Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ................................................. 4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы.......................7

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
2.1 Мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу.....................17

Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.................................24

Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру.............25

2.4 Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу........27

Қорытынды...........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Ұлттық банк1 Банк ісі курстық жұмыс.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

 

Зерттеу және статистика департаменті

 

        Департаменттің негізгі міндеттері:         

1) ақша-несие саясаты саласында зерттеулер жүргізу, оның экономиканың жай-күйіне әсерін бағалау, қаржы секторының ағымдағы ахуалына және даму перспективаларына талдау жасау;        

2) ақша-несие статистикасын, қаржы секторы мәселелері жөніндегі ақпаратты қалыптастыру және тарату, халықаралық стандарттарға сәйкес статистиканың методологиясын  жетілдіру;        

 3) ақша-несие саясаты құралдарын пайдалану жөнінде зерттеулер жүргізу және  ақша-несие саясатының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын дайындау;       

 4) Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының  тиімділігін арттыру мақсатында  экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін жүргізуге байланысты  жұмыстардың орындалуына ұйымдық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.

 

Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті

          Департаменттің негізгі міндеттері:

         1) халықаралық методологиялық стандарттарға  сәйкес Қазақстан Республикасының  төлем балансын, халықаралық инвестициялық  позициясын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қоса алғанда сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мен тарату;

         2) Қазақстан Республикасындағы валюталық  құндылықтардың айналысы тәртібін  белгілеуді қоса алғанда Ұлттық  Банктің валюталық реттеу және  валюталық бақылау саласындағы саясатын методологиялық және нормативтік қамтамасыз ету және оны іске асыруға қатысу;

         3) резиденттер мен резидент еместердің  валюталық операцияларының және  ішкі валюта нарығындағы сұраныс  пен ұсыныс көздерінің мониторингі  бойынша жұмыстарды ұйымдық және методологиялық қамтамасыз ету; 

        4) экономиканың сыртқы секторының  ағымдағы жай-күйін және оның  даму перспективаларын талдау, сыртқы  сектордың негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштерінің болжамын дайындау.

 

Заң департаменті

 

       Департаменттің негізгі міндеттері:         

1) Заңдылықты нығайтуға ықпал  ету және Ұлттық Банктің нормативтік  құқықтық актілерінің Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген  заңнамасының талаптарына сәйкестігін,  Ұлттық Банктің, оның бөлімшелерінің және қаржы нарығы субъектілерінің заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдануын қамтамасыз  ету;       

2) Елдің қаржы жүйесін, валюталық  реттеуді және бақылауды, ел  аумағында ақша төлемдері мен  аударымдарын жүзеге асыру тәртібін  жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану;       

3) Ұлттық Банктің, оның бөлімшелері  мен қызметкерлерінің құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау;       

4) Ұлттық Банк жүйесінде құқықтық  насихат жүргізу, құқықтық жалпы  оқытуды ұйымдастыру;        

5) Ұлттық Банкте Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізуді үйлестіру;        

6) Ұлттық Банктің норма белгілеу  қызметіне талдау жасау және  талдаулардың нәтижелері бойынша  Ұлттық Банк Төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу.

 

Монетарлық операциялар департаменті



         Департаменттің негізгі міндеттері:        

1) Ұлттық Банктің ақша  және валюта нарықтарындағы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы операцияларын қоса алғанда, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыру;       

2) ҚРҰБ алтын валюта  активтерін және ҚР Ұлттық  қорын басқару саласында инвестициялық  саясат қалыптастыру және жүзеге  асыру;       

3) Капиталдың және қаржы құралдарының халықаралық нарықтарына талдау жасау және бағалау, Қазақстан Республикасының ішкі қаржы нарығының ахуалына жүйелі түрде талдау, сыртқы сектордың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын дайындау.

Бухгалтерлік есеп департаменті

       Департаменттің негізгі міндеттері:

       1) Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік  жүйесін реттеу, сондай-ақ Секьюритилендіру  туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес құрылған  қаржы ұйымдарында және арнайы  қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп жүргізудің автоматтандырылуын бақылау;

      2) Ұлттық Банктің қаржылық есептілігін жасау және оны басқа ұйымдарға (Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және т.б.) ұсыну; 

      3) Ұлттық  Банктің орталық аппаратының  бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері,  еншілес ұйымдары үшін Ұлттық  Банк жүргізетін барлық операциялар  бойынша халықаралық қаржылық  есептілік стандарттарына негізделген  бухгалтерлік есеп және есеп  беру саласында, салықтық есепке алу саласында бірыңғай методологиялық саясатты және қағидаттарды қамтамасыз ету.

Ақпарат технологиясы департаменті

           Департаменттің  негізгі міндеттері:  

   1) Ұлттық Банктің  ақпараттық даму саясатын Ұлттық  Банктің міндеттеріне, қызметтеріне және  өкілеттігіне сәйкес айқындау;

2) Ұлттық Банк қызметін  автоматтандыру деңгейінің жай-күйіне  талдау жасау және оны дамыту  бойынша жұмыстар жоспарлау;

3)  интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесін (бұдан әрі – ИААЖ) және оның құрамдас бөліктерін Ұлттық Банктің орталық аппаратында және филиалдарында әзірлеу (бейімдеу), пысықтау, дамыту, ендіру және қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;

4) ақпарат технологиялары  бойынша халықаралық стандарттарды ендіру, сондай-ақ ұлттық стандарттарды ендіру және Ұлттық Банктің нормативтік актілерін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысу, олардың Ұлттық Банкте қолданылуына Департаменттің құзыреті шегінде бақылау жасау;

5) ИААЖ бағдарламалық-техникалық кешенін, телекоммуникация және байланыс жүйесін басқару және пайдалану, олардың сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;

6) Департаменттің құзыретіне  қатысты тауарларды, жұмысты және қызметті Ұлттық Банктің қажеттілігіне сәйкес сатып алуды қамтамасыз ету;

7) Ұлттық Банкте бағдарламалық-техникалық  құралдарды пайдалануды жүргізу,  есепке алу және бақылау;

8) Ұлттық Банкте ақпарат  қауіпсіздігі талаптарының орындалуын  қамтамасыз ету.  

Ішкі аудит департаменті

 

       Департаменттің негізгі міндеттері:

      1) тәуекелдерді  басқару тиімділігін бағалау; 

     2) ішкі бақылау  жүйесінің сенімділігін және  тиімділігін  бағалау;

       3) түрлі деңгейдегі шешімдер қабылдау кезінде белгіленген рәсімдер мен өкілеттіктердің сақталуын бақылау; 

      4) мемлекеттік  қызмет көрсету сапасын бақылау  жұмысын ұйымдастыру; 

  5)Ұлттық Банктің  Төрағасын Ұлттық Банктің бөлімшелеріне  және консультативтік-кеңес органдарына  жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. 

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті

        Департаменттің негізгі міндеттері:        

1) Ұлттық Банктің стратегиялық  міндеттерін орындауға бағытталған  кадр саясатын жетілдіру;         

2) Ұлттық Банктің құрылымын  оңтайландыру, Ұлттық Банктің орталық  аппаратының, филиалдарының және  өкілдігінің қызметкерлері үшін  еңбекақы, әлеуметтік төлемдер төлеу  жүйесін әзірлеу және ендіру  бойынша жұмысты ұйымдастыру;         

3) қызметкерлерге басқарушылық  әсер ету әдістері мен тәсілдерін: қызметкерлерді іріктеуді, жалдауды, бейімдеуді, оқытуды, аттестациялауды,  мотивация жүйесін әзірлеу және жетілдіру;          

4) әлеуметтік дамуды  басқаруды оңтайландыру мақсатында  социологиялық және психологиялық зерттеулер жүргізу;          

5) Ұлттық Банк жүйесіндегі  корпоративтік мәдениетті дамыту  болып табылады.

Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті

          Департаменттің  негізгі міндеттері: 

1) Қазақстан Республикасының  Президенті бекіткен  Ұлттық валюта - қазақтандық теңге банкноттары мен монеталарының дизайны  тұжырымдамасы негізінде банкноталар мен монеталардың номиналдары және дизайнының құрылымы  бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ қолма-қол ақша айналысы үшін қажет банкноталар мен монеталарды дайындау көлемі жөніндегі ұсыныстарды  Ұлттық Банк Басқармасына дайындау және бекітуге ұсыну;

2) ұлттық валютаның  ақша белгілерін шығару, олардың  айналысын және оларды айналыстан  алуды ұйымдастыру жөнінде Ұлттық  Банктің ерекше құқығын қамтамасыз  етуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;

3) айналысқа шығарылған  банкноталар мен монеталардың  төлем қабілеттілігінің, тозған және бүлінген ақша белгілерін  айналыстан алу және жоюдың  тәртібі мен белгілерін айқындау;

4) банкноталар мен монеталарды  сақтау, тасымалдау және инкассациялау, банкноталар мен монеталардың резервтік қорларын (бұдан әрі – резервтік қорлар) құру және жоспарлау тәртібін айқындау.

Төлем жүйелері департаментi

         Департаменттің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының  төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасында  төлемдер мен ақша аударымдарын  жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін  және нысандарын анықтау;

3) банктердің корреспонденттік  шоттарын ашу және жүргізу,  аударым операцияларын, банкаралық  клиринг жүргізу, төлем карточкаларын шығару, аккредитив ашу (ұсыну) және растау және олар бойынша міндеттемелер орындау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында чек кітапшаларын шығару және вексельдердің айналымы тәртібін айқындау;

4)  банктер арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын уақтылы және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қадағалау;

5) банктердің төлем  жүйелеріне кіруін қамтамасыз  ететін ұйымдастыру шараларына  және бағдарламалық-техникалық құралдарына талаптар белгілеу;

6) барлық банктердің  және олардың клиенттерінің орындауы  үшін төлемдер мен ақша аударымдары  мәселелері бойынша нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ  олардың сақталуына қадағалауды  жүзеге асыру болып табылады.

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

 

          Департаменттің негізгі міндеттері: 

1) Ұлттық Банктің қызметін  құжаттамалық қамтамасыз етуді,  құжаттаудың және құжаттармен  жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін, электронды құжат айналымын, орындаушылық тәртіпті бақылауды, құжаттарды Ұлттық Банкте ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;

2) Ұлттық Банк Басқармасының,  Директорлар кеңесінің және басшылығының  қызметін, Басқарманың және Директорлар  кеңесінің қаулыларын ресімдеуді (тікелей шығуын) ұйымдастыру;

3) Ұлттық Банктің халықаралық  қаржы және экономикалық ұйымдарымен,  рейтингтік агенттіктермен, алыс және таяу шет елдердің банктерімен, мемлекетаралық интеграциялық ведомстволармен, Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік банктер мен ұйымдардың өкілдіктерімен, Ұлттық Банкке заемдар беру және халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу мәселелерін қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықтықтың түрлі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен ынтымақтастық саласындағы бірыңғай саясатын қамтамасыз ету;

4) Ұлттық Банк басшылығының  халықаралық және мемлекетішілік  келісімшарттарын хаттамалық және  ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді  жүзеге асыру;

5) Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара әрекет ету саласындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз ету, Ұлттық Банктің республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын ұйымдастыру және үйлестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мекемелерінің, шет елдердің орталық (ұлттық) банктерінің баспасөз қызметтерімен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтерімен ынтымақтастық орнату және ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

6) Ұлттық Банктің ресми  басылымдарын шығаруды қамтамасыз  ету жөніндегі ұйымдастырушылық  және техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

7) Ұлттық Банк мұражайының  және кітапханасының жұмысын  ұйымдастыру. 

Қаржы тұрақтылығы басқармасы

             Басқарманың негізгі міндеттері:            

1) қаржы тұрақтылығы  бойынша жұмысты ақпаратпен қамтамасыз  ету;           

2) қаржы тұрақтылығы  және қаржы жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз ететін факторларды  талдау үшін тәуекелдерді бағалау методологиясы саласында зерттеулер жүргізу;           

3) қаржы тұрақтылығы  үшін тәуекелдерді реттеу шараларының  тиімділігін бағалау;           

4) Қазақстанның қаржы  тұрақтылығы туралы есепті дайындауды  ұйымдық және методологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

Операция басқармасы

          Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Ұлттық Банкінің  әкімшілік-шаруашылық іс-әрекетімен  байланысты өткізілген операциялары  бойынша дұрыс, уақтылы және  толық есебін қамтамасыз ету;

2) Ұлттық Банкі негізделіп отырған бухгалтерлік есеп әдістері мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, бөлімшелердің өткізген есептік, кассалық және басқа операциялардың уақтылы және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету;

3) Ұлттық Банкінің  бухгалтерлік есеп шоттар жоспарына сәйкес монетарлық емес қызметі бойынша операцияларын баланстық және баланстан тыс шоттарында дұрыс және анық көрсетуін қамтамасыз ету.

Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы

         Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының негізгі міндеттері:

1) төлем жүйелерінің  жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің операциялық күнін басқаруды жүзеге асыру;

2)  Ұлттық Банктің жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банкі функцияларын жүзеге асыруы мақсатында қажетті іс-шараларды орындау;

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің – Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі алатын орны