Ақшаның қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбаста алатын қасиеті, оның айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Негізгі бөлім.........................................................................................................
І тарау. Ақшаның шығу тегі............................................................................
1.1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі.................................................
1.2. Ақшаның даму тарихы...................................................................................
ІІ тарау. Ақшаның қажеттілігі..........................................................................
2.1. Ақшаның жалпы эквивалент ретіндегі түсінігі...........................................
2.2. Ақша – экономикалық категория..................................................................
2.3. Қазіргі заманға ақшаның түрлері..................................................................
2.4. Қазақстанның валютасы – Теңге...................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................

Работа содержит 1 файл

Ақшаның пайда болуы.doc

— 95.00 Кб (Скачать)

Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – (қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквиалентті білдіреді.

Ақша  – тарихи дамыған экономикалық категория (санат.). ол қоғам дамуының әрбәр  сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша негізінен есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім – шарт бойынша натуралды бөлінді.

Нарықтық  экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативтік, жеке) жұмыс  істейтін тауар өндірушілер өндіретін  және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, төрі бағасы тағайындалады.

Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өнрістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, ұлттық банктың ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және тағы басқалар жүргізіліп жатқан іс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.

Ақша  нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді  жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру  бағытында қолданылуда. [10] 

   
 
 
 
 

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі