердің жобалары,
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
жөнінде ұсыныстар беру;
- бағалы қағаздар
нарығындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның
мүшелері арасында туындайтын дауларды
және мүшелері мен олардың клиенттері
арасындағы дауларды қарау;
- уәкілетті
органның тиісті рұқсаты болған жағдайда
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге
асыруға ниет білдірген адамдарға оқу
бағдарламаларын әзірлеу және оларды
оқытуды жүргізу;
- бағалы қағаздар
нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет
білдірген немесе өзінің кәсіби деңгейін
растайтын адамдарды тестілеу процесіне
қатысу;
- өзін -өзі
реттейтің ұйым мүшелерінің рейтингтерін
жасау және жариялау;
- уәкілетті
органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін
ұйым мүшелерінің қызметін тексеруге
қатысу.
- бағалы қағаздар
нарығында өз мүшелерінің қызметін бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының
заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның
ішкі құжаттарын бұзуға жол берген өзін
- өзі реттейтін ұйым мүшелеріне өзінің
ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік
ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
2.2. Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар нарығының
құқықтық негіздері
Кез-келген заңның мазмұны қоғамда
орын алып және одан әрі
дамып келе жатқан экономикалық
мүдделерге қызмет көрсетуге
бағытталған. Халық шаруашылығын
дамытудың «кеңестік» үлгісінен
экономиканың еркін өркенднуінің
нарықтық үлесіне өту кезі құқықтық
негіздерді түбегейлі реформалау арқылы
нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын
заң шығаруды қажет етеді. Әлбетте бұндай
реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда
тіпті жаңа империясы мен Кеңес мемлекетінің
жаңа экономикалық саясат кезінде орын
алған құқықтық институттарды қалпына
келтіру еді. Сонымен бірге нарықтық үлгімен
дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс.
АҚШ, Германия, Жапония және т.б.) тәжірибесін
үйреніп , оны мемлекетіміздің экономикасын
реттеуге бейімдендіру керек. Соның ішінде,
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын
және оның қызметін қамтамасыз ететін
құқықтық ережелерді қайта дамыту қажет.
Бағалы қағаздар нарығын құқықтық
ережелермен қамтамасыз ету деген
мемлекеттік органдардың бағалы
қағаздар айналымы тиімді және
мағналы болуы үшін белгілі-бір жағдай
жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдың
мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып,
нарық қатынастарына бет алған қоғамның
объективті экономикалық заңдарына сай
келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік
заңдарына мемлекетіміздің егемендік
алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің
жарлықтары және үкіметтің қаулылары
, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссияның құқықтық актілері
жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық
ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне
ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы
және белгілі – бір ұйымдық – құқықтық
түрде құрылған шаруашылық субъектілерін
басқару мен олардың меншігіне қатынасу
құқығы кіреді. Айтылып отырған бағалы
қағаздар нарығындағы мүліктік құқық
олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген
ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы
қағаздар деп аталады. Бірақ азаматтық
құқық қатынастарымен расталғанымен кейбір
бағалы қағаздар нарығына айналысқа
түспейді. Мыс., Қазақстан заңдары бекіткен
– ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент
және тауларды орналастыру құжаттары
тауарлар нарығында, яғни тауар биржасында
айналымға түседі. Ал бағалы қағаздар
нарығы, жоғарыда айтып кеткеніміздей,
қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы
нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан
құралатындықтан бұл жерде осы аталған
екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі
сөз болады.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан
заңдары орыстың азаматтық құқықтарына
негізделіп шығарылады. Қазіргі
кезде заң шығару біраз кезеңнен
өтті.
2-бап. Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы
туралы
заңдары
- Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы
туралы заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінен, осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде
нормативтік актілерінен тұрады.
- Егер Қазақстан
Республикасы бекіткен халық аралық шартта
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе,
халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
- Егер Қазақстан
Республикасының заң актілерінде өзгеше
белгіленбесе, осы заңның нормалары банктер,
банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары,
инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы
қорлары шығаратын мемлекеттік бағалы
қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару, орналастыру, айналысқа жіберу
және өтеу процесінде туындайтын құқықтық
қатынастарға қолданылады.
Бағалы
қағаздар нарығын құру және дамыту
шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың
тиімсіз жүйесін және салааралық
қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың
инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға
және бұл нарыққа салааралық капиталдың
қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар
мен банктер жұмысының барометрі болуға
мүмкіндік береді. Бағалы кағаздар нарығының
дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды
іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар
нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру,
шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын
нығайту.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті
– бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып
алушылардың көңілінен шығатын бағада
инвестицияға толық қаражат жұмсауды
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңында
көрсетілетін бағалы қағаздар
нарығының негізгі идеологиясы
келесідей қағидалардан тұрады:
- әрбір потенциялды
инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудан
барлық түрлері бойынша толық және тура
ақпараттардың болуы;
- Бағалы қағаздар
нарығының қатынасушыларының (инвестициялық
фирмалардың, қор биржалары және тауар
биржаларыныңқор бөлімдері, брокерлік
фирмалар және т.б) біліктілігі.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты
мемлекеттік саясатың негізін
жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына
көніл аударуға тиіс.Осыған байланысты
мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке
кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы
тиіс.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік
ықпал етудің мақсаты мынадай:
- макроэкономикалық
тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
- нарықтық
ортаның бәсекелестік қабілетің қамтамасыз
ету;
- бағалы қағаздар
нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық
және экономикалық қорғау.
Құқықтық қорғау – бағалы қағаздарды
әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы
қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың
қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар
беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу
ережелері , шетел инвесторларын бағалы
қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау – бағалы
қағаздар мен жасалатын операциялар
бойынша салықтық жеңілдіктер
жүйесін жасау және қолдану ; мемлекеттік
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты
реттеу.
Өзін - өзі реттеу екі негізгі
элемент арқылы анықталады:
- стратегияны
анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері
мәміле жасау тәжірибесіне қатынасады;
- өзін-өзі
реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен
емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.
Өзін - өзі реттейтін
ұйымның міндеттері
мен мақсаттары:
- Өзін - өзі
реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың
клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау, сонай ақ Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті
жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын
жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
- Өзін - өзі
реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:
- өзін - өзі
ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай
ережелер мен стандарттарын белгілеу;
- өзін - өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін
және олардың Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарды
сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыру;
- өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың
клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау;
- өзін-өзі
реттейтін ұйым мүшелері арасындағы дауларды,
сондай-ақ мүшелері мен олардың клиенттері
арасындағы дауларды шешу;
- мемлекеттік
өкімет пен басқару органдарында, сот
және өзге де ұйымдарда өзін-өзі реттейтін
ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру
болып табылады;
Өзін - өзі реттейтін
ұйымның қызметтері
- уәкілетті
органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби
қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейтін
нормативтік құқықтық актілердің жобалары,
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
жөнінде ұсыныстар беру;
- бағалы қағаздар
нарығындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның
мүшелері арасында туындайтын дауларды
және мүшелері мен олардың клиенттері
арасындағы дауларды қарау;
- уәкілетті
органның тиісті рұқсаты болған жағдайда
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге
асыруға ниет білдірген адамдарға оқу
бағдарламаларын әзірлеу және оларды
оқытуды жүргізу;
- бағалы қағаздар
нарығында қызметті жүзеге асыруға ниет
білдірген немесе өзінің кәсіби деңгейін
растайтын адамдарды тестілеу процесіне
қатысу;
- өзін -өзі
реттейтің ұйым мүшелерінің рейтингтерін
жасау және жариялау;
- уәкілетті
органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін
ұйым мүшелерінің қызметін тексеруге
қатысу.
- бағалы қағаздар
нарығында өз мүшелерінің қызметін бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының
заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның
ішкі құжаттарын бұзуға жол берген өзін
- өзі реттейтін ұйым мүшелеріне өзінің
ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік
ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
2.3 Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар
нарғының жетілдіру
жолдары
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар
нарығы қалыптасу шағында. Оның дамуы
жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде.
Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатындамемлекет
бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай,
оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар,
мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді
шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының
дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық
және әлеуметтік – психологиялық мәселелер
көп.
Экономикалық мәселелерге:
- нарықты реттейтін
механизмнің жоқтығы;
- бағалы қағаздар
нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас
жүйесінің жоқтығы;
- заңдардың
мүлтіксіз орындалмауы;
- салымдарды
тіркеу жүйесінің жоқтығы;
- бағалы қағаздар
нарығының материялдық-техникалық негізінің
аздығы;
- нарық инфрақұрылымының
өсу деңгейінің төмендігі жатады;