Қазақстан Республикасындағы

Автор: b**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 15:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық және инфляция.doc

— 186.50 Кб (Скачать)

     Экономиканың  құлдырауы кезінде сұранысты  ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың діңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы 3 топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жіне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталадыру, 80 – 90 жылдары көптеген елдердің тіжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығыныңұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

     Екінші  бағыттың авторлары экономикада  пайда болған кемшіліктерді ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.

     Инфляциға қарсы саясаттың формалары мен  әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерімен, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетүінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістерімен әсер етеді/,15-16б/.

     Ақша  айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша- несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.

     Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алыбақ. “Монополисттік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады.

     Индустрия және сауда министірлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.

     Көптеген  монополисттер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.

     Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді/1,5б/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 
 

     Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.

     Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.

     Біздің  елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары  – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады

Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.

        Қазіргі кезде біздің елде  қаржы саясаты тұрақтанды деп  айтуға     болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.

Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 

  1. Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика ,А -2003-Экономика баспасы
  2. Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003
  3. Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2002
  4. Фишер С. Макроэкономика, М.-1997;ИНФРА
  5. Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари,№2.2007
  6. Б.Жақашев Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы, АльПари,№2.2007
  7. А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56).2006
  8. Статистический ежегодник.2006
  9. Қазақстан Республикасының 12-ші қаңтардан статистикалық агентігінін мәліметтері, www.zakon.kz, www.stat.kz
  10. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері, -Алматы.2001

     11.   www.kzref.at.ua

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы