Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 14:09, контрольная работа
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Кіріспе
1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.............................................................................................................5-7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық үдерісті тежеу.....................................................................................................12-16
2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары.........17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау..........................................23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі................................................................................................................26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Алайда, несиелердің өсу шамасы мен қарқындары нақты экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр. Нақты, айтқанда, бөлінген осы несиелердің көлемі, әсіресе қазір ЖІӨ-нің 10,2 пайызын құрайтын орта және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 3-4 есе артып, ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауы керек.
Мақсатқа жеру механизмдерінің
бірі – акционерлік
Банк активтерінің жедел өсіп
отыруына қарамай,
Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің капитализациялау деңгейінің төмен болу себептері тұрғындар мен кәсіпкерлердің банктерге сенімнің жоғары болмауына және банктердің шектеулі даму стратегиясына әкеп тіреледі,. Шынында да, қол жеткен жалпы жинақтаулардың көрсеткіші шамамен ЖІӨ-нің 25 пайызы, ЖІӨ-дегі банктік депозиттердің үлесі бар болғаны 16 пайызы құрады. Оның үстіне мерзімді салымдардың құрылымында бір жылға дейін салынған депозиттер басым болып отыр, олардың да мерзімнен бұрын алынып қояр қаупі жоғары, соның нәтижесінде банктердің ірі жеке қаражаты мен ұзақ мерзімді қаражаты болмай отыр. Депозиттер мен несиелер бойынша банктік пайыздық мөлшерлемелер клиенттердің банк жүйесіне жасалатын салымдарының артуын көздемейді. Мерзімді салымдар бойынша банктің сыйақысы заңды тұлғалар үшін 5 пайыз, яғни әлі де жағымсыз, ал жеке тұлғалар үшін шамамен 11 пайыз, несие бойынша сыйақылар-заңды тұлғалар үшін 14-17 пайыз және жеке тұлғалар үшін 21-26 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмасы көп.
Бірақ, мәселе тек осыған ғана тіреліп тұрған жоқ. Ең бастысы- өңдеу кәсіпорындары саласындағы табыс нормасы 4-6 пайыздан да төмен болған кезде, несиелер үшін төленетін сыйақының мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін 16-18 пайыз, ал жеке тұлғалар үшін 25 пайыз болды. Төрт жыл ішінде ақшаға деген ұсыныс 5 есе артты, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі үнемі төмендеп, бүгін 7,5 пайызды құрап отыр,ал, инфляция 6-8 пайыз төңірегінде болып отыр. Бұған қарағанда шағын және орта бизнестегі несиелік тәуекел деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін деген қауіп барын білуге болады.
Несиелер үшін пайыздық
Сөйтіп, тәуекелшіліктітек шағын және орта бизнес кәсіпорындары ғана емес, кәсіпорындар үшін банктер де туғызады. Жүйенің негізін құрайтын 4-5 банкті есептемегенде, банк жүиесіндегі менеджмент өзінің жоғары деңгейімен ерекшелене қоймайды. Сондықтан, шағын және орта бизнес өкілдеріне де банктерге үндеу жариялауға болатын еді. Бірақ, жалпы алғанда, бір жақтан банктер, екінші жақтан шағын және орта бизнес бір-біріне лайықты стратегиялық әріптестер болуы керек.
Сондықтан, банктер
Өкінішке қарай, бұл адамдар ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық даму жолдарын жасауға, Қазақстанның экономикалық моделін қалыптастыруға қатыспайды. Әзірге біздің жаңа мүмкіндіктеріміз осы мәселені шешу үшін тіпті де қолданылмайды.
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері
бойынша 2000 жылдың басында республикада
екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның
ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық
капиталының 100 пайызы республика үкіметінің
қатысуымен құрылған банктер, Республикада
шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған.
Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен
44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір
банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер
бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті,
оның 14 облыстық басқармасы мен алматы
қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық
банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу
жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық
мемелекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық
қор биржасы» ЖАҚ; «бағалы қағаздар Орталық
депозитарийі» ЖАҚ; « кіші кәсіпкерлікті
дамыту қоры » ЖАҚ; «Қауымдастықтарды
несиелеудің қазақстандық қоры» Қоғамдық
қор; «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау
қоры» ЖАҚ; «Ақмола қоры» ЖАҚ; «Кәсіпорындарды
қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі
агенттігі» ААҚ; « шағын несие» Қоғамдық
қор: және т.б.
2.3.
Ұлттық банкінің сыртқы
экономиикалық қызметі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің
құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді
жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және
халықаралық банктік тәжірибеде қолданып
жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен
кез келген операцияларды Ұлттық банкінің
жүзеге асыруға құқығы бар.
Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) 1997 жылы Stan-by (1994-1995) несиесі бойынша негізгі қарызды жабу басталды (74,25 млн АҚШ доллары). Негізгі қарызды жабу тоқсан сайын 1,5 млрд АҚШ доллары төлеу арқылы жүзеге асырылады.
1996 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қоры несиелік бағдарламасы бойынша (Extended Fund Facility-EFF) келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға арналған барлық мақсатты жоспарларын іске асырды./10/
Халықаралық реконструкциялық және дамыту банкі, қаржы секторын дамыту үшін 1995 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 37,6 млн. АҚШ долларын несиеге берді. Бұл Халықаралық реконструкциялық даму банкісінен Қазақстан Республикасының LN №3867 KZ келісіміне сәйкес берілген болатын (31 шілде, 1995 ж).
Займ 4 компоненттен : -коммерциялық банктерді дамыту – 12 млн. АҚШ доллары
-жергілікті банктік бақылау институттарын ұйымдастыру – 1 млн. АҚШ доллары -ұзақ мерзімді төлем жүйесі – 23,8 млн. АҚШ доллары
-жобаларды жүзеге асыру үшін көмек - 0,8 млн. АҚШ доллары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі аталған мәселелердің
толық орындалуына жауап
Сыйақы ставкасын Халықаралық реконструкциялық дамыту банкі жылына екі рет белгілейді. Сыйақы жылына екі рет төленеді. 12 қаңтар және 12 шілдеде, 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрады, ал 15.07.97.-1.01.98. уақыт аралығында ставка 6,54 %-ға төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25 % болды. Пайдаланылмаған қаражат бөлігі жылына 2 рет төленеді: 12 қаңтар және 12 шілде.
Займ 17 жылға беріледі және алғашқы бес жылда қарыздың негізгі бөлігін төлеу басталмайды. Қарызды төлеу 2001 жылдың 12 қаңтарында басталды және 2012 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Жыл сайынғы қарыз бөлігі – 1,6 млн. АҚШ долларын құрады.
1996 жылдың мамыр айының аяғына қарай Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі «техникалық көмек жобасы» бойынша Қазастан Республикасы Ұлттық банкіне 10,85 млн. АҚШ доллары несиеге берді.
Займ келесі компоненттерден тұрады:
-коммерциялық банктердің диагностикасы – 2,6 млн АҚШ доллары
-жергілікті банктерді бақылау институттарын құру- 1 млн АҚШ доллары
-төлем жүйесі- 0,95 млн АҚШ доллары
-банктік заңнамалы реформациялау – 0,5 млн АҚШ доллары
-компьютерлер мен құралдар сатып алу- 5,8 млн АҚШ доллары
Қазақстан Ұллтық банкі аталған кұралдарды пайдаланушы және оның толық орындалуына жауап береді. (ҚР-ның Қаржы министрлігінің алдында).
Бұл несие бойынша сыйақы жылына екі рет төленеді: 12 наурыз және 12 қыркүйек. 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрайды, ал 15.07.97. және 1.01.98. уақыт аралығында бұл көрсеткіш 6,54 %-ға дейін төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25%-ды құрады. 1999 жылдың он екінші наурызында басталған қарыз төлеу 2010 жылдың 12 қыркүйегінде аяқталады.
LN №4051 KZ займның шарттарына сәйкес 1996 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Қаржы секторыны құрылымының» қаржылық агенті болып табылады.
1997 жылдың 3-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы 90 млн. АҚШ долларына тең екінші транш алды.
1997 жылдың 25 ақпанында
Қазақстан Ұлттық банкі
Мемлекетаралық
Мемлекетаралық
Мемлекетарлық Банк 1997 жылдың 28 наурызында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Мемлекетаралық Банктердің қызметтері туралы баяндалды.
1996 жылдың 16-17 шілдесінде Ресей Орталық Банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында несие ұйымдарына бақылау жасауға байланысты келісімге қол қойылды. Мұнда екі банк қаржылық ақпарат пен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жұмыс жасайды.
1997 жылдың қазан айында Украинаның Ұлттық банкімен Қазақстан Ұлттық банкі арасында банкаралық есепті ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан Ұлттық банкінің
өкілдері Халықаралық реконструкциялық
даму банкінің жылдық отырысының делегациясының
құрамына енді(Гонконг, 20-25 қыркүйек) және
Орталық банк өкілдерінің кездесуіне
қатысты (6-7 қыркүйек, 1997 ж., Стамбул). Стамбулдағы
кездесуде қатысушылар іскерлік тәжірибелермен
алмасты. Мұнда банк жүйесін дамыту, ақша-несие
саясаты мен банктік бақылауды ұйымдастыруға
және қаржы секторын либерализациялауға
байланысты ақпараттармен алмасты.