Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: ақшаның пайда болуына, қызметтері мен маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақша жүйесінің және оның элементтерін, сонымен қатар ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы туралы ұғымдарының теориялық және практикалық негіздемесін беру және Қазақстан Республикасының ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық маңызын қарастыру;
- Ақша жүйесінің қызметтерін анықтау;
- Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасын зерттеу;
- Қазіргі кездегі теңгенің рөлін қарастыру.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... ....3
1 Ақшаның мәні және қызметтері......................................................................... ....5
1.1 Ақшаның пайда болуы және жаратылысы..........................................................5
1.2 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.................................8
1.3 Ақшаның қызметтері.............................................................................. ............11
2 Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.......................................................14
2.1 Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы...................................14
2.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері..................................................................17
3 Ақша табиғатының ерекшеліктері және теңгенің қазіргі жағдайы...................20
3.1 Қазақстан теңгесі туралы ...................................................................................20
3.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі..................................................22
Қорытынды.................................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................26

Работа содержит 1 файл

511 Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.doc

— 173.00 Кб (Скачать)

Құн белгілерінің алтынға  айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.

Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:

Елдің ішкі айналымында  алтын монеталар жүреді не ол ақшаның  барлық қызметтерін тақарады;

Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;

Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;

Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы –  еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік  сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол  ашты. Алтын  елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

Бірінші дүниежүзілік соғыс  бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны  жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің  сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан  айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір  шетел  валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

1929 – 1933 жж. әлемдік  экономикалық дағдарыс нәтижесінде  барлық мемлекеттерде әр кездегі  алтын монометаллизмнің барлық  формасы жойылды. 1944ж. Бреттон  – Вудсте құрылған Халықаралық  валюта несиесі еркін айырбасталатын  валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

Ақша жүйесі - бұл әрбір  елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен  заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.

 

 

2.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері

 

 

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның ішінде:

Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.

Ақша бірлігі-барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін ,заңмен бекітілген ақша белгісі.Сонымен қатар,ақша бірлігі – бұл ұлттық валюта атауын білдіретін және мемлекетпен белгіленген ақша белгісі болып саналады.

Ақша бірлігінің атауы  – теңге,доллар,рубль,,марка,фунт стерлинг,сом және тағы басқалары тарихи қалыптасқан.Мысалы, «рубль» сөзі «рубить» деген сөзден шыққан ,себебі ол күміс слитоктан кесіліп алынған және өзінің белгіленген салмағы «гривна» деп аталатын бөлікті білдіреді.Ал «доллар» - «талер» деп аталатын неміс тиынының атауынан шыққан,ал ол «иоахимсталер» деп аталатын Габсбургтер кезеңіндегі австро-венгриялық тиынның атауынан пайда болған,ал ол өз кезегінде Чехия еліндегі күміс өндіретін  жердің атауынан алынған.

Монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңда төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында борыштарды      өтеуге    заң       бойынша    міндетті    түрде қабылданатын ақша белгілері.:Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.Теңге  алтын немесе басқа құнды металдар арасында ресми ара қатынас белгілейді

         Ресейде ХVIII-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күмісқұймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, Ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген жоқ.

Қазақстанда, егемендік  алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.

Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда жоғарыда айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеттер Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тетігі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады..Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:

а) қолма-қол емес ақшаның  айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;

б) қолма-қол ақшаны айналымға  шығару және оны айналымнан шығарып  алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне  жүктелген (облыстық бөлімшелер мен  есеп кассалық орталықтары - РКЦ).

Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның, пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағынын тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен тұратын (1, 3, 5, сомдық). Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттері қиқым-сиқымға айналып барады.

Ақша мен несиені  реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін  реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т.с.с.

Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, Ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          3 Ақша табиғатының ерекшеліктері және теңгенің қазіргі жағдайы

 

3.1 Қазақстан теңгесі туралы

 

 

           Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі - ақша белгісін тұрақтандыру.

1992-1993 жж. егемен елдердің  бірсыпырасы өз ұлттық валютасын  енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік  банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

1992 жылдың бірінші  жартысында Қазақстан Республикасының  Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі  Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін (дизайн) дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда "Харрисон және ұлдары" атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта - 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге - дайындалып, Алматыға жеткізілген.

1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы" Жарлык шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

1993 ж. 15 қарашада сағат  8-де Қазақстан мемлекетінде үлттык  валюта - теңге - енгізілді,

1993 ж. 18 қарашадан бастап  теңге Қазақстан Республикасында  бірден-бір заңды төлем құралы  болып тағайындалды. Бір теңге  100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.

Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта - сом және теңге - айналымда қатар жүрді. Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір peт жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқығы болмады.

Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы  ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан  басшылары бір жарым жыл уақыт  өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде  стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген "жұмсақ" несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы  одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы - 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

1995 ж. орта кезінде  Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі  қаржы нарығына алғашқыда қазыналық  вексельдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 жылы Қазақстандағы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. мемлекеттің алтын  валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  және шетел инвесторларына басқаруға  беру сияқты инфляцияланбайтын  көздерден түскен 700 млн. доллармен  толықты. Бұл жылы теңге курсының  ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті [10; 23.].

1998 ж. Оңтүстік-Шығыс  Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік  бағалардың төмендеуі отандық  өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің  әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерді біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы (1997-1998 жж. аралығында өсу тенденциясы байқалған), қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі (кәсіпорындардың өзара қарызы 1,5 триллион теңгеден асқан) және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататынын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 жылдың күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж. сәуірінен Қазақстан  үкіметі теңгенің еркін өзгермелі  курсын енгізу туралы шешім  қабылдады. Ол жөнінде Премьер-министр  былай деген: "Бұдан былай доллар  бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал, Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады, Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келді. Ендігі жерде олай болмайды...

Информация о работе Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері