Қазақстан Республикасындағы

Автор: b**********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 15:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық және инфляция.doc

— 186.50 Кб (Скачать)
  2007 жылдың қазанына 2007 жылдың 

қантар -қазанына

2006 жылдың қаңтар-қазанына

2007 ж қыркүйегіне 2006ж желтоқсанына 2006 ж

қазанына

Бралық  тауарлар мен қызметтер 4,4 13,4 15,3 9,2
Азық  түлік тауарлары 6,5 18,6 21,2 9,5
Азық  түлік емес тауарлар 2,5 7,3 8,4 7,3
Ақылы қызметтер 4,2 11,9 13,3 11,0
 

1-есте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/. 
 
 
 

     1.2 Филлипстің қисық сызығы 

     Инфляция  жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың  2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.  Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

     Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат  өсінде тауар бағаларының өсу  қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық  өсі параметрлердің көрінісі.

 

Егер  үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

     Экономикалық  реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

     Бұлардың  ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру  міселесін бөліп көрсеті керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.

     Мұндай  өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.

     Филлипстің  қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.

     Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық  әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.

     Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті .

     ИНФЛЯЦИЯ  МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АРАҚАТЫНАСЫ 

      Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен  байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында(қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарыла- тады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

     Экономикалық  өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін  белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.

     Инфляция  өсу қарқыны пайызбен өлшенетін  белгілі-бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.

Нарықтық  жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық  туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен ету мүмкін емес.

Жалақы  туралы келіссөз, шын мәнінде, жұмыс алушылар мен жұмыс беру- шілер арасындағы талас: жұмыс алушылар жалақыны көтеруге, ал жұмыс берушілер әрбір өнімнің жалақы сыйымдылығына және өнім өтімділігіне қарай бағаны өсіруге ұмтылады. Осы екі талап инфляция қарқынына негативті әсер етпеу үшін, екі жақтың бөлу мәселесін шешуде тепе-теңдік құратын механизм керек. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту жағдайы осы мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесуі мүмкін, егер де жұмыс берушілер мен фирма талаптарын бір-біріне сәйкес келтіруге мүмкіншіліктер болса. Мысалы, экономика өсуінің қарқыны төмендегенде (рецессия кезінде) жалақы туралы кәсіподақ талаптары да төмендейді. Фирма да еңбек нарығындағы осы жағдаймен санасып, өнімді сату нарығындағы өзін осыған сәйкес ұстайды.

Осыны ескеріп, екі жақ талабын үйлестіргенде, инфляция қарқынын өзгертпей қалдыратын белгілі бір жұмыссыздық деңгейі бар екенін болжауға болады. Бұл тепе-теңдік жұмыссыздық не тұрақты инфляция жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі болып келеді. Оны NAIRU(Non - Accelerating Inflation Rate of Unemployment ) - инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздық деп атайды; жұмыссыздықтың бұл деңгейінде бөлу туралы екі жақ арасындағы талаптар тепе-теңдікке жетеді.

      Егер  екеуінің біреуі, не екеуі де өз бетімен әлеуметтік өнімге қоятын талабын жоғарылатса, онда тепе- теңдік жұмыссыздығын өсіруге әкеледі. Ал егер бұл жағдайда инфляция қарқынын тұрақты қалдырамыз десе, онда бөлу үшін күрес жоғары жұмыссыздыққа әкеледі. Мысалы, кәсіподақ жұмысшылар үшін жоғары жалақы талап етеді; ал инфляция қарқынын тұрақты деңгейде сақтап қалу үшін кәсіпкер өз үлесінен айырылуы керек. Өмірде мұндай жағдайды кездестіру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.

      Жалақы деңгейіне көп фактор әсер етеді. Осыдан жалақы емес, оған қоятын талап детерминаттары жұмыссыздық себебі ретінде қаралу керек. Мысалы, кәсіп- одақтың ереуілге дайындық өжеттілігі; 1974 және 1979 жылдары Батыс елдерінде

      шикізаттарға  деген күрт баға өсуі нәтижесінде  өнімділік өсімі баяулады, ал бұл оқиға NAIRU көтерілуіне әсер етті. Инфляцияның тұрақты өсуін сақтап қалу үшін, жалақыны төмендету керек болды, өйткені шығарылған өнім бір бөлігі ел ішінде бөлінбей, шикізатты шығаратын шетелдерге бағытталды; жалақы ел ішінде қалыптасатынына байланысты инфляция қарқынын, тек жоғары жұмыс- сыздық арқылы, тұрақты жасауға болды.Жұмыссыздық себептерн талдауда келісім, тиімді жалақы, инсайдер теорияларының маңызы зор. Мысалы, жұмыстан босаудың белгілі ықтималдығын алдын-ала ескеріп, жалақыны тұрақты өсірсе – бұл ұтымды іс болар еді. Мүмкін осы себеппен адамдар кейде жалақысы жоғары жұмыс орнын іздегеннен гөрі, қысқа мерзімді жұмыссыздықты артық көреді. Дегенмен, барлығы бір жұмыссыздық себебін табу қиын. Тиімді жалақы теориясы, ұзаққа созылған жұмыссыздық қызметкердің ұтымды шешімімен қалайша келісетінін, көрсетеді. Бірақ осыдан жұмыссыздық қызметкерлерді тәртіпке келтіреді деген қорытынды жасауға болмайды, өйткені қысымды әлсіздіретін басқа құралдар бар екенін ұмытпау керек/2,153-154бб/.

      Жалақы  деңгейін және күтілген инфляцияны анықтау.

      Жалақы  деңгейін анықтауда фирмалар мен  жұмысшылар еңбек нарығының жағдайын ескереді. Өндіріс және жұмыспен қамтылу деңгейі төмен болған жағдайда, жалақы мөлшері өспейді тіпті төмендеуі мүмкін. Жалақыға байланысты Филлипс қисығы , жалақы мөлшерінін жоғарылауынан пайда болған инфляция мен өнім шығару көлемінін арта қалуының арасындағы байланысты береді. Егер жалақы мөлшерінің жоғарылауынан пайда болған инфляция қарқыны

      мынадай түрде берілсе, , ал жалақыға байланысты Филлипс қисығының формуласы :

      

(3)

      Фридман және Фелпс жалақыға  арналған Филлипс  қисығынын бір заттай кемшілігіне  назар аударды.  (3) теңдік түрінде көрініс тапқан: ол күтілген инфляцияның жалақы қойылымына деген әсерін ескермейді. Жұмысшылар номиналды (ақшалай бірлікте) жалақыға қарағанда, нақты (олар сатып алалатын тауар көлемі) жалақы мөлшеріне қызушылық танытады.

      Нақты жалақы мөлшерімен алаңдаушы жұмысшылар номиналды жалақының , ол белгіленген мерзім мен берілу мерзімінін арасында күтілетін инфляцияны ескеру керектігін қалайтыны түсінікті. Бақа сөзбен айтқанда, жұмыспен қамтылу деңгейінін жалақы мөлшері жайлы келісім сөзге әсеріне қарамастан, жұмысшылар күтілетін инфляцияның өтелуін қалайды.

      Ал  екінші жақ ше? Неліктен фирмалар жоғарғы  бағаларды күтіп отырғанда да, жалақыны жоғарылатуға келіседі. Өйткені, егерде олар өзінің тауарларын жоғарғы бағамен саталса, өздеріне жоғарғы номиналды жалақыны төлеуге рұқсат ете алады. Негізінен, жалақы мен бағалар бірдей қарқынмен жоғарылағанда, фирмалар мен жұмысшылар инфляция болмағанда және тұрақты нақты жалақы болғанда бірдей жағдайға ие болады.

        Егер инфляция күтілген болса, онда Филлипс қисығы мынадай болады: (4) 

      мұндағы, - күтілген инфляция қарқыны.  Бұл күтумен толықтырылған жалақыға арналған Филлипс қисығы, дәлірек айтқанда  күтілген инфляцияны ескерген алғашқы Филлипс қисығы/4,500-501бб/.

      Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмыссыздық пен инфляция қарқыны арасындағы арақатынас өзгеруде. Уақыт өткен сайын инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі бір бағытта – төмендеуге - өзгергенін көруге болады. Бірақ қаншалықты сапалы түрде инфляцияны “жүгендеуге” әрекеттер жасалғаны туралы бір жақты айту қиын/2,155б /. 

     2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 
 

     Ифляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі  бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.

     Инфляциялық артық сраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцины тежеудің қоғамдық бағасы.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы