Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ................................................. 4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы.......................7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу.....................17

Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.................................24

Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру.............25

2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу........27

Қорытынды...........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Ұлттық банк1 Банк ісі курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

 

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

  1. осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген несиелер бередi;
  2. өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
  3. мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  4. Қазақстанның Ұлттық Банкi несиелерді қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  5. депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  6. туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
  7. қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  8. чек жазып бередi және вексельдер бередi;
  9. егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

     Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

    1. Қазақстан Республикасында шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шетел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
    2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
    3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
    4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
    5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
    6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
    7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
    8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
    9. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
    10. Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шетел валютасын тартады;
    11. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
    12. Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.

 

2.4 Қаржы жүйесiнiң  тұрақтылығын қамтамасыз етуге  жәрдемдесу

     

      Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

      Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде  пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.

      Қазақстандағы инфляциямен күресуiң тағы да маңызды факторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.

     ҚР-ның Ұлттық банкінiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етедi. 

      Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. ҚР-ның Ұлттық банкі мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.  Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.

      ҚР-ның Ұлттық банкінiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн ҚР-ның Ұлттық банкінiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына ҚР-ның Ұлттық банкінiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.

      Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлеуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

       Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сиықты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында ҚР-ның Ұлттық банкі ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

       Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

       Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын сақтап отыруға тиiстiлiгiн бiлдiредi.

Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң қаржы делдалы  ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы  несиелiк ресурстардың экономикаға  құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

ҚР-ның Ұлттық банкі екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

  1. мiндеттi резервтеу;
  2. резервтеудiң баламалы тәртiбi.

      ҚР-ның Орталық банкі неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен ҚР-ның Орталық банкі мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

      Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту. Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi. 

      Несиенiң азаюы және ақшаның қымбатауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақаша ұсынысы төмендейдi. Әдетте тiркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бiрақ Орталық банктен несие алу белгiлi әкiмшiлiк қиындақтарға тiреледi.

      Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары ҚР-ның Ұлттық банкі қызметiнiң алдағы уақыттарда классикалық қызметiне жақындауына байланысты тиiстi шаралар қолданады. Қазiргi уақытта екiншi деңгейдегi банктердi несиелеу тек қана олардың өтiмдiлiгiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшiн Үкiметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни ҚР-ның Ұлттық банкінiң республикалық бюджеттi несиелеуден бас тарту мақсатында жүргiзiледi. Жеңiлдiкпен несие беру және кәсiпорындардың несие алу үшiн тiкелей өтiнiш жасауы қарастырылған жоқ. ҚР-ның Ұлттық банкі несиелердi орналастыруы аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негiзiнде жүзеге асырылады.

      Елдің макроэкономикалық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.

     

     

               

          

     

      

            

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.

      Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.

      Ұлттық банк негізгі мақсатын орындаудағы міндеттері мемлекеттік ақша-несие саясатымен ұштасып, елдің төлем балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.

      Қазіргі таңда ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыру ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жоғары экономикалық өсуге байланысты Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатын қолдануға мәжбүр болуы, ол 2005 жылы қайта қаржыландыру пайыздарының біртіндеп өсуімен байланысты: 2005 жылы 1 ақпанда 7%-дан 7,5%-ға және 1 шілдеде 8%-ға өсуімен байланысты. Алайда инфляциялық процестердің аяқталуына байланысты Ұлттық банктің алдағы уақыттарда ақша-несие саясаты бойынша басқа да пайыздардың өсуін қарастырады.

      Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.

      Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны